Кәсіби қоғамдастық құру арқылы дамудың тұрақты болуын қалай қолдаймын?
Ақмола облысы Атбасар қаласындағы №7 қазақ орта мектебінің 2014-2015 оқу жылына арналған желілік қоғамдастықтың жұмыс жоспары:
Желілік қоғамдастықтың аты: «Қоғам».
Мәселе тақырыбы: «Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып ,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту».
Мақсаты: Алынған мәселе төңірегінде мектеп арасында ынтымақтастық төңірегінде жұмыс істеу,тәжірибе алмасу.
Қоғамдастық құрамы:
1. Басшылық етуші топ:мектеп әкімшілігі,1 деңгей мұғалімдері,тәлім алушы.
Топтың міндеті:қоғамдастық жоспарында көрсетілген шаралардың орындалуын басқарады,бақылайды.
2.Үйлестіруші топ:3 деңгей меңгерген мұғалімдер және басқа да пән мұғалімдері,әдістемелік бірлестіктер жетекшілері,психолог,әлеуметтік педагог,ата-аналар комитеті.
Бұл топтың міндеті: мұғалімдердің 7 модульді сабақтарына қолданып жұмыс жасауларына ықпал етеді.
3.Дамытушы топ: 2 деңгей меңгерген мұғалімдер мен басқа да пән мұғалімдері,жас мамандар. Топтың міндеті:желілік қоғамдастық жоспарына сәйкес коучингтер және тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмыс істеу қағидаттары: сенімділік,жауапкершілік,өзара қолдау.
Құрылымы
|
Қамту аймағы
|
Қоғамдастық мүшелері
|
Кездесулер өткізу жиілігі
|
Байланыстар
|
Мұғалімдердің шығармашылық тобы
|
Мектептер арасында
|
7 мектептің мұғалімдері:
-№7 ҚОМ,
-№6 ОМ,
-№8ОМ,
-Бейіс Қазірет ОМ,
-Мариновка ОМ,
-Сергеевка ОМ,
Сепе ОМ
|
2 айда 1 рет
|
Мектептер
(шараны ұйымдастырушы арқылы мектеп директоры)
|
Осы желілік қоғамдастық шеңберінде өткізілетін іс-шаралар:
№
|
Өткізілетін іс-шаралар
|
Мақсаты
|
Жауапты
|
Нәтиже
|
Мерзімі
|
1
|
«Желілік қоғамдастықта қалай жұмыс жасаймыз» тақырыбында оқыту семинарын өткізу
|
Қоғамдастық мүшелерінің жұмыс жоспары,мақсат міндеттерімен таныстыру
|
1 деңгей мұғалімдері,
басқарушы топ
|
Желілік қоғамдастық- та жұмыс істеу ережелерімен танысады
|
|
2
|
Әр мектептің пән бірлестіктері үшін желілік қауымдастықтың таныстырылымын жасау
|
Желілік қоғамдастық туралы мәліметтер беріледі
|
Жоғары сынып мұғалімдері
Үйлестіруші топ
|
Желілік қоғамдастық туралы мәліметтер- мен таныс болады
|
|
3.
|
«Қоғам»атты желілік қоғамдастық сайтын құру
|
Құрылған желілік қоғамдастық мүшелерін
kogam.ru сайтының парақшасына тіркеу
|
1 деңгей мұғалімдері,
басқарушы топ
|
Сайт парақшасын дамыту
|
|
4.
|
Редакторлар мүшелерін құру
(желілік қоғамдастықтың сайтына салынатын мәліметтерге сараптама жасайтындар)
|
Мәліметтерді зерделейді, саралайды
|
Редактор мүшелері
|
Сапалы мәліметтерді іріктейді
|
|
2.Тәжірибе алмасу саласындағы жұмыстар
Коучинг сабақтар:
«Оқытудағы жаңа тәсіл-диалогтік оқыту»
(онлайн тәртібінде)
|
Тәжірибе алмасу
|
2 деңгей мұғалімдері
|
Тәжірибе алмасу
|
2 айда 1 рет
|
Мұғалімдер арасында желілік байқаулар ұйымдастыру (шығармашылық жұмыстар,сабақ әзірлемелері,ең үздік ашық сабақ-видео, «Оқыту үрдісінде диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту» бағытында)
|
Шеберлікті шыңдау
|
Пән бірлестік жетекшілері
|
Шеберліктері шыңдалады
|
Ай сайын
|
3.Мұғалімдердің пәндік білім бойынша жүргізілетін жұмыстары
Ұстаздарға қажетті,маңызды тақырыптар бойынша онлайн семинар жүргізу
|
Пәндік білімді толықтыру, шыңдау
|
Мектептердің тәжірибелі мұғалімдері
|
Пәндік білімге қатысты мәселелер шешіледі
|
2 айда 1 рет
|
4.Оқушылармен жұмыс
Оқушылардың ең үздік шығармашылық бағыттағы жұмыстарын ұйымдастыру және оны сайтқа салу
|
Оқушылардың ең үздік шығармашылық бағыттағы жұмыстарын таңдап алу және осы жетістіктермен бөлісу
|
Пән бірлестік жетекшілері және мұғалімдер
|
Оқушылардың ең үздік шығармашылық бағыттағы жұмыстарын таңдап алып сайтқа жариялау
|
Жылына 1 рет
|
5.Ата-аналармен жұмыс
Ата-аналармен онлайн конференция өткізу
(«оқыту үдерісіне диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту»тақырыбында)
|
Ата-аналармен тығыз байланыс орнату
|
Жоғары сынып мұғалімдері
|
Қарым-қатынас орнайды
|
Әрбір тоқсан сайын
|
6.Марапаттау, қолдау шаралары
Жақсы қатысқан шығармашылық топ мүшелерін мадақтау,марапаттау, бағалау(сияқты тағайындау, желі ішінде)
|
Шығармашылық топ мүшелерінің белсенділігін арттыру
|
Пән бірлестігі жетекшілері
|
Тиімді жұмыстар атқарылады
|
Жылына бір рет
|
7.Желілік қоғамдастық дамытушы топ мүшелерінің отырыстары және жылдық қорытынды семинар жүргізу шаралары
Желілік қоғамдастық дамытушы топ мүшелерінің отырысы
|
Ортақ қорытыынды шығару
|
Дамытушы топ
|
Ортақ қорытынды жасалады
|
Жылына 1 рет
|
Жыл бойы жасалған жұмыс қорытындысы бойынша семинар өткізу
|
Бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен танысу
|
Дамытушы топ
|
Жыл боы жүргізген жұмыстарға қорытынды жасап,әр мектептің қол жеткізген жетістіктері туралы баяндалатын болады
|
Жылына 1 рет
|
Мектеп әкімшілігі I, II, III деңгейден өткен мұғалімдер және ӘБ жетекшілерімен бірлесе отырып ,өз мектебімізде кәсіби қоғамдастықты және басқа мектептермен желілік қоғамдастық құруды ұйымдастырып,жұмысты жоспарлап,міндеттерін қарастырдық.Желілік кәсіби қоғамдастықтың атауын «Қоғам»деп атадық.Себебі қоғамда жүргізіліп жатқан өзгерістер білім сапасы мен мұғалім шеберлігін жетілдіруді талап етеді.
Желілік кәсіби қоғамдастық құрудың мақсаты : ақпарат таратады,ынтымақтастық жасап,өзара қолдау көрсетеді,оқыту және оқу үрдістерін жетілдіреді,іс-қимылдарды жоспарлайды,ұжымдық пікір білдіреді.Осыған орай мектеп әкімшілігі аудандық білім бөлімімен келісе отырып ,аудандық «АССУ»атты желілік қоғамдастық құрған.Аудан бойынша қазақ мектептерінің арасында кәсіби желілік қоғамдастық құрылған.Оның жетекшісі ретінде 1 деңгейлік курсты тәмәмдаған әріптесіміз қызмет атқаруда.
Осы оқу жылында біздің мектепте «Қоғам»атты желілік құрылды.Қазан айында біздің қоғамдастық мектеп аясында «Желілік қоғамдастықтың негізгі жұмысы» айдарымен оқу семинарын жоспарлап отыр.Мектебімізде деңгейлік курсты тәмәмдаған әріптестеріміз қызу жұмыс жүргізу барысында,олар өз әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісіп,идеяларымен алмасуда.
Болашақта мен де өз әріптестеріммен бірге бар ынта жігермен қызмет атқаратыныма сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |