Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Өсімдік өміріндегі калийдің рөлі және оның өнімдегі құрамы



бет69/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

4. Өсімдік өміріндегі калийдің рөлі және оның өнімдегі құрамы

Калий өсімдіктер үшін өте қажетті үшінші элемент болып саналады. Топырақта калий келесі түрлерде болады:

•қарапайым тұздар (нитраттар, карбонаттар, сульфаттар және т.б.) - топырақ ерітіндісінің калийі;

•коллоидті бөлшектермен сіңірілген калий - алмаспалы және алмаспайтын калий;

•алғашқы және екіншілік минералдардың кристаллдық торында - минералдар калийі;

•органикалық қалдықтар калийі.

Топырақ ерітіндісіндегі калий - өсімдіктердің ең жеңіл пайдаланатын бөлігі.

Өсімдіктердің тамырлары алмаспалы калийге жеткенде ғана өсімдіктер оны пайдалана алады. Бірақ алмасу процесі өткеннен соң ғана алмаспалы калий тамырларға қарай жылжиды.

Алмаспайтын калийді де вегетациялық кезеңде өсімдіктер аздап пайдалана алатын болады.

Топырақтың ылғалдығы жоғарылаған сайын еритін калий мөлшері де, алмаспалы калийдің гидролизденуі және алмаспалы калийді екі валентті катиондардың ауыстыруы себебінен, өсе бастайды.

Қара топырақтар. Бұл топырақтар калийге бай болғандықтан, мұнда өсетін дәнді дақылдардың түсімділігі калий тыңайтқыштарынан көтерілмейді. Тамыржеміс, картоп, көкөніс сияқты дақылдар үшін көп ауыспалы егістерде калий қажеттілігі артады. Калий тыңайтқыштарының тиімділігі азот-фосфор тыңайтқыштарын жүйелі түрде қолданғанда биіктейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет