«КӘсіби шеберлік және психолог этикасы»


Мектеп психологының негізгі зерттеу әдістері



бет2/3
Дата05.07.2018
өлшемі0,69 Mb.
#47225
1   2   3

Мектеп психологының негізгі зерттеу әдістері:

Бақылау, сұхбат, тест, сауалнама, байқау, эксперимент (табиғи) тәжірибе


Оқушыларды зерттеу 4 түрлі шкала бойынша жүргізіледі:

1.Оқушылардың мектепке деген қатынасын;.

2.Оқушының қызығушылығы ( интерес);

3.Оқушының жеке қасиеттерін.;

4. Оқушының ойлау қабілетін анықтау.
Мектеп психологының жұмыс бағыттары

1. Диагностикалық

2. Профилактикалық (алдын алушылық)

3. Әдістемелік, кеңес берушілік

4. Коррекциялық (түзетушілік)

5. Дамытушылық

6. Эксперттік (сарапшылық)

7. Іс-әрекетінің барлық түрінен есеп құжаттарымен жұмыс.


Бақылау сұрақтары:

  1. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты қандай?

  2. Мектеп психологының негізгі мақсаты-міндеттері қандай?

  3. Мектеп психологының жұмыс бағыттарын атаңыз?

  4. Оқушыларды зерттеу неше түрлі шкала бойынша жүргізіледі?

  5. Мектеп психологының негізгі зерттеу әдістері көсетіңіз?

  6. Мектеп психологының құқықтық мәртебесінің алатын орны?


3- дәріс. Тақырыбы: Педагог-психолог қызметінің жұмыс бағыттары. (2 сағат)
Жоспары: 1. Психологиялық ағарту .Психологиялыќ сауыќтыру. Аналитикалық іс-әрекет
Лекция мақсаты: Мектеп психологының әлеуметтік- психологиялық қызметтің педагогикалық – психологиялық қызмет бағыттарымен таныстыру
Лекция мәтіні

Психологиялық ағарту

Мектепте әлеуметтік –психологиялыќ ќызмет келесі баѓыттарда ж±мыс атќарады:

Педагогикалық қызметкерлерді жєне ата-аналарды психологиялыќ аѓарту.

Мақсаты-педагогтарды, ата-аналарды, балаларды психологиялыќ біліктілікке баулу. Психологиялыќ аѓартудыњ т‰рлері сан т‰рлі. Айталыќ оѓан єдістемелік кењесте жєне ата-аналар жиналысында µтілетін лекциялар, єњгімелесулер, топтыќ жєне жеке консультатциялар, семинар практикумдар, ата-аналар жиналысы, кµрмелер, жарнамалар дайындау емес, балаларѓа ќазіргі тањныњ µзінде баќытты арайлы µмір жаѓдайын туѓызу. Яѓни ересектерге психологиялыќ аѓарту ж‰ргізу арќылы, м±ныњ басты мєселе екеніне кµзін жеткізу.



Психологиялыќ сауыќтыру

Маќсаты - барлыќ жас кезењінде балалардыњ психологиялыќ саулыѓын дамыту жєне саќтау, ныѓайту. Єр жас кезењін ескере отырып, балаларѓа арналѓан дамыту баѓдарламаларын жасау жєне оны іске асару, сауыќтыру шараларын ќолдану, мектептегі тєрбие беру жєне оќу арќылы баланыњ толыќќанды дамуына жаѓдай туѓызу психологтыњ ењ жауапты ж±мыс баѓыты.



Психологиялыќ диагностика

Маќсаты – жеке т±лѓаныњ жеке жєне жас ерекшелігін, т±лѓа аралыќ ќарым ќатынасын зерттеу. Психодиагностиканыњ негізгі міндеті- педагогтарѓа , ата-аналарѓа балалардыњ жеке психологиялыќ ерекшеліктері жайлы ќажетті хабар беру. Психодиагностикалыќ іс-шараѓа кіріспестен б±рын, оќу жылы барысында тестілердіњ маќсаты міндетін т‰сіндіру, олардыњ жазбаша р±ќсатын, ќолдарын жинау арќылы оны ж‰зеге асыру ќажет.



Психологиялыќ т‰зету

Маќсаты – балаларды жеке т±лѓалыќ дамуындаѓы психологиялыќ ауытќуларынан арылту, т‰рлі жаѓымды іскерлік пен даѓдыларды ќалыптастыру. Психолог ж±мысындаѓы т‰зету-дамыту баѓыты, ќызметтіњ ењ ќиын т±сы. Сондыќтан да б±л баѓыт практик-психологтан шеберлікті ќажет етеді.



Психологиялық кеңес беру

Маќсаты – оќу – тєрбие процесінде туындаѓан проблемаларды шешуге кµмек кµрсету. Кењес беру ж±мысында психологтыњ іскерлік, даѓдысын дамыту мен бірге б±л арнайы дайындыќты талап етеді.



Аналитикалық іс-әрекет

Маќсаты – туындаѓан проблемалыќ себептердіњ ѓылыми теориялыќ негіздерін ќарастыру, педагогикалыќ процеске ќатысушыларѓа кешенді ±сыныстар жасау.


Бақылау сұрақтары:

1. Психологиялыќ ағартудың мақсаты?

2 .Аналитикалыќ іс-єрекеттің мақсаты?

3. Психологиялыќ кењес берудің мақсаты?

4. Психологиялыќ т‰зетудің мақсаты?

5. Психологиялыќ диагностиканың мақсаты?

6. Психологиялыќ сауыќтырудың мақсаты?
4- дәріс. Тақырыбы: Мектеп психологы іс-әрекетінің мазмұны
Жоспары: 1.Ұйымдастыру-психологиялық жұмыс

2. Дамытушылық және психофасилитациялық жұмыс

3. Психопрофилактикалық жұмыс

Лекция маќсаты: Мектеп психологы іс-әрекетіндегі ұйымдастырудағы-психологиялық жұмыс, Дамытушылық және психофасилитациялық , психопрофилактикалық жұмыстарының мазмұны мен студенттерді таныстыру
Лекция мєтіні

1.Ұйымдастыру-психологиялық жұмыс

Мектеп психологы ұйымдастыру-психологиялық іс-әрекетті орындау барысында келесі жұмыстарды жүргізеді:



  • Балаларды мектепке қабылдау және сыныптарды жинақтау;

  • Мектептегі психологиялық қызметтің іс-әрекет бағдарламасын немесе жоспарын оқу орнының ерекшеліктерін ескере отырып жасау.

  • Оқу-тәрбие жұмыс жоспарлары мен құжаттарына, мектеп әкімшілігінің не педагогикалық кеңестің қабылдаған шешімдеріне және іс-әрекеттердің тиімділігін болжамдауға психологиялық талдау.

  • Мектеп оқушыларын аттестациялауға қатысу.

  • Жаңа мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ұжымда болатын кикілжіңдерді шешу, оқу топтарын құру, мектеп ұжымындағы психологиялық ахуалды орнықтыру, сауықтыру, оқыту-тәрбиелеу ісіне инновациялық үрдістерді енгізу, т. б. Мәселелер бойынша ұсыныстар беру. Бір сөзбен айтқанда, белсенді болу, алғы шепте болу, қамқоршы болу...

  • Әкімшілікке, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға әртүрлі мәселелер бойынша кеңес беру.

  • Әртүрлі мәселелер бойынша психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмысына қатысу.

  • Түрлі семинарлар, конференциялар жұмысына, әдістемелік бірлестіктер отырыстары мен іс-шараларына қатысу, басқа мектеп психологтарымен, психология кафедраларымен, практикалық психологтар ассоциацияларымен байланыс орнату, белсенді араласу, сақтау.



2. Дамытушылық және психофасилитациялық жұмыс

  • Психолог тұлғалық даму, шығармашылық және кәсіби қабілеттілік, т.б. мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.

  • Педагогтарға оқытудың және тәрбиелеудің әдістемелерін таңдау кезінде көмек көрсету.

  • (Әкімшілік-педагогтар, педагогтар-педагогтар, педагогтар-оқушылар, оқушылар-оқушылар, ата-ана-оқушы) сияқты тұлға аралық өзара қарым-қатынастың барлық деңгейін талдау, қате тұғырнамаларды түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  • Тұлғаның дамуындағы кедергілерді анықтау және жоба бойынша жұмыстар жүргізу.

  • Тұлғалық және кәсіби даму мәселелері бойынша мониторинг өткізу.

  • Тұлғаның даму деңгейіне таңдамды бақылау жүргізу.

  • Мектеп әкімшілігімен, педагогтармен, ата-аналармен, оқушылармен өзіндік білім алу және өз-өзін тәрбиелеу мәселелері, тұлға дамуы мен оның жекелеген жақтары туралы кеңес жүргізу.

  • Мектеп әкімшілігін және педагогтарды педагогиканың психологиялық негіздерімен, ынтымақтастықтың және оқыту мен дамытудың белсенді әдістерімен таныстыру және оқыту.

3. Психопрофилактикалық жұмыс

1. Оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың арасында психологиялық-педагогикалық білімдерді насихаттау.

2. Мектеп оқушыларына арналған психологиялық үйірмеге жетекшілік жасай алады.

3. Психологиялық диагностика көмегімен тұлғалық дамудағы кері өзгерістерді анықтайды және анықталған өзгерістерді болдырмау мен бейтараптандыру жөнінде педагогикалық ұжымға ұсыныстар әзірлейді.

4. Психологиялық диагностика көмегімен педагогикалық босаңсып кеткен балаларды анықтайды және оқытушыға олардың дамуын түзетудің жеке жоспарын жасауға көмектеседі.

5. Мектептің педагогикалық кеңесі мен ата-аналар үшін нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегу, токсикомания, жыныстық бұзылушылық, т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді, кеңес береді.

6. Мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға психологиялық артық жүктемені болдырмау, жүйке ауруларына ұшырамау туралы, олардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес береді.

7. Мектеп ұжымында жайлы хал-ахуал туғызу бойынша жұмыстанады.

8. Кітапхана қызметкерлеріне психологиялық-педагогикалық әдебиетті жинақтауға көмектеседі.

4. Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс

Мектеп психологы бұл іс-әрекеттің ерекше түрінде :

1. Педагогикалық кеңеске қатысушылардың барлығының тілдесу диагностикасын жүргізеді.

2. Психологиялық даму барысын немесе оның жекелеген жақтарын анықтау мақсатында оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізеді.

3. Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету мақсатында олардың қабілеттерін, мүдделерін, бейімдіктерін зерттеуді жүргізеді.

4. Сынып жетекшілерімен әкімшілік өкілдерімен және басқа да тұлғалармен бірлесе отырып, психикалық дамудағы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған психикалық түзету бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады.

5. Психологиялық тәсілдерді аймақтың әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа ерекшеліктерді ескере отырып жасайды, қолданады және бейімдейді.
Бақылау сұрақтары:

1. Мектеп психологы ұйымдастыру-психологиялық іс-әрекетті орындау барысында қандай жұмыстарды жүргізеді ?

2. Дамытушылық және психофасилитациялық жұмыс неше түрі бар?

3. Психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыс?



5- дәріс. Тақырыбы: Мектеп психологының іс-құжаттары (2 сағат)
Жоспары: 1.Апталық жоспар

2.Апталық жұмыс кестесі

3.Мектеп психологының жылдық жоспар үлгісі
Лекция мақсаты: Мектеп психологының іс-құжаттарының ішіндегі апталық жоспар, апталық жұмыс кестесін, мектеп психологының жылдық жоспар үлгісімен таныстыру және іс-тәжірибе барысында студенттердің қолданылуын үйрету

Лекция мәтіні

1. Мектеп үшін нақты, көкейкесті тақырып бойынша 2-3 жылға арналып жасалған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы. Мектеп психологының бір жылға арнап (төмендегі бағыттар бойынша) жасаған жұмыс жоспары:



  • мектеп ұжымының диагностикасы;

  • педагогикалық процесті диагностикалау және болжау;

  • оқушылармен, педагогтармен, ата-аналармен, басшылармен кеңес (консультация) жұмыстары;

  • мектеп ұжымында психопрофилактикалық жұмыстар;

  • қалалық, аудандық орталықтармен байланыс ұйымдастыру жұмыстары.

  1. Психологиялық көмек кабинетінің жұмыс циклограммасы.

  2. Психологтың апталық тор-жоспары.

  3. Психодиагностикалық құжаттар.

  4. Өткізілетін шаралардың (консультация, әлеуметтік-психологиялық тренинг, консилиум, т.б.) қысқаша жоспарлары мен бағдарламалары.



2. АПТАЛЫҚ ТОР-ЖОСПАР (ҮЛГІСІ)

Дүйсенбі

(психодиагностика)



Психодиагностика мен зерттеу нәтижелерді өңдеу

Сейсенбі

(кеңес беру)



Сенім телефоны, жеке , топтық және отбасылық кеңес

Сәрсенбі

(психокоррекция) түзету-дамыту



Психокоррекция және психопрофилактикалық жұмыс

Бейсенбі

(психопрофилактика) алдын алу



Қарым-қатынас тренингін өткізу, психотерапия сеансын, психологиялық гимнастика жүргізу

Жұма

(психологиялық-педагогикалық насихат, сауаттандыру, әдістемелік)



Модуль курстарын, педконсилиум, педкеңес өткізу, координациялық кеңестерге қатысу

Сенбі

(өз білімін жетілдіру)



Кітапханада жұмыс



АПТАЛЫҚ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Апта

күндері

Өтілетін орны мен уақыты көрсетілген жоспарланған шаралар

Ескерту

Дүйсенбі







Сейсенбі







Сәрсенбі







Бейсенбі







Жұма







Сенбі







Кесте әр аптаның аяғында келесі аптаға жасалуы тиіс.
3. МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Уақыты

Проблема

Жұмыс формасы

Әдістеме атауы

Адамның сапа

лық ерекшелігі

Жіберілген

уақыт

Нәтиже

Жауапты

Ескеру,

ұсыныс

өткізілді

өңделді

Қорытын-ды

1.






























2.






























3.





























Психологтың жұмыс кабинетінде материалдарды сақтайтын сейф болуы тиіс.



Психологиялық жеңілдеу бөлмесінде:

  • психологиялық релаксация жүргізуге;

  • психологиялық ауыртпалықты, жағымсыздықты жоюға;

  • эмоционалдық жеңілденуге;

  • жеке және топтық психологиялық кеңес алуға алуға;

  • психопрофилактикалық және психокоррекциялық шараларға қолайлы жағдай болуы керек.

  • сенім телефоны, пошта, жұмыс пункті болуы тиіс.

Психотерапевтік әсер етудің материалдық базасы:

  • аудиотехника;

  • психотерапевтік сипаттағы жазбалары бар аудиокассеталар;

  • проекциялық аппаратура;

  • арнайы психотерапевтік әсер етуші жарық жүйесі, т.б.

4. Психодиагностиканың материалдық базасы:

  • кеңсе жабдықтары – қағаз-қалам, маркер т.б.

  • жігер беретін, тыныштандыратын, көңіл-күйді реттеуші релаксация жазылған аудиотехника, арнайы қағаздар;

  • жеке компъютер, калькулятор, т.б. ЭЕТ.

5. Психологиялық ағарту-насихат және психологиялық дайындық:

  • оқу-әдістемелік материалдар;

  • көрнекі құралдар;

  • арнайы жабдықталған орын.

Психологтың кеңесі

Мұғалім (сынып жетекшісі, пән мұғалімі) егер мына принциптермен жұмыс істесе, сыныпта дұрыс ахуал қалыптастыра алады:

  • Оқу-тәрбие үрдісінің басынан бастап аяғына дейін мұғалім балаға деген толық сенім мен құрмет көрсетуі тиіс.

  • Ол топтың не әр баланың алдында тұрған мақсат пен міндеттерді қалыптастыруға және нақтылауға көмектесуі керек.

  • Ол оқушылардың оқуға деген ішкі ниет-мұқтаждығын (мотивация) ескере отырып жұмыс жасауы тиіс.

  • Мұғалім оқушылар үшін небір тәжірибе, дерек көзі ретінде болуы тиіс. Балалар кез келген сұрағына, белгілі бір кездескен қиындықтарын жеңуде мұғалімнен көмек, жауап алатынына сенімді болуы керек.

  • Ол әр бала үшін де мұндай рөлде бола алуы маңызды.

  • Ол өзінің бойында топтың эмоциялық қалпын сезіне алу қабілетін дамытуы керек.

  • Ол топтық іс-әрекеттің белсенді мүшесі бола алуы керек.

  • Ол топта сезімін ашық білдіре алуы тиіс.

  • Әр оқушының сезімі мен толғанысын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатияны меңгеруге тырысуы керек.

  • Мұғалім өзін-өзі жақсы білуі керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Мектеп психологының бір жылға арнап (төмендегі бағыттар бойынша) жасаған жұмыс жоспарын көрсетіңіз?

2. Психотерапевтік әсер етудің материалдық базасы атаңыз?

3. Мұғалім (сынып жетекшісі, пән мұғалімі) қандай принциптермен жұмыс істесе, сыныпта дұрыс ахуал қалыптастыра алады?


6- дәріс. Тақырыбы: Практик психологтардың кәсіби іс әрекеттерінің міндеттері және түрлері (2 сағат)
Жоспары:. 1. Психодиагностика

2. Психотерапия

3. Психокоррекция

4. Психопрофилактика

5. Психогигиена

6. Психологиялық реабилитация



7. Психологиялық ағарту
Лекция мақсаты: Практик психологтардың кәсіби іс әрекеттеріндегі психодиагностика, психотерапия, психокоррекция, психопрофилактика, психогигиена, психологиялық реабилитация, психологиялық ағарту түрлерімен және оларды дұрыс қолдануды студенттерге үйрету
Лекция мәтіні

1. Практикалық психологтардың міндеттері адамдардың неғұрлым шығармашылықты және икемді болуларына көмектесуге бағдарланған практикалық психологиядан туындайды. Практикалық психологтар өзерінің кәсіби іс-әрекеттерімен адамдар өмір сүріп, жұмыс жасайтын жерлердегі қиындықтарды шешу үшін теориядағы жетістіктерді және психологиялық әдістерді қолдану арқылы адамдардың психологиялық денсаулығын жақсартуға және қоғамның психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді.

Психологтың кәсіби іс-әрекетінің міндеттемелері мен түрлері факторлардың 2 тобымен анықталады: (1) практикалық психологияның құрылымына қатысты мамандандырылуымен және (2) оның өзі жұмыс жасайтын адамдардың (клиенттердің) немесе топтың психологиялық қиындықтарының сипатымен анықталады.

Осыған байланысты практикалық психологияның құрылымында психологтар іс-әрекеттерінің: психодиагностика; психотерапия; психологиялық түзету; психологиялық кеңес беру; профилактика; психогигиена, яғни дені сау өмір салтын тәрбиелеу, реабилитация; психологиялық ағарту және ғылыми зерттеулерді жүргізу сияқты түрлері ерекшеленеді.

Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау, сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы. Кейбір жағдайда ол клиентпен бірінші кездесуден бастап тікелей қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылып жедел сипатқа ие болса, басқа бір жағдайда неғұрлым арнайы танымдық процедуралар қолданылатын терең бағдарлама ретінде анықталуы мүмкін. Психодиагностикалық тексерудің нәтижелері психотерапевтік міндеттерді шешу тәсілдері жайлы қорытындылауға негіз болады. Мектептегі психолог мамандықты таңдаудың неғұрлым лайықты типін ұсына алады. Ол отбасында және мектепте тәрбиелеудің лайықты әдістерін қолдануды ұсына алады.

Диагностика жүргізілген алдын алу немесе кеңес беру жұмыстарының тиімділігін бағалауға да қажет.

Психодиагностикалық зерттеу ұйымының қайсыбір бөлімшесіндегі психологиялық қиындықтардың; дау-дамайлардың, еңбектегі адамгершіліктің және еңбек өнімділігінің созылмалы төмендеуінің, оқушылардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздігінің себептерін анықтауға бағытталады.

Персоналдың ұйымдастырушы мінез-құлқын, оқушылардың жеке-даралық қабілеттерін жоспарлы зерттелуі, психологтың бірінші сыныпқа балаларды жинауға қатысуы, балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтауы да психодиагностикаға жатады.

Психодиагностика бөлімінде маманданған психолог нақты адамдардың (ұйымның, топтың) қасиеттері мен күйлерін анықтау үшін зерттеудің психологиялық әдістерін қолданудың құрылымы мен мүмкіндігін талдауға арқау етеді. Психологиялық диагноздың маңызы оның тиімді терапия (түзету, кеңес беру) мен болжаудың бастапқы пункті болып табылуымен анықталады. Болжау бұл – диагноздың негізінде тұлғаның немесе топтың, ерлі зайыптылардың, басшы мен оның қоластындағылардың арасындағы өзара қатынастардың дамуын жорамалдау.

Практикалық психологияның сараптама қызметі де психодиагностикаға жатады. Барлық деңгейлерде, сондай-ақ шешімдердің салдарын болжау мақсатында саяси деңгейде де қабылданатын басқарушы шешімдер, құрастырылған заңдар, инновациялық жобалар және т.б. психологиялық сараптамадан өтеді.



2. Психотерапия бұл – адамның психикасына ықпал ету іс–шараларының жүйесі, психологиялық көрсету формасы, сондай-ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапияны шартты түрде психологиялық құралдармен адамдардың жүйке – психикалық және психосоматикалық аурулары мен бұзылыстарын емдеумен айналысатын дәрігерлік психотерапияға және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған және оның психологиялық қиындықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп бөледі.

Психотерапияның мәні клиенттің өміріндегі қиындықтарын жеңу мақсатында оның психикалық процестері мен реакцияларын жақсартуда. Бұл адамдардың өз-өзін, әлемді, ондағы өз орнын түсіну қабілетіне ие болуына ықпал ететін психологиялық көмектің бір түрі.

Психотерапияның мақсаты клиенттің жақсы қызмет ету бағытындағы реактивтілігін модификациялауда. «Психотерапия» тұлғаның ойлауымен, қылықтарымен, өзгеруі мен клиенттің психотерапевтпен ұзақ мерзімді қатынасуымен ассоциацияланады. Әдетте психотерапия «қалыпты емес» клиенттермен жанасады.

3. Психокоррекция психиканың қызмет етуі мен дамуындағы қалыпты жағдайдан қайсыбір жағымсыз ауытқуларды немесе басқа да мінез-құлықтық, эмоциялы, танымдық көріністерді әлсіруге немесе жоюға бағытталған адамның психикасына белсенді ықпал ету. Психокоррекция адамдардың дамуындағы және мінез-құлықтарындағы ауытқуларды жоюға әкелетін көмек көрсетуге шоғарланады. Көптеген авторлар психотерапия мен психокоррекциясының арасындағы айырмашылықты байқамауға бейім болады. Кейбіреулері соңғы терминнің психологтың клиенттермен жасайтын қызметінің дәрігерлік емес сипатын ерекше көрсетудің амалы ретінде ұсынылғанына сенімді.

Психологиялық кеңес беру бұл – ұсыныстар мен кеңестерді талап ететін аса терең емес қиындықтарға қатысты шешіммен ерекшеленетін психологиялық көмектің бір түрі. Оны психолог клиенттің қиындықтарын қосымша зерттеудің және сұхбаттасудың негізінде береді.

Психодиагностиканың клиенттің мінез-құлқын бақылай отырып сұхбаттасудың барысында жүзеге асатыны да, кеңес берудің бір ерекшелігі болып табылады. Кеңес беру сұхбаттасу мен психотерапияның арасында кең аумақты иеленуде. Сондай-ақ, олардың шекарасын нұсқау өте қиын. Кеңесші жиі терапевт ретінде көрінеді. Әдетте ол қалыпты жағдаймен жұмыс жасай отырып, паталогиямен істес болуға да міндетті.

4. Психопрофилактика бұл: а) жүйке – психикалық және психосоматикалық денсаулықтың бұзылыстары, әлеуметтік кикілжіңдердің, тұлғаның үйлесімді дамымауы, психологиялық алғы шарттары бар оқытудың, тәрбиенің, қарым-қатынастың қиындықтары сияқты әрқилы проблемалардың алдын алуға ықпал ететін іс-шаралардың жүйесі; б) нұсқалған қиындықтар мен заңдылықтарды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы.

Психологиялық профилактиканың мәні психологтың жауапкершілігінің аумағына енетін адамдардың психикалық және тұлғалық дамуындағы ықтималды жайсыздықтардың алдын алу жөнінде тұрақты жұмыс жасауында. Превентивті іс-шаралардың мақсаты адамдардың психикалық денсаулықтарының нашарлауына әкелетін себептерге қарсы тұруда, қалаусыз кикілжіңдерді, психикалық бұзылыстардың алдын алуда, сондай-ақ олардың салдарын азайтуда.

Психолог әлеуметтік топтарға тән және тұлға мен қоғамға зиян келтіретін жағымсыз құбылыстарды уақытында анықтап, редукциялауға, қауіптерді іздеуге шоғырланады. Психикалық бұзылыстардың алдын алу психолог іс-әрекетінің жиынтықталған бөлігі болып табылады. Балалар мен жастардың арасында превентивті міндеттердің шешілуі ерекше назарды талап етеді.

5. Психогигиена бұл – адамдардың жүйке - психикалық және психосоматикалық денсаулығын сақтауға және еңбектің (әсіресе интеллектілі), оқудың, сондай-ақ күнделікті өмірдің лайықты жағдайларын жасауға бағытталған іс-шаралардың жүйесі. Дәрігерлік психологияның нұсқалған мәселелерді зерттейтін саласын да психогигиена деп атайды. Тиісті әлеуметтік ортаны ұйымдастыру, адамдардың күн тәртібі мен өмір салтын жақсарту жолымен психикалық денсаулықты сақтау және нығайту психогигиенаның мақсаты болып табылады.

6. Психологиялық реабилитация қалыпты психикалық қызмет ету, қарым-қатынасты және іс-әрекетті қалпына келтіру мақсатында адамдардың өміріндегі психотравмалық оқиғалардан туындаған үлкен стресстен кейін қажет көмектің арнайы формасы болып табылады. Табиғи, техногенді және әлеуметтік апаттардың құрбандары реабилитацияны қажетсінеді. Көшуге мәжбүр болғандарға, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың ардагерлеріне күнделікті өмірдің психикалық травмаларын кешірген адамдарға психологиялық ликвидация қажет.

7. Психологиялық ағарту бұл – тұрғындарды, ұйымдардағы қызметкерлерді психологиялық білімдерге тарту. Мәселен мектепте психологиялық қызмет көрсететін психологтар мұғалімдер мен ата–аналардың психологиялық мәдениетін арттыру үшін лекциялардың циклін жүргізеді. Оларды қызықтырған мәселелер жөнінде кеңестер, сондай-ақ балалар және педагогикалық психология, тұлға психологиясы бойынша арнайы семинарлар, қарым-қатынас және тұлға аралық қатынастар тренингтері жүргізіледі. Көптеген мекемелерде қызметкерлерінің кәсіби жетістігімен тығыз байланысты психологиялық білімдерін арттырудың жүйесі бар. Психологиялық ағартудың бірқатар мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарымен, танымал әдебиеттің басылымымен, практикалық психологияның қызметтерін жарнамалаумен шешіледі.

Практикалық психологтың міндеттері практикалық психология рухының нақтылануы, оның жауапкершілігінің сферасы мен шынайы жағдайларының сипатталуы болып табылады. Мәселен, балалармен және жастармен жұмыс жасайтын психологтар: агрессивтілігі мінез-құлық ұзақ мерзімді мазасыздық, зейінсіздік, мөлшерден тыс сезімталдық, ынжықтық, мектепке барудан, сабақта жауап беруден қорқу, жүйелі ұрлық баланың үйде немесе мектепте өтірік айтуы, мектептен немесе үйден қашып кету; мінез-құлықтағы күтпеген өзгерістер, оқудағы төмен нәтижелер, сабақтың бірін меңгерудегі қиыншылықтар; мектептегі оқушыға қызығушылықтың болмауы; сөйлеу тілінің шығу тегі; жүйке-психикалық бұзылыстары; бастың жүйелі ауыруы, ұйқының қашуы, себепсіз шаршау сияқты педагогикалық құралдармен шешілмейтін мәселелермен айналысады.

Практикалық психологтың кәсіби іс-әрекеттерінің міндеттерін екі негіздеме бойынша бөлген орынды.

Бірінші негіздеме бұл – іс-әрекеттің ұйымдастырушы көркемделуінің сипаты. Психолог қайсыбір мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымның штаттағы қызметкері бола алады, тәжірибелеуші маман ретінде өз бетінше немесе аймақтың кеңес беруші, психотерапевтік немесе диагностикалық құрылымның құрамында жұмыс жасай алады. Қайсыбір ұйымда жұмыс жасайтын психолог сол ұйым іс-әрекеттерінің ерекшеліктерінен және оның жағдайларынан туындайтын міндеттерді шешеді. Ол еңбекті психологиялық жақсарту, тұлғаралық және топ аралық қатынастарды басқару жөніндегі ұсыныстарды жасайды. Қызметкерлердің психикалық қысымының, моралды күйінің, эмоциялы ахуал деңгейінің мониторингі және ықтималды өңдеулермен, оқиғалармен байланысты сол көрсеткіштерді болжау, оның (психологтың) басты ісі болып болып табылады.

Клиникалық психолог негізінен психологиялық көмекке мұқтаж адамдардың мәселелерін шешумен айналысады. Әрине өз-өзіне сыйластықпен қарайтын маман қолына алған міндеттерінің шеңберін кәсіби біліктілігінің деңгейімен шектейді. Кәсіби психолог, өз мүмкіндіктері мен біліктілігінің деңгейін шынайы бағалайды. Сол мүмкіндіктерінің шектеулерін түсініп мойындайды, қызметтестерімен және аралас мамандықтардың өкілдері – психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және т.б. бірлесіп қызмет етеді. Оның клиентке «жоқ, мен бұл мәселелермен айналыспаймын» деген жауабы, оның кәсіби біліксіздігінің көрсеткіші емес.

Психологтың міндеттерін дифференциялаудың екінші негіздемесі – олардың жоспарға қатынасы. Негіздеме бойынша жоспарлы (ағымдағы) және шұғыл міндеттер ерекшеленеді. Жоспарлы міндеттер ұйымдағы қызметкерлер іс-әрекетін психологиялық қамтамасыз ету қажеттілігімен немесе клиникалық қабылдау режимімен міндеттеледі. Жоспарлы міндеттердің кейбірі қысқа мерзімді болса, тағы бірі ұзақ мерзімді болады. Қысқа мерзімді міндеттердің нақты құрылымы, мақсаты және нәтижесі болады. Мәселен, оларға тестілеу жатады.

Ұзақ мерзімді міндеттер психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағдарланған нақты идеялар мен ойлардың жүзеге асуын білдіреді. Ұйымдастырушы психологтың ұзақ мерзімді міндеттері психологияның заңдарына сай персонал іс-әрекеттерінің жағдайларын жүйелі жүргізуінде анықталады. Бұл жеке-дара сәйкессіздіктердің, қолайлы шешімдердің анықталуын көздейді және билікке ие қызметкерлерді үгіттеуді, психологиялық тұрғыда қажет деп есептелінсе, ұйымдастырушы, қаржылық, технологиялық және басқа да өзгерістерді болжайды. Психологтың клиентпен қызметі мазмұны мен мерзімі бойынша нақты белгіленбеген нәтижелермен ұзақ мерзімді міндеттердің мысалы болып табылады.

Кикілжіңдер, апаттар, залалдар, жеке-дара зорығу, сондай-ақ аталған және басқа да эксцесстердің кері психикалық және әлеуметтік психологиялық салдарын жою сияқты қызметкерлердің жұмыс жасауының реттелген үрдісіндегі кез келген бұзылыстардың психологиялық себептерін анықтау ұйымдастырушы психологтың шұғыл міндеттерінің қатарына жатады.

Практик психологтың алдындағы міндеттердің қалай құрастырылатыны жайлы сәйкес құжаттардан білуге болады.

Мәселен, мектептегі психологиялық қызметтің өзіне тән мақсаттары мен міндеттері бар. Оның негізгі мақсаты – балалар мен жас өспірімдердің психикалық денсаулығы мен білім алу қызығушылықтарына ықпал ету. Бұл: оқу-тәрбие процесінің психологиялық диагностикасын; мектептегі балалардың танымдық эмоциялық және әлеуметтