5. Калий тыңайтқыштарының топырақпен әрекеттесуі
Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді. Топыраққа еңгізілгенде олардың құрамындағы калий ионы топырақтың коллиодты бөлшектерімен физикалық-химиялық жолмен және алмаспайтын түрде сіңіріледі. Калий тыңайтқыштарының ионның алмаспайтын күйге ауысуы шамамен бір тәулікте аяқталады. Топырақтың сіңіру сыйымдылығының орта есеппен төрттен бірін алмаспалы калий құрайды. Калий катионының физикалық-химия- лық жолмен сіңірілуі қайтымды реакция қатарына жатады:
(Т.С.К)Ca + 2КСI
|
→
|
← (Т.С.К)2K + СаСI
|
|
2
|
Са
|
Са
|
→
(Т.С.К)2Mg + 2КСI ← (Т.С.К)2К + MgСI2 Mg
Мұнда калий катионы топырақтың сіңіру комплексіндегі басқа катиондарды эквивалентті мөлшерде топырақ ерітіндісіне ығыстырады. Калий тыңайтқыштарының құрамындағы қоспа түрінде кездесетін катиондар да (мысалы натрий) физика-химиялық жолмен сіңіріледі. Топырақтың минералогиялық құрамы мен тыңайтқыштардың мөлшеріне байланысты калийдің 14-82% алмаспайтын күйге ауысады. Егер топырақта монтмориллонит, гидрослюда типтес минералдар көп болса, алмаспайтын калий мөлшері көбейеді. Iрі кристалды немесе түйіршікті калий тыңайтқыштарының калий катиондарының топырақта алмаспайтын күйге ауысуы төмен болады. Сонымен бірге тыңайтқышты жоғары мөлшерде еңгізу, алмаспайтын калий шамасының жоғарылауына ықпал етеді. Ал барлық калий тыңайтқыштарының катиондарының алмаспайтын күйге ауысуы бірдей. Қарашіріндісі жоғары топыраққа еңгізілген калий тыңайтқыштарының алмаспайтын түрге көшуі баяу жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |