Әлемдегі ең жаман салық. Пәкістан Аталған салық адамзат тарихындағы ең жауыз әрі жаман салық болып тіркелген. Оған себеп билік жыл сайын салық
ретінде адамның басын талап етіп отырған.
Еврей болғаныңыз үшін салық төлейсіз. Ежелгі Рим жерінде келбетіңіз еврей халқына келетін болса міндетті түрде салық төлейсіз.
Ауаға да салық бар. Византия Ақылға қонымсыз болса да бұл шындық. Себебі Византия билігі халыққа бұл салықты түсіндіру жұмыстарын былай жүргізген: «ауа әркімге тәуелді. Әркімнің жеке ауасы бар. Сондықтан ауаны ластамау үшін салық төлеу керек» деп шешкен.
Күлкілі болса да бұл салық бар. Торғайлар үшін салынған салық. Германия 16 ғасырда немістің Вюртемберг қаласында үлкен дау туды. Халық арасында торғайлардың кесірінен ұйықтай алмай жүрген жұрт оларды қыру туралы
көтеріліске шығады. Ал билік мұны пайдаланып, әрбір өлтірген торғай үшін сол қаланың халқына салық төлеткен.
Терезе үшін салық. Голландия, Ұлыбритания Аталған елдерде орта ғасыр шенінде осындай салық салынған. Үйіңіздің терезесі үлкен әрі көп болған сайын сізге салық мөлшері көп түсіп отырған. Сондықтан екі елдің халқы 1850
жылдарға дейін үйлерін терезесіз салып келген.
Сағат үшін салынған салық. Ұлыбритания Ұлыбритания елінде 1797 жылы осындай салық түрі пайда болды. Аталған салық бір жылдан кейін алынып тасталған.
Көлеңкеге де салық бар. Италия Адамды мазақ қылатын бұл салық түрі Италияда 1993 жылдары салынған. Яғни дүкен алдындағы немесе түрлі
сөрелердегі тұрған заттардан жерге көлеңке түссе, көлеңкенің түсу бағытына қарай салық төлейтін болғансыз.
Күн үшін салық төлеу. Испания Испанияның демалуға арналған
жағалауларында осындай салық түрі бар. Бұл әсіресе Ресейден демалуға келетін шет ел азаматтарына бағытталып жасалған салық түрі. Олар әрбір күні күнге
қыздырынғаны үшін салық төлейтін болған.
АҚША ЖИНАУДЫҢ 8 ТӘСІЛІ
Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақшам жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз
«Мені ақша жақсы көреді», «Күннен – күнге менің қаражатым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қымсынбаңыз,
қорықпаңыз.
Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара
күнге» деп жинамаңыз.
Ақша жинауда, оны ұсатып жұмсауда бай адамдардың психологиясын зерттеңіз, соларға еліктеңіз. Өзіңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс- тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл
ісіңізді баюға психологиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз.
Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде
айтылғанындай, біреуге артық ақша бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.
Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар Сізді жаңа табыстарға жетелейді.
Ақша – үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыптылықты жақсы
көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды
дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.
Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Байлықты сақтап қалу үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығарып, жаманшылықтың
алдын алады, мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа
сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны атын шығару үшін жасамау қажет.
Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақшаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қоймаңыз. Жетпей,
таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы
болмайтын, өзіне-өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», — деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді
жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса,
қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді. (А.Үсейінова)
Достарыңызбен бөлісу: |