«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет6/7
Дата17.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#42743
1   2   3   4   5   6   7

Грамматикалық тақырып.

ТУЫНДЫ СӨЗДЕР
Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар:

  1. шы, - ші: бағдарламашы, күзетші

  2. шылық, -шілік: адамшылық, малшылдық

  3. лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас, бауырлас

  4. лақ, -лек, -дық, -дік, -тық, -тік: орындық, түндік

  5. хана: асхана, дәріхана


Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:

  1. -м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім.

  2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе.

  3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы.

  4. -с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс.

  5. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік.

  6. -ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш.

  7. -н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін.

  8. -у: сабау, жамау, көсеу.

  9. -ынды, -інді: шайынды, үйінді.

10.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш.

  1. -уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш.

  2. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұңқыр.


Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:

  1. лы, -лі, -ды, -ді: таулы, күшті

  2. дай, дей, -тай, -тей: қыздай, сүттей

  3. лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: компьютерлік, инженерлік

  4. сыз, -сіз: сусыз, бұлтсыз

  5. қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы, қысқы


1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш,

-шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз.

Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз, сату, бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста.


2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Физикалық құрылғылар, сызбалық бейімдеуіш, сандық ақпарат, арифметикалық амалдар, орталық пошта, электрондық пошта, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, стратегиялық шешім, жүйелік қорап, аналық тақшаға, оперативті жады, ақпараттық технологиялар, жергілікті өнімдер, білікті мамандар, өмірлік тәжірибе, бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар, құрамдас бөліктер.

* * *

Назар аудараңыз.

1876 жылы Александр Грейам Белл телефон ойлап тапты.



Алғашқы телевизиялық картиналарды 1924 жылы Джон Лоджи Бэйрд құрған, дегенмен тиімдірек электрондық жүйе Би-би-Сидің 1960 жылы алғаш рет телевизияның шығуы үшін қолданылды.


1940 жылы Иоганн Гутенборг сөздерді қағазға түсіру үшін ыңғайластыра орналастырылған әріптерді қолдана отырып, қағаз беттеріне із қалдыратын бұрандалы пресс ойлап тапты. Баспа пайда болғаннан бастап, кітаптар арзандатылды. Сонымен қатар дұрыс жазу мен тыныс белгілерінің стандарттары шықты.
№14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Практикалық сабақ №15

Жалғаулардың түрлері.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру.


Әдістемелік нұсқау
Психологиялық мамандықтың жалпы сипаттамасы (мамандық бойынша мәтін)

Кәсіби білім беру психологиясы педагогикалық психологияның саласы ретінде кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмін, мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді.



«Кәсіби білім беру» ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби-техникалық, арнайы және жоғары білім беру мекемелерінде алынады. Кәсіби білім алу нақты мамандық бойынша белгілі білім алу және қалыптастырумен байланысты.

  • Кәсіби білім беруді ұйымдастыру бірнеше принциптерден тұрады:

  • Кәсіби білім берудің қазіргі әлемдік тенденциядағы арнайы білім берумен сәйкестігі принципі;

  • Кәсіби білім берудің беріктігі принципі әлем туралы түсініктерді қалыптастырудағы психологиялық процестерді (Е.А.Климов) жүйелі білім алу мәселесімен байланыстыруды талап етеді.

  • Кәсіби білім берудің жекелену принципі сол кәсіпке сәйкес кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осы аталғандардан кәсіби білім беру психологиясының пәндік аймағы туындайды:

  • Кәсіби білім беру жүйесінде жеке тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін зерттеу;

  • Кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде адамның өмірлік және кәсіби жолын зерттеу;

  • Кәсіби оқыту және кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу;

  • Кәсіби іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу.

  • Кәсіби білім беру психологиясы әдістері

  1. Бақылау

  2. Эксперимент

  3. Анкета

  4. Қызмет нәтижесін зерттеу

  5. Профессиография

Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады, немесе нақты еңбек процесі, оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады (техникалық, санитарлық-гигиеналық, технологиялық, психологиялық, психофизиологиялық, сондай-ақ мамандық психограммасы құрылады. Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әрекетті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық «портреті».

  • Кәсіби білім беру психологиясының зерттеу бағыттары:

  • мамандықты психологиялық аспектіде зерттеу және «профессиограмма» құру;

  • кәсіби іскерлік пен кәсіби білім беру процесінде дағдының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу;

  • кәсіби іскерлікті жетілдіру мен қабілеттілікті дамыту проблемаларының кәсіби іскерлікті жетілдіру мен кәсіби қабілеттілікті дамытуға (сенсорлық, интеллектуалдық, моторлық) әсері проблемалары;

  • кәсіби оқытудың психологиялық проблемаларын теориялық өңдеу.

    • Кәсіби білім берудің психологиялық мәселелерінің даму тарихы 3 (үш) кезеңнен тұрады:

І- кезең. «Психотехникалық» - ХХ ғасырдағы 20-30 жылдар. Алғашқы рет кәсіби білім беру психологиясы туралы мәселелер 20-жылдары психотехника шеңберінде еңбек туралы ғылым ретінде туындаған.

ІІ-кезең. ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50-жылдардың ортасына дейін.

Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған мамандарды даярлауда әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемалардың бірі еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру, оларды жаңа жағдайда қайта құру, кәсіби-қабілеттілік процесін қалыптастыру, кәсіби білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау.



ІІІ- кезең. ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық психологияда іс-әрекет парадигмасының одан әрі дамуы білім мен іскерлікті қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкелді (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин зерттеулері). 60-жылдардағы кибернетика, бағдарламалық оқыту идеяларының дамуы ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасу теориясының негізінде (П.Я.Гальперин) бағдарламалық оқытудың негізін қалауға әкелді.

80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке тұлғаны зерттеу контексінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның ерекшелігі (психофизиологиялық ерекшеліктерден айырмашылығы) кәсіби іс-әрекеттің жетістігінің және сенімділігінің факторы бола алады.



2. Мамандық – белгілі даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі, тіршілік көзі болып табылады.

Мамандық – белгілі адамға тиесілі білім, іскерлік және дағды жүйесі ретінде де сипатталады.

Мамандықты суреттеудің жалпы схемасы 4 аспектіні қамтиды:

1.әлеуметтік-экономикалық (мамандықтың қысқаша тарихы, оның халық шаруашылығы жүйесіндегі орны, мамандарды даярлау туралы мәлімет, перспективасы, еңбек жалақысы, мамандықтың мәртебесі);

2.өндірістік-техникалық (технологиялық процесс, объект, еңбек құралы, жұмыс орны, еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер);

3.санитарлық-гигиеналық (климат жағдайлары туралы мәлімет, жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар, еңбек режимі мен ритмі, медицинаға кері көрсеткіштер);

4.психофизикалық (мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне қоятын талабы).



  • Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі (А.Н.Леонтьев бойынша):

    • биономикалық (табиғат);

    • техномикалық (техника);

    • сигномикалық (белгілер);

    • артономикалық (көркемдік бейнелер);

    • социономикалық (адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы).

  • Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы:

  1. «Адам – Табиғат» (агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог, биолог...);

  2. «Адам – Техника» (слесарь, техник-механик, техник-технолог, инженер-электрик, электрослесарь);

  3. «Адам - Белгі» (программист, математик, картограф, т.б.);

  4. «Адам - Көркемдік бейне» (суретші, балет артисі, актер, архитектор, скульптор, журналист);

  5. «Адам – Адам» (дәрігер, мұғалім, әлеуметтік қызметкер, сатушы, шаштараз т.б.).

  • «Адам-Табиғат» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған қиял, көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі, байқағыштық, өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті; маман шыдамды, табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір, кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да, т.б.

  • «Адам–Техника» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қозғалыстың жақсы координациясы (үйлесімділігі), нақты көру, есту, вибрациялық және кинестезиялық қабылдау, дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял; зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы, байқағыштық.

