Қай стильге жатады? Что милей, сто рублей? – Двести.
А. Көркем-әдебиет стилі Ә. Ғылыми стиль
Б. Публицистикалық стиль
В. Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі
Ақша ашпайтын жоқ.
А. Құлып Ә. Кітап Б. Үй
В. Дүкен
Г. Жаңалық
Публицистикалық стильдің ауызша түрі – .
А. Түбір сөз Ә. Туынды сөз Б. Қос сөз
В. Қысқарған сөз Г. Шешендік сөз
Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі –
А. Түбір сөз Ә. Туынды сөз Б. Терминдер.
В. Қысқарған сөз Г. Шешендік сөз
СОӨЖ тапсырмасы
Сабақтың мақсаты. Өтілген материалдарды қайталау, жаттығу жұмыстары арқылы сөздік қорын молайту, кәсіби құзыреттілігін дамыту.
«Мен есепші болғанда...» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Банк және банк ісі туралы әңгімелеңіз. Әңгіме құрастыру кезінде өтілген материалдарды пайдалануға болады.
СӨЖ тапсырмасы
«Ұлттық валюта» – реферат жазыңыз.
14. ОЙДЫ ДӘЛЕЛДЕУ. ІССАПАРДА СӨЗДІҢ ҚИСЫНДЫЛЫҒЫ
Сабақтың мақсаты. Білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру.
Тірек сөздер: сөздің дәлдігі ойды дәлелдеу шешендік дәстүр, әдептен аспау, сөзге тоқтай білу, жоғары мәдениеттілік, рухани байлық,.ресми мәлімдеу, шебер сөйлеу, іссапар куәлігі, қаражатты аудару.
1. Мәтінмен жұмыс
Ойды дәлелдеу, сөз қисындылығы дегеніміз – қатысымдық қарым- қатынас кезінде сөзді дұрыс құрастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн
«Ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.
Әсіресе, ғылыми зерттеу жұмысында пікірді, ойды, болжамды нақты деректер
арқылы дәлелдеу ой дәлдігін талап етеді. Сондай ақ, көпшілік алдында сөйлегенде, тыңдармандардың назарын аударуда сөз мағынасындағы ойдың айқындылығы зор мәнге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |