Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Топырақ биотасы және оның қызметі. Топырақтың фитосанитарлық жағдайы



бет97/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

8.Топырақ биотасы және оның қызметі. Топырақтың фитосанитарлық жағдайы.

Топырақтың белсенді бөлігі – тірі организмдерді биота дейтін болсақ, топырақтағы тірі организмдердің тыныс-тіршілігін, қызметін олардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қатынасын зерттейтін бөлім- топырақ биотасы деп аталады. Жасыл жапырақты жоғарғы өсімдіктердің жерасты бөлігіндегі тамырлар, ризосфералар және топырақ жануарлары, балдырлары, саңырауқұлақтар, қыналар, бактериялар, актиномицеттер т.б. организмдер топырақ биотасын құрушылар болып табылады. Топырақ организмдерінің негізгі топтарын: топырақ макрофлорасы, микрофлорасы және топырақ микрофаунасы, макрофаунасы құрайды. Топырақ организмдерінің негізгі топтарын құрайтын топырақ макрафлорасына – өсімдік тамырлары, топырақ микрофлорасына балдырлар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, бактериялар және ультрамикроскопиялық формалар жатады. Ал, топырақ микрофаунасына сүтқоректілер және омыртқасыздар енеді. Қарапайымдылар – топырақ микрофаунасының негізгі өкілдері болып табылады. Табиғатта топырақтың түзілуіне және дамуына байланысты барлық негізгі процестерге, өсімдіктердің өсуіне және топырақ құнарлығына әсер ететін тірі организмнің алуан түрі молынан қоныс тепкен. Топырақтағы барлық табиғи әсерлер өзінің табиғаты жағынан тікелей немесе жанамалы түрде биохимиялық реакциялар болып табылады. 

Топырақтың фитосанитариялық жай - күйі-өсімдіктердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын арамшөптердің, фитопатогендердің, зиянкестердің, уытты заттардың, топырақ микрофлорасы мен ыдырау өнімдері мен көбеюдің тұқымдары мен вегетативтік органдарының құрамын көрсететін топырақ сипаттамасы.Топырақтың құнарлылығы едәуір дәрежеде топырақтың фитосанитариялық жай-күйімен, яғни топырақтың арамшөптерден, зиянкестерден, сондай-ақ өсімдіктерден, ризосфералық микрофлорадан және ыдырау өнімдерінен бөлінетін уытты заттардан тазалығымен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет