ӘОЖ 81:37. 373; 001.4
А.К.Шыныбекова1, Қ.Ә.Айсұлтанова2,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 доценті, ф.ғ.к., 2 доценті, ф.ғ.к.,
Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aygul_69@mail.ru
Кәсіби мақсаттарға арналған қазақ тілінің заң саласында қолданылуы
Бұл мақалада «Кәсіби бағдарлы қазақ тілі» пәні және оның заң факультетінде жүргізілуіндегі өзіндік ерекшеліктері туралы айтылады. Психология,философия, саясаттану, тарих, мәдениеттану сияқты қоғамдық пәндерге қарағанда бұл пән болашақ заң саласы қызметкерлерінің тілдік қорын байытып қана қоймай, мамандығына қатысты мәтін түрлерімен жұмыс істеуді үйретеді және өз жұмысы барысында кездесетін қасаң лексикалық бірліктермен орыс тобындағы студенттерді таныстырады. Заманауи оқу талаптары мемлекеттік тілде мамандыққа қатысты мәтін түрлерімен жұмыс істей білуді қажет ететіндіктен де сөйлеу тілі мен жеке жұмыс істеудіжаңаша тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік тілде ресми құжат тілінен қылмыс әлемі тілі өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады және оларды өз мағынасын сақтап орыс тілінен қазақшаға аударуда қиындықтар да кездеседі.Қылмыс әлемі тілі өзіндік арнайы сөз оралымдары мен жаргондардан тұратындықтан оларды мемлекеттік тілге аудару барысында лингвистикалық заңдылықтарға сүйену қажет, сол сияқты мұндай сөздердің қазақ тілінде де бар екеніне баса назар аударады. Түйін сөздер: заң, термин, терминжасам, кәсіби бағдарлы, сала, қылмыс әлемі,терминдену.
A.K. Shynybekova, K.A. Aisultanova The use of Kazakh language for professional purposes in the field of jurisdiction
This article deals with the current problems of discipline "Professionally - oriented Kazakh language" and about the innovations of reference disciplines at Law Faculty in Russian-speaking audience. In contrast to the humanities such as psychology, philosophy, political science, cultural studies and the history, this subject has explicitly expressed the practical and educational orientation and forms language skills and the ability of future specialists to provide both adequate perception of the texts in their specialty. Today's situation is expecting mature reading and listening that promotes and is particularly important for producing their own speech and oral work in accordance with the situation in the official language of communication. Communication language of the criminal world is differ from others with its word derivatives and slang, and it requires the same consideration of modern translation from Russian into Kazakh language without sacrificing semantic link in the linguistic aspect and at the same time to give the notion that such words is also available in the Kazakh language.
Key words: law, term, term formation, professionally-oriented, branch, criminal world, borrowed terms
А.К. Шыныбекова, К.А. Айсултанова
Употребление казахского языка для профессиональных целей в юридической сфере
В данной статье рассматриваются актуальные проблемы дисциплины «Профессионально –ориентированный казахский язык» и о новшествах ведения дисциплины на юридическом факультете в группах русскоязычной аудитории. В отличии от таких гуманитарных дисциплин как психология, философия, политология, культурология и история этот учебный предмет имеет эксплицитно выраженную практическую и воспитательную направленность и формирует у будущих специалистов речевые навыки и умения, обеспечивающие как адекватное восприятие текстов по специальности. Современные ситуации предпологает зрелое чтение и аудиирование, что способствует и особенно важно продуцирования собственных и устных речевых произведении в соответствии с ситуацией общения на государственном языке. Язык общения криминального мира отличается своеобразными словооборотами и жаргонами, а это требует тоже современного рассмотрения перевода на казахский язык с русского языка не жертвуя смысловую связь в лингвистическом аспекте и в то же время дать понятия что такие слова и словосочетания тоже имеются в казахском языке. Ключевые слова: закон, термин, терминообразование, профессионально- ориентированный, отрасль, криминальный мир, терминолог.
A.K. Shynybekova, K.A. Aisultanova The use of Kazakh language for professional purposes in the field of jurisdiction
This article deals with the current problems of discipline "Professionally - oriented Kazakh language" and about the innovations of reference disciplines at Law Faculty in Russian-speaking audience. In contrast to the humanities such as psychology, philosophy, political science, cultural studies and the history, this subject has explicitly expressed the practical and educational orientation and forms language skills and the ability of future specialists to provide both adequate perception of the texts in their specialty. Today's situation is expecting mature reading and listening that promotes and is particularly important for producing their own speech and oral work in accordance with the situation in the official language of communication. Communication language of the criminal world is differ from others with its word derivatives and slang, and it requires the same consideration of modern translation from Russian into Kazakh language without sacrificing semantic link in the linguistic aspect and at the same time to give the notion that such words is also available in the Kazakh language.
Key words: law, term, term formation, professionally-oriented, branch, criminal world.
Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілді барлық мамандық бойынша білім алушыларға үйретумен қатар кәсіби бағытта тілді үйрету мәселесі басты өзектілікке айналып отырғаны баршаға мәлім. Қазақ елінің әлемдік қауымдастықта беделінің артуы мен шетелдік мамандар арасындағы халықаралық байланысының нығаюы білім алушы жастардың кәсіби тілді толық меңгеруіне жол ашуда. Мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгерту мәселесі – бүгінгі таңда аса өзектілікке ие болды. Кәсіби тілді мемлекеттік саясаттан бөліп қарастыруға болмайтынын осыдан көруге болады.
Кәсіби бағытта тілді меңгертуге арнайы бағдарламалар жазылмаса да жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді меңгеруге бағытталған типтік бағдарлама негізінде мәселе жүзеге асырылады.
Кәсіби қазақ тілі пәнін заңгерлер тобында өту барысында жалпы теориясыз үйрету мүмкін емес. Ол үш бөлімнен тұрады: жоғары деңгейдегі қазақ тілінің грамматикасын оқытудан, ресми-іскери және ғылыми стильден, қолданбалы лингвистикалық арнайы мәтіндермен жұмыс түрлерін меңгерту әдістемесінен, яғни, мәтіндер мен затындар (материалдар) мамандығына бағытталады.
Заңгер мамандығы тек қана заңдарды білумен шектелмейді, ол сондай-ақ сөз құрауын сөйлеу және жазу түрінде дұрыс қолданудан тұрады. Кез келген заңгер құжатсыз жұмыс істеуі мүмкін емес, ол мейлі сот, прокурор, тергеуші, қорғаушы, құжат құрастырушы қызметінде жүрсе де көптеген құжаттар қалыптастыратын тұлға болып табылады. Өз кезегінде заңгерге көп сөйлеуге тура келеді, түсіндіру, баяндау, жеткізу шеберлігі де қажет. Кеңес бергенде, түсіндіргенде, ұсыныс айтқанда заңгер көбінесе ауызша сөйлескенде де кәсіби тілді қолданады. Ал талап арызы, келісім-шарт, шағым, өсиет, қаулы, шешім, хаттама, айыптау қорытындысы, үкім, ұйғарым, қадағалау хаты, наразылық құжаты сияқты арнайы заңгерлік құжат түрлерін жасау барысында заңгер-маман арнайы тілдік стандарттарға сүйенеді. Тілдік стандарттар орыс тілінде жасалғанымен қазақ тілінде енді қалыптасып келеді. Парламент қабырғасындағы заң шығару ісімен айналысушы депутаттар парламенттік жарыссөздерде, заң шығару ісінде көптеген қиындықтарды мемлекеттік тілде дайын тілдік стандарттардың қалыптаспауынан кездестіреді.
Тіл – жанды құбылыс, ол үнемі даму, өзгеру үстінде жүзеге асырылатыны мәлім. Шешендік сөз арқылы жарыссөзде, сотта шындыққа жету мүмкіндігі ғасырлар қойнауынан жеткен билер шығармашылығынан көрінсе, әсер ету тілі арқылы нақты шешімге қол жеткізу мүмкіндігі дәлел, айғақ, жауапкершілікті сезінуде эмоциялық құралдың қатарына да тіл жататынының айқын дәлелі болады. Міндеттеу, тыйым салу, өкілеттік ету, құқық түрлеріне қатысты түсіндіру тілдік бірліктері де заңгерлердің кәсіби тілін жетілдіреді.
Баршамызға белгілі болғандай, заңгерлер тілі бір ғана күнде қалыптаспайды. Алайда, орыс тілінің функционалдық қызметі әлі де үстем болып тұрған мемлекеттік-әлеуметтік саланың бірі – заң болады. Студенттердің көптеген ғылыми әдебиеті де орыс тіліндегі басылымдардан, шетелдік ғалымдардың орыс тіліне аударылған оқу-әдістемелік құралдарынан тұрады. Осыдан келіп, мемлекеттік тілде заң шығарудан бастап іс жүргізудегі қиындықтар орысша ойлау мәселесімен астасып жатады. Мәселен, отобрать лицензию, приобщить к делу, составить протокол, причинить вред, доказать виновность, осуществлять надзор тіркестері орыс тілінде взять лицензию, присоединить к делу, сделать протокол, делать вред, показать виновность, проводить надзор түрінде қолданылмайды. Ал, ендеше неге ол тіркестер қазақ тілінде әр түрлі қолданыста болуы керек? Отобрать лицензию – рұқсаттаманы (лицензияны) кері шақыру – алып қою; приобщить к делу – іске қоса тіркеу – іске қосымша тіркеу; доказать виновность – кінәсін дәлелдеу – кінәсін мойындату; осуществлять надзор – қадағалауды жүзеге асыру – қадағалауды іске (іс жүзіне) асыру деп қалыптаспай отырған тілдік стандарттарды көрсетеді.
Сөйлеу тілінде орыс тілінде убить, лишать жизни – прикончить; мошенник – проходимец; лицо – рожа, морда; кушать – жрать, хавать, слопать; замолчать – заткнуться; толкаться – пихаться; доносить – настучать; влюбиться – втюриться; обманывать – врать, надувать; деньги – бабки, капуста; подделка – липа, фальшивка; аферист – проходимец, жулик, прохиндей; расторжение брака-развод; умышленно-нарочно; командировать – послать; уведомить – сообщить т.б. сөздер жарыспалы қолданылса да жазба тілде ресми-іскери стильде тек алдыңғысы ғана қолданылады. Бұл қалыптасқан үрдіс. Ал қазақ тіліндегі заң әдебиеттері мен заңнамаларда тіпті келеңсіз қолданыстардан көз сүрінеді. Мұның өзі заң саласында лексикалық стандарттардың әлі қалыптаспағанын көрсетеді.
Кітаби, бейтарап және сөйлеу тілі лексикасы арасында жаргондардың алар орны ерекше. Қай халықтың болмасын өзіндік сөз қолдану ерекшеліктеріне сәйкес жаргон сөздері болады. Студенттер де тілдік ортаның белсенді мүшесі болғандықтан өзіндік жаргондарға, олардың қалыптасуына үлес қосады. Хвост, завалить экзамен, шпоры, окно, задолженник, училка, летник, повторник т.б. сөздер орыс тілінде қалыптасқан студенттік жаргондардың бір үлгісі десек, қателеспейміз. Ал осы сөздерді қазақша жаргон ету мүмкін емес, сол себепті де олар орыс тіліндегідей қолданылады. Бұл жаргондарды қазақша қолданудың еш қажеттілігі жоқ, ол тура аударылса, мағынасын дәл жаргон түріндегідей бермейді. Әр түрлі маман иелерінің өз кәсіби сөздерімен қатар жаргондары да болады. Мәселен, оқытушы – мұғалімдердегі «окно» – сабақ кестесіндегі бос уақытты айтса, дәрігер – хирургтер көптеген жарақат алған науқасты «сложный череп» (күрделі бас қаңқасы) дейді. Мұндай жаргондар заң бұзушылар арасында жиі кездеседі. Мысалы, перо – пышақ, конверт – қап немесе киім-кешек салынған дорба, фара – көз, поперхнуться – ұрлығын істеп үлгермей қалу, пацан – түрмеде беделге ие адам; пахан – қылмыстық топ басшысы, бригада – қылмыстық іспен айналысушы топ мүшелері, западло-түрме ішкі тәртібін бұзу; легавый – заң орындарына айтып қоюшы; писарь – қалтаны не сумканы кесіп тонаушы; телка – қыз; дело – қылмыстық іс; лох – қолынан іс келмейтін бос адам; базар – әңгіме; наезжать – сөзбен тиісіп кірісу т.б. Заң мәтіндерінде, баспасөз бетіндегі қылмыс әлемі туралы мақалаларда бұл сөздер аудармасыз беріледі, олар өз бояуын аударма тілмен жеткізе алмайды. Мент, мусор, счетчик, крыша, танк, разборка, кинуть, беспредел, бардак, терпила сөздері де қылмыс әлемінің өзіндік жаргондары. Бұл сөздерге қоса заң қызметкерлері арасында қолданылатын кәсіби жаргондар да баршылық. Мысалы, износ (износилование) – әйел зорлау ісі; подснежники – қар ерігенде табылатын қысқы мәйіттер; важняк – аса қауіпті әрі ауыр қылмыстарды тергеу ісімен айналысушы заң қызметкері; висяк, глухарь – ашылуы қиын немесе мүлде ашылмайтын қылмыстық іс, громкое дело – атышулы іс, ксива – қызметтік куәлік; проходить по делу – тергеуден өту; пришить дело – қорқыту арқылы істі басқа адамға жабу; замочить – жою; вещдок – заттай айғақ т.б. Бұлардың бірсыпырасы орыс тілінде воровское арго деп аталады, қазақша қылмыс әлемінің сөздері, яғни кез келген адам түсіне бермейді.
Заң мәтіндері, өз кезегінде, жоғарыда айтылған жаргондарды баспасөзден аударып беруге тырысады, алайда, одан оның эмоциялық бояуы бәсеңдеп, түсіндіруі тиіс көп сөзділікке барады.
Жоғарыда келтірілген мысалдар орнына майталман, кәнігі, құныққан, әдетке айналдырған, кәсіби, баукеспе сөздері қолданылады. Осы сөздер арқылы заң тіліне ерекше бояулар беріледі. Құқық қорғау органдарына нелер жатады? деген сауалға қатысты сот органдары, прокуратура органдары, әділет органдары мен мекемелері, тергеу және алдын ала тергеу органдары, салық және қаржы, кеден органдары деген сөз тіркестері арқылы кәсіби тіл байлығы қоры толықтырады. Өкілетті мемлекеттік органдарға заң мекемелері, заң шығару органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары мен жергілікті басқару органдары жатады. Ал заңдық күші бар нормативтік актілерге: Президент жарлықтары мен үкімет қаулылары жатады. Тәртіптік жазалау түрлері: ескерту, сөгіс, жеке еңбек келісімшартын бұзу кіреді. Қызметтік қару түрлеріне шолақ қару, тапанша, ұзын дүмді тегіс және кесілген қару; сот сараптамасына енетін түрлерге алғашқы, комиссиялық, кешенді, қосымша, қайта сараптамалар кіреді. Жылжымайтын мүлік түрлері: жер телімдері, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер, жермен байланысты басқа да мүліктер; құнды қағаздарға: облигация, коносамент, акция, заем, пай т.б. жатады. Аталмыш сөз қолданыстары мәтіндерді мазмұндауда жүзеге асырылады, іс тоқтатылады, жауапқа тартылады т.б. сөз тіркестері жүйелі қолданылады.
Етістікті және есімді сөз тіркестерімен жұмыс істеу үшін мәселені талдау, талқылау, парламентке жолдау, іс қарау, құжат толтыру, іс қозғау, күш көрсету, біржолғы жәрдем, өкілеттік беру, қос азаматтық, кеден алымдары т.б. қолданылады. Бұл тіркестердің әрқайсысымен сөйлем құрастыра отырып, студентпен белсенді жұмыс жүргізуге болады.
Соңғы кезде қазақ тіліндегі заңдардың қоғамда қолдануға қолайлы, тиімді болуы үшін олардың бірінші кезекте сапалы жазылуы талап етіледі. Кейбір заңдардың мәтіндеріндегі ойды түсіну қарапайым халыққа қиын түсетіні де рас. Заң саласында орыс заңгерлері С.С.Алексеев, И. Грязин, С.А.Боголюбовтің еңбектерімен қатар Н.А.Власенконың «Құқық тілі» (1997), А.С.Пиголкиннің редакциясын басқаруымен «Заң тілі» (1990) атты іргелі зерттеулері арнайы заң мәтіндерінің, заңнамалық актілердің тілін, қылмыс әлемі лексикасын қарастырды.
Қылмыс туралы мәтіннің тілдік қабылдану, пайымдау ерекшелігі тұрғысынан сөз ете отырып, оның көпшілік қолданысына негізделіп жасалған мәтін болғандықтан, күнделікті құқық саласының өмірінде жиі пайдаланатындықтан, екіншіден, қабылдауға икемді, жеткізу жағы сапалы болғаны орынды. Бұл тұрғыдан осы қылмыстық құқық мәтіндері арқылы ойлау мен тіл бірлігін екінші қырынан қарастыра отырып, яғни, ойдың тілде берілу деңгейін оның қабылдаушы тарапынан қабылданушы деңгейін қарастыра отырып дәлелдеуге болады. Тіл қандай да бір ойды жеткізу құралы екені белгілі. Бұл оның негізгі қызметі болып саналады. Тілші-ғалым З.М.Шаляпина «тілдің белгілі қызметті атқарып, ойды жеткізуі барысында «мағына мәтін» моделдерінің арасындағы байланыс қатаң сақталады», – дегені осы орайда орынды айтылған [1, 25 б.].
Тіл арқылы берілген ойды беруге негізделген мәтіннің қабылдануы оның түсініктілік деңгейіне байланысты. Түсініктілік деңгей туралы Г.Е.Крейдман, А.К.Поливанова еңбектерінде айтылады. «Бір мәтіндер жеңіл түсініледі, екінші мәтіндер қиындықпен түсіндіріледі, ал үшіншілері «түсініксіз мәтіндерге» жатады», – дей келе, ішкі құрылымдық тілдік құралдардың орналасу тәртібімен байланысты екенін айтады [2, 191 б.].
Заң мәтіндері, оның ішінде, қылмыстық кодекс мәтіндері ойды беру тұрғысынан суық қабылданатын ерекшеліктерге толы келеді. Заң мәтіндері жекелеген салаларға қатысты құқықтар мен ерекшеліктерді анықтап берумен шектеледі. Жеке сала мәтіндермен салыстырғанда қылмыстық құқық кодексінде тікелей барлық қылмыс түрлерін қамти отырып, сол қылмыс түрлері жасалған жағдайда соларға қатысты қарым-қатынасты реттеп беретін болғандықтан қылмыстық кодекс мәтіндерінің тілі барынша суық үдерісте жазылып, тыңдаушы немесе оқушы тарапынан да сол бағытта қабылданады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 56-бабының 4-тармағында: «Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оңталғаны үшін өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды», – деген бап мәтінінде болымсыздық мағынада жазылған сөйлемнің өзі суық қабылданады [3, 280 б.].
Қамау, оқшаулау, мәжбүрлеу, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, өзіне-өзі қол салу, әскери қызметтен жалтару, ұрып-соғу, психикалық зардап шегу, зорлау, науқасқа көмек көрсетпеу т.б. суық стильді сөздер мен сөз тіркестері халық арасында «жаман» ұғымын түсіндіруге бағытталады.
Заң мәтіндері ресми мәтіндер қатарына жатады, сондықтан да лексикалық тұлғалар қайталанып келе береді. Бір мәтіннің бойындағы ұдайы қайталанатын тұлғаларды «сериялық қолданыстар», «стандарттар», «біртектілік, штампы» деген атаулармен беруге болады [2, 230 б.]. Бұл ресми-іскери стильдің басты сипаты болса, заң мәтіндеріндегі міндеттеуші пайымдау да осы қайталанба сөздерді басшылыққа алады. Айқындау, қолдану, жүзеге асыру, шектеу, болып табылады, босатылады, құқылы, жауапқа тартылады т.б. сөздер мен сөз тіркестері заң мәтіндеріндегі «жауаптылық» пайымдауын көрсету үшін қолданылады. Немқұрайдылық, салғырттық сөздерінің заң мәтіндерінде қолданылуы қазақ тіліндегі салақтық сөзінің орнына қолданылып, «жауапсыздықпен қарау» мағынасының прагматикалық мәнін аша түседі, бұл небрежность, халатность сөздерінің мағынасын толыққанды түсіндіреді.
Қылмыс - қоғам айнасы болса, адам қоғамы қылмыссыз болмайды. Қылмыстан жирендіру мақсатында суық қабылданар сөздер көп ретте тәрбиелік мәнге ие болады. Зинақорлық, жезөкшелік, жеңгетайлық, әлімжеттік т.б. сөздер жай сөз емес, терминге айналған. Бұл сөздер қатарын бітімгершілік (медиация) термині де толықтырды. Жауапкер сөзінің орнына ертеде құныкер сөзі қолданылған. Заң мәтіндері тым қарапайым жазылуы мүмкін емес, өйткені ол ойдағы дәлдік пен нақтылықты басқаша түсіндіре алмайды, эмоция-экспрессиясыз жинақы жеткізу үшін де тілдегі ойды қабылдау ерекшелігі керек.
Әдебиеттер
1 Шаляпина З.М. К проблеме моделирования языковой компетенции и языковой деятельности человека в рамках общей модели языковой действительности // Референция и проблема текстообразования. – М.: Наука, 1988. – С.214-232.
2 Крейман Г.Е., Поливанова А.К. Дедуктивная правильность текста // Рефeренция и проблемы текстообразования. – М.: Наука, 1988. – С. 191-213.
3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – ҚР заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 280 б.
References
1 Shalyapina Z.M.K problem modelyrovania iazykovoi kompetensi I iazykovoi deiatelnosty sheloveka v ramkach obshei modeli iazykovoi deistvitelnosti // Referensia i problema tekstoobrazovanya.- M.:Nauka,1988. – S.214-232.
2 Kreiman G.E.,Polyvanova A.K. Deduktivnayapravilnost teksta // Referensia i problema tekstoobrazovanya.- M.:Nauka,1988. – S.191-213.
3 Kazachstan Respyblykasinin Khylmystyk Kodeksi. – KR Zany. – Almaty: Jety Jargy,1997. -280 b.
Достарыңызбен бөлісу: |