1 - жүргізуші: 16 желтоқсан бұл – ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан, әрі жарқын, әрі қаралы күн еді.
2 - жүргізуші: Бұл қасіретті күн – Қайрат, Қайыргелді, Сәбира, Түгелбай, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
1 - жүргізуші: Тарихта «Құйын-86» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды.
Достарыңызбен бөлісу: |