Жоңышқа қандаласы - AdelphocorislineolatusGoeze.(Hemiptera – жартылай қаттты қанаттылар немесе қандалалар отряды, Miridae - мирида тұқымдасы). Қандала денесінің ұзындығы 7-9 мм, ал түсі сары-жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны, бұршақты және т.б. дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырынын сорып, өсімдікке көп зиянын тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың (гүл қауызының) түсу құбылыстары байқалады.