Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Топырақ құнарлылығының және олардың көбеюінің агрохимиялық көрсеткіштері



бет95/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

6.Топырақ құнарлылығының және олардың көбеюінің агрохимиялық көрсеткіштері.
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физико-химиялық ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиеті. Топырақ құнарлылығы биоценоздың жалпы өнімділігі мен ауылшаруашылығы дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды. Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды.

Табиғи топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минералды және химиялық құрамына, микробиологиялық процестердің қарқындылығына тәуелді. 

Жасанды топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т.б.) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады. Топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, оның құнарлылығы артады. Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды да адамқолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғары өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықтың қосындысы – экономикалық немесе тиімділік құнарлылық деп аталады.

Топырақ құнарлылығының агрохимиялық көрсеткіштері-өсімдіктердің қоректену элементтері мен қамтамасыз ету қабілетін сипаттайтын қасиеттер кешені және оңтайлы қоректік режим.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет