Кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелік құрал



бет116/121
Дата01.09.2022
өлшемі2,26 Mb.
#148540
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121
Байланысты:
проф упп Жакыбай

БАЙ МА ӘЛДЕ КЕДЕЙ МЕ?


Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді. Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:

  • Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.

  • Әке, бұл бір керемет саяхат балды!

  • Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой?

  • Иә.

  • Осыдан не түйдің?

  • Сонда ұлы:

  • Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.

  • Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.

- Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен.
Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады, бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда
сізде ештеңе де болмағаны.! – дегенді де ұлы қосып қойды.


ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ! !!


Есте нені сақтап, нені сақтамау керек
Бір адам данышпаннан:

  • Есте нені сақтап, нені сақтамау керек? – деп сұрапты. Данышпан:

  • Егер біреу саған жақсылық еткен болса, есіңде сақта, ал егер өзің біреуге жақсылық еткен болсаң, оны ұмыт, – деген екен.

Жамандықтың үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шышыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды.


В.А.Сухомлинский
Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды. А.Жүйнеки

Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды. Ж. Баласағұни


Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден – Отанға деген сүйіспеншіліктен, отбасына, ізгілік пен тазалыққа деген сүйіспеншіліктен ада қылады. Г.Саллюсти
Егер де, есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір рет, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір мәрте өзіңнен есеп ал.

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтан етпеу – сатқындық.


Абай, 15- қара сөз


Бауыржан Момышұлы

Білімділіктің ең басты факторы

туған

тілінде

сөйлеу мен сыйлаудан

басталады.







Г.Гегель

Байлық – қанағат пен еңбекте.







Ы.Алтынсарин

Заңмен басқарсаң, жазамен жасқасаң халық тітіреп тұрады, бірақ ұятын ұмытады. Кісілік жөнімен басқарсаң, халық елбіреп тұрады, һәм арын сақтайды. Кон-фу-цзы
Басқаруға кедергі келтіретін қағида:

  • принципсіз саясат (ұстаным);

  • еңбексіз табылған байлық,

  • мінез-құлықсыз білім,

  • санасыз сайраңдау. Махатма Ганди

Басқару ұстанымдары: ептілік, шыдамдылық, төзімділік.
Дала ойшылдары
Басқарудың негізгісі – адамгершілікке сүйеніп басқару. Аристотель
Басқаруда ар мен ұятты жақсылық пен жамандықты ажырата білу керек. Мемлекет пен жеке адамның игілігі, бақыты, дамып жетілуі, басқарудағы мінез- құлқын дұрыс ұстауға байланысты. Басшы адам:

  • дана болуы керек,

  • белгіленген заңдар мен ережелерді жадында сақтауы керек,

  • зерек және тапқыр болуы керек,

  • заңдарды орындауда адамдарды сөзбен бағыттай алуы керек

Әл-Фараби
Ақылды бек басшысы - елдің шырағы, қылыш жұмсау – білімсіздің қылығы.
Жүсіп Баласағұн (ҚБ, 220-бәйіт)
Ақылды басшың болса, адаспайсың. Мақал






  1. Если шестеро врозь, лежащее во рту теряют; если четверо заодно,

улетевшее в небо достают.

  1. Один дружит , ценя тебя, другой – ценя твои деньги.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет