1: Құрметті қонақтар,
2:ұстаздар және оқушылар !
Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар. Олай болса, біз кеш барысында сіздерді «Тәуелсіздік шежіресімен» таныстыра отырғанды да жөн көрдік.
1990 жылы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың егемендігі туралы Декларация қабылдады.
1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. 1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды. 1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданып, Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша, әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. 1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды. - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.
1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» заңдар күшіне енді
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті.
1997 жылдың 10 желтоқсанынан Ақмола қаласы ресми түрде астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы - астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты. 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды.
2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев.
2017 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігіне – 26 жыл толып отыр!
1 жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
2 жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын – дей келе, енді тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған мерекелік концертімізді тамашалауға шақырамыз.