1 - жүргізуші: Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылға дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы қыс айының атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.
«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.
2-жүргізуші: Себебі, бұл әндер, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Елім-ай» секілді, әлдеқашан «Желтоқсан оқиғасының» халық арасындағы әнұранына айналып кетті. Сонда да, ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ.
Достарыңызбен бөлісу: |