Л.Н. Гумилев атныдағы Еуразия ұлттық
университетінің оқытушысы, әлеуметтік жұмыс
магистрі Досмурзаева Д.О.
Балалар қоғамның ерекше әлеуметтік тобы ретінде
Балаларды халықтың әлеуметтік тобы ретінде зерттеу олардың қоғамның әлеуметтік құрылымында алатын орнын анықтауды қарастырады. Балалар мәселесін зерттеуге байланысты көзқарастар қазіргі кезде төрт топқа бөліп қарастырылады.
Ең көп таралған көзқарас, осы көзқарасқа сәйкес - балалар бұл өтпелі кезеңнің жағдайында тұрған халықтың тобы. Оның мақсаты – олардың қоғамдағы әлеуметтенуі мен интеграциясы. Балалардың міндеті – үлкендермен «тең» жағдайда қоғамдағы өмірге дайындалу. Мұндай көзқарас ежелгі заманда қалыптасқан, ежелгі Спартада барлық денісау және мықты балаларды жеті жастан бастап, болашақ жауынгерлерді дайындау үшін арнайы мекемелерде тәрбиелеген. Балаларға деген мұндай қатынас ежелгі Жерорта теңізінің халықтарына да тән. Кейіннен бұл дәстүрді орта ғасырларда христиан шіркеулері жалғастырды.
Экономикалық ғылымда кәмелеттіктің жастық параметрлеріне басқаша анықтама берілген, онда 16 жас еңбекке қабілетті жастық төменгі шегі болып табылады, ал кейбір жағдайларда жасөспірім жұмысқа 15 жасқа толғанда қабылданады. Ал ата-анасының келісіміміен және бос уақытыболған жағдайда, сонымен қатар баланың денсаулығына әсер тигізбеген жағдайда 14 жастан толық емес жұмыспен қамтылуға рұқсат беріледі. Ал педагогикада минималды жас түсінігі, міндетті білім алуды тоқтату түсінігі мүлдем жоқ, 9 сынып негізгі білім алу міндетті болып табылады. Әскери ғылымдар минималды жас әскери қызметті өтеуге байланысты қарастырады. Әскери қызметті – 18 жастан бастап өтейді. Демография ғылымы 1-15 жастағыларды балаларға жатқызады, яғни адамның жыныстық жетілуі аяқталған кезең. Медицина мен биология ғылымдарыда осы кезеңмен сипаттайды. Социологиялық зерттеулерде балалардың жастық тобы, нақты зерттеудің мақсатына байланысты сипаттайды. Сауда саласында алкогольді шараптарды сатып алу жасы 21 жаспен сипатталады.
Халықаралық тәжрибе бойынша, ЮНИСЕФ-тің классификациясы бойынша 18 жасқа дейінгі тұрғындарды балаларға жатқызады. Демек балалық шақ пен кәмелеттілік туралы көзқарастар әр ғылымда әртүрлі баяндалады. Бұл әрине балалар мәселесін кешеді зерттеуде қиындық туғызады. соған байланысты балалар мәселесін зерттеуде, мысалғы жаңа туылған балалар, жеткіншектер тобы ретінде жеке-жеке қарастырған тиімді болады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін көптеген классификациялар бар. сол классификациялардың бірі: жаңа туған нәресте (1-10 күн), емізулі балалар (10 күннен – 1 жасқа дейін), бірінші балалық шақ (4-7 жас), екінші балалық шақ (8-12 жас), жасөспірімдер (13-15 жас), бозбала мен бойжеткендер (16-20-21 жас).
«Балалық шақ» ұғымына психологиялық және мерзімдік сөздіктерде толық анықтама берілмеген. Бұл әрине түсініксіз, өйткені баланың көптеген мінез-құлықтарының әрекеттерін, педагогикалық, жас ерекшелік және бала психологиясының негізгі ережелері, мазмұндары, нақты көріністері болмаса, ұғыну мүмкін емес. «Балалық шақ» ұғымына байланысты бірнеше анықтамаларды қарастырайық:
«Балалық шақ – бұл адам өмірінің алғашқы белгілі бір кезеңі». Балалық шаққа мазмұндық анықтама беретін болсақ – бұл физикалық өсі процессі, психикалық жаңа-құрылымдардың жинақталуы, әлеуметтік кеңістікті меңгеру, соның ішінде өзін анықтау. Педагогика және психологиядан қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде балалық шаққа келесідей анықтама берілген: балалық шақ – онтогенездің алғашқы кезеңін сипаттайтын термин, яғни кәмелетке толмаған балғын шақ. Психология ғылымында адамның даму процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Баланың туғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт шаққа бөліп қарастырады:
бөбектік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін);
сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);
мектеп жасына дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
төменгі сынып жасындағы балалар (6-7, 10-11 жас).
Психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психикалық белгілер – олардың қажеттіліктері мен мүдделері, осыдан туындайтын бала іс-әрекеттерінің түрлері мен олардың қоршаған ортаға көзқарастары. олардың дамуының ерекшеліктері іс-әрекеттеріне байланысты болады. Мысалы нәресте үшін жекетші іс-әрекет үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас болса, сәбилік шақтағы бала үшін заттық іс-әрекет, мектепке дейінгі балалық шақтағылар үшін ойын болып табылады. Балалық шақ кезеңіндегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, этномдени жағдайдың әсері баланың болашақта қабілетінің дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Балалар қоғамның ерекше әлеуметтік тобы ретінде мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды қажет етеді. Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек 1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын айғақтайды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде
1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды:Бала құқықтары туралы конвенция 1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды. Алайда, Қазақстан бекітпеген, бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін қағидаларды қамтыған бірқатар маңызды Конвенциялар бар. Осындай халықаралық құқықтық құжаттардың ішінде – Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция (1990 жылғы 18 желтоқсан) және Балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция (Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр).
Достарыңызбен бөлісу: |