  • «Адам–Белгі жүйесі» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы оперативті және механикалық ес; зейінді ұзақ уақыт шоғырландыру қабілеті; зейінді бөлу және ауыстыру, қабылдаудың нақтылығы, шартты белгілер астарын көре білу іскерлігі, ынталылық, шыдамдылық; логикалық ойлау.

  • «Адам-Көркемдік бейне» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: көркемдік қабілеттер; көру есі, дамыған көре отырып қабылдау, көрнекі-образдық ойлау; шығармашылық ойлау; шығармашылық қиял: адамға эмоционалды әсер етудің психологиялық заңдары туралы білім.

  • «Адам-Адам» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қарым-қатынасқа ұмтылыс; танымайтын адамдармен контактіге жеңіл түсу іскерлігі, адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жақсы сезіну; жақсылық тілеуші, елгезек; шыдамдылық; эмоциясын тежей алу шеберлігі; адамдардың және өзінің мінез-құлқын саралау қабілеттілігі, басқа адамдардың ой-ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну, кикілжіңді шеше білу іскерлігі, ойша өзін басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі; басқа адамды тыңдай алу, оның ой-пікірімен санасу іскерлігі; сөз, мимика, жестті (ым-ишара) орынды қолдану, әр түрлі адамдардың тілін табу; адамдарды сендіре білу; жинақылық, тиянақтылық, дәлдік, нақтылық, адамдар психологиясы туралы білім.

  • «Адам-Адам» мамандығы топтарына сипаттама

  1. Басқару, оқыту, тәрбиелеу іскерлігі «адамдардың әр түрлі қажеттілігін қанағаттандырудағы пайдалы іс-әрекеттермен шұғылдану».

  2. Тыңдай алу іскерлігі.

  3. Кең ауқымды білім .

  4. Сөйлеу (коммуникативтік) мәдениеті .

  5. Ақылдың бағыттылығы, басқалардың орнына өзін қоя білу (децентрация), оның ішкі әлемін сезіну (эмпатия), өзінің ойын біреудікі ретінде қабылдамау іскерлігі.

  6. Адамның деңгейі бұдан да жоғары болады деген сенімге негізделген бағыт.

  7. Байқағыштық.

  8. Халыққа қызмет етудің дұрыстығы жөніндегі терең де оптимистік сенімі.

  9. Стандарт емес жағдаяттарды шешу.

  10. Өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғарылығы.

  11. Төзімділік іскерлігі.

    • Кәсіпті (мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторлар (Е.А.Климов бойынша):

  1. ересектер, отбасы көзқарасы;

  2. құрбылардың көзқарастары;

  3. мектептегі педагогикалық ұжым көзқарастары;

  4. жеке кәсіби және өмірлік жоспарлар;

  5. қабілеттіліктер мен олардың көрінісі;

  6. қоғамдық мойындауға талаптану;

  7. кәсіби әрекет туралы мағлұматтану;

  8. бейімділік.

    • Психологтар бойынша мамандықты таңдаудағы негізгі факторлар

Субъективті факторлар:

      • қызығушылықтар (танымдық, кәсіби, мамандыққа қызығушылық, бейімділік);

      • қабілеттіліктер (белгілі іс-әрекетте жетістікке жетуге қажет психологиялық механизмдер);

      • темперамент;

      • мінез.

Объективті факторлар:

  • даярлық деңгейі (үлгерімі);

  • денсаулық жағдайы;

  • мамандық әлемі туралы ақпарат алу.

Әлеуметтік мінездеме

  • әлеуметтік орта;

  • үй-тұрмыс жағдайы;

  • ата-анасының білім деңгейі.

Д. Сьюпери бойынша кәсіби жол кезеңдері: зерттеушіні индивидтің бейімділігі мен қабілетін анықтау, кәсіби «Мен» концепциясын белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған.

  • І - даму кезеңі (туғаннан 14 жасқа дейін). Балалық шақта «Мен» – концепциясы дами бастайды. Балалар ойын кезінде өздеріне не ұнайды, неменеге икемді екендіктерін әр түрлі рөлдерді ойнай отырып анықтайды. Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін қызығушылықтар байқалады.

  • ІІ - зерттеу кезеңі (15 жастан 24 жасқа дейін). Қыздар мен бозбалалар өз қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, қабілетін, құндылықтары мен мүмкіндіктерін анықтап, түсінуге ұмтылады. Осындай өзіндік саралауды негізге ала отырып олар кәсіби карьераның мүмкін варианттарын қарастырады.

  • ІІІ- карьераны жеңілдету кезеңі (25 жастан 44 жасқа дейін). Қызметкерлер таңдап алған іс-әрекеттерінде берік орын алуға тырысады. Еңбек етудің алғашқы кезеңінде жұмыс орнын немесе мамандықты өзгертуі мүмкін, бірақ осы кезеңнің екінші жартысында таңдап алған мамандығын сақтап қалу тенденциясы байқалады. Адамның еңбек ету биографиясында осы жылдар шығармашыл жылдар болып табылады.

  • IV- жеткен жетістікті сақтау кезеңі (45 жастан 65 жасқа дейін). Қызметкерлер алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап қалуға тырысады.

V - құлдырау кезеңі (65 жастан кейін). Дене және ақыл-ой күші төмендей бастайды. Еңбек әрекеті тоқтайды
Грамматикалық тақырып.

ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ (ТӘУЕЛДІК, КӨПТІК, ЖІКТІК, СЕПТІК)
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б.

Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.


Жекеше түрі

Көпше түрі

І жақ -м, -ым, -ім

ІІ жақ -ң, -ың, -ің

ІІ жақ -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і



І жақ -мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ -тарың, -терің,-дарың, -дерің, -ларың, -лерің

ІІ жақ -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і


Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып екіге бөлінеді.

Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.

Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі.

Мысалы:



Оңаша тәуелдену:

Ортақ тәуелдену:

Менің компьютер-ім, телефон-ым.

Сенің компьютер-ің. телефон -ың.

Сіздің компьютер-іңіз, телефон-ыңыз.

Оның компьютер, телефон -ы.



Біздің компьютер-іміз, телефон -ымыз.

Сендердің компьютер-лерің, телефон -дарың.

Сіздердің компьютер-леріңіз, телефон -дарыңыз.

Олардың компьютер-і, телефон -ы.


Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады.

Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.

Мысалы:


Есім сөздің жіктелуі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен кәсіпкермін

Біз кәсіпкерміз

ІІ

ІІ


Сен кәсіпкерсің

Сіз кәсіпкерсіз



Сендер кәсіпкерсіңдер

Сіздер кәсіпкерсіздер



ІІІ

Ол кәсіпкер

Олар кәсіпкерлер

Етістіктің жіктелуі:


Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен сөндіремін

Біз сөндіреміз

ІІ

Сен сөндіресің

Сіз сөндіресіз



Сендер сөндіресіңдер

Сіздер сөндіресіздер



ІІІ

Ол сөндіреді

Олар сөндіреді

Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:

Атау. Кім? Не?

Ілік. Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс. Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, -қа, -ке, -ге, -на, -не

Табыс. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

Жатыс. Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, та, -те, -нда, -нде

Шығыс. Кімнен? Неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен

Көмектес. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.
Мысалы:

Жай септелу

Тәуелді септелу

А. Компьютер

І. Компьютер-дің

Б. Компьютер-ге

Т. Компьютер-ді

Ж. Компьютер-де

Ш. Компьютер-ден

К. Компьютер-мен


А. Компьютер-ім

І. Компьютер-ім-нің

Б. Компьютер-ім-е

Т. Компьютер-ім-ді

Ж. Компьютер-ім-де

Ш. Компьютер-ім-нен

К. Компьютер-ім-мен



1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғап сөйлем құраңыз.

Бастық, компьютер, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбекақы, уақыт.



2-тапсырма. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Менің жұмысымның ....

Сіздің уақытыңыз.....

Сіздің көмекшілеріңіз....

Біздің Республикамызда....

Сендердің мамандықтарың...

Сіздердің компьютерлеріңіз...

Олардың табыстары.....


3-тапсырма. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар.

Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... . Біз сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... . Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым.... . Сіздер саясаткер..... Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет