ОЙ ОЙЛАСАҢ, КЕҢ ОЙЛА
Алды, артын тең ойла.
Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын.
Ойнап айтса да ойындағысын айтады.
Ойға келген жақсы пікір жасыл жапырақ жамылған терек сияқты, табиғатты да, өзіңді де көркейтіп жіберетін сияқты.
Қандай да болмасын сөз сөйлегенде, іс істегенде, пікір алысқанда
қателесу өзіңе ғана қауіпті емес, тыңдап естігендерге де қауіпті, сондықтан, «өгіз де аман, арба да аман» принципінде сөйлеген дұрыс.
Ойшыл болып тумасаң да, ойшылдардан үйрен.
Мәтінді оқыңыз. Әдеп ережелеріне байланысты өз ойыңызбен мәтінді жалғастырыңыз. «Сөз», «Сөйлеу», «Тіл», «Сөйлеу мәдениетіне» байланысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер айтыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.
Сауатты сөйлей білу – үлкен өнер
Сауатты сөйлей білу – үлкен өнер. Кейбіреулері «біз келе жатырық, бара жатырық деп, -ық деген жалғауды қолданады, «жаңағы» деудің орнына «жанағы» деп сөйлейді. «Ң» дыбысының орнына «н» дыбысын қолдану, тіпті жиі кездеседі. Ата-ананың, ұстаздың бала тәрбиесіндегі рөлі тек қана оның жақсы киінуімен, спортпен шұғылдануымен, музыкалық сауатын ашумен, шет тілін үйренумен шектелмеуі керек. Сонымен бірге, тіл мәдениетіне де көңіл бөлініп, бала кезден таза, анық, сауатты сөйлеуге үйрету керек.
Қазіргі кезде ұлт тілінде сауатты сөйлеуде, сөзді қадірлеуде бірден-бір жоғарғы орын алатын – театр, теледидар, радио екені мәлім...
Сөз қалай жазылса, солай айта салу немесе сөздің жеке тұрғандағы тұлғасы қандай болса, соны өзгертпей айту жиі кездеседі.. Тағы бір үлкен кемшілік «бола ма?» – «болады ма?», «келе ме?» – «келеді ме?» деп сөйлеу жиі кездеседі. Сөздерді қалай жазылса, солай айту – сауатсыздық, сондықтан қай салада болсын, тілімізді ардақтап, қадірлеп, аялай білейік. Бұл – баршамыздың азаматтық борышымыз, қасиетті парызымыз.
Сәйкестендіріңіз
М. Омарбаева – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры
Жақсы сөз– жарым ырыс.
|
Не спеши языком, торопись делом.
|
Орынсыз сөзден өрт шығады.
|
Будешь следить за языком – он
хранит тебя.
|
Ақылды сөз тыңдауға да жақсы.
|
Недоброе слово, что огонь жжѐт
|
Тіліңе сақ болсаң – қорғаның.
|
Умную речь хорошо и слушать.
|
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
|
Говорить не думая, что стрелять не
елясь
|
Тіліңмен жүгірме, ісіңмен жүгір
|
Если говоришь, что думаешь, так
думай, что говоришь
|
Достарыңызбен бөлісу: |