Құжатты рәсімдеу заңдылықтары туралы реферат жазыңыз.
9. МАДАҚТАУ, СЫНАУ, ҚҰТТЫҚТАУ, ҚАНАҒАТТАНБАУ, РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУ ӘДЕБІ, ЖИНАЛЫС, МӘЖІЛІС, ОТЫРЫС ӨТКІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛЕКСИКА
Сабақтың мақсаты. Мәтіндерді оқып, іскерлік кездесу әдебі туралы ой- өрісін кеңейту. Мақтауды тыңдай білуге, мадақтай білуге үйрету .Сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
Тірек сөздер: мадақтау, мәдениет, сыпайылық, міндетті, уәде, сыйлы, ұстаным, қабілетті, талапты, ереже, талғам, көрсеткіш, құндылық, тіл, сыпайылық, тәкаппарлық, дандайсушылық, шебер, байлық, сөйлеу, өнер,
эстетикалық, ар, намыс, қылмыс, астамшылдық.
1. Әр әріпке байланысты мейірімділік, құндылық сөздерін ойлап айтыңыз.
№
|
|
|
|
1
|
Ж
|
|
|
2
|
А
|
|
|
3
|
Қ
|
|
|
4
|
С
|
|
|
5
|
Ы
|
|
|
6
|
С
|
|
|
7
|
Ө
|
|
|
8
|
З
|
|
|
9
|
Ж
|
|
|
10
|
А
|
|
|
11
|
Н
|
|
|
12
|
Ғ
|
|
|
13
|
А
|
|
|
14
|
Қ
|
|
|
15
|
У
|
|
|
16
|
А
|
|
|
17
|
Т
|
|
|
Мәтінмен жұмыс.
Мадақтау
Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
Мақал
1 Наурыз – Дүниежүзілік мадақтау күні. Мадақтау дегеніміз – кісі бойындағы әдемілікті, сұлулықты көре білу. Мадақтау, алғыс - қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс- әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған
мегзейді. Қазақта «кішіпейіл болсаң, кішірейіп қалмайсың» деген мәтел бар. Кішіпейілдік танытып, жылы ілтипат білдіру адамдар арасында жақсы қарым- қатынас орнатары сөзсіз. Айналаңдағы жандардан мадақтау есту, әрине, көңіліңнің хошын келтіретіні сөзсіз. «Әдемі болып кетіпсің! Мына көйлегің өзіңе сондай жарасады екен!» деген сияқты мақтау сөздерді күнделікті естіп жатамыз. Мадақтауды тек әйел заты емес, ер азаматтармыз да ұнатады екен. Ертемен жұмысқа, сабаққа келгенде, айналаңыздағы адамдардан естіген бірнеше мадақ сөздер күні бойы сізге жақсы көңіл-күй мен ертеңіңізге деген зор құлшыныс сыйлайды. Бұл туралы психологтар: «Кешегіден де бүгін, бүгінгіден де ертең әдемі болуым керек деп, қыз-келіншектердің өз-өзіне деген сенімі нығая түседі», – дейді.
Егер адам өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезіне білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан менмендік, такаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін мәліметтер жеткілікті болу керек.
Мадақтау кімге лайық деп ойлайсыз?
Сіз біреуді мақтап көрдіңіз бе?
Сіз мақтаған адам мақтау сөзге қалай жауап берді?
Өзіңізді мақтаса қайтер едіңіз?
Мадақтау туралы мақалдарға талдау жасаңыз.
Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді жазыңыз.
«МАҚАЛДЫ ҚҰРАСТЫР» ОЙЫНЫ. Әр түрлі қағазға жазылған сөздерді дұрыс орналастырыңыз және. қазақшаға аударыңыз.
Спешите делать добро.
Жизнь дана на добрые дела.
Лучше потерять глаз, чем доброе имя.
Людей сближает улыбка.
Если хочешь иметь друзей, будь другом сам.
Добро помни, а зло забывай.
Когда хочешь себе добра, то никому не делай зла.
Будешь учиться доброму, худое на ум не пойдет.
Красив тот, кто красиво поступает
Доброе слово лечит, а злое калечит.
Достарыңызбен бөлісу: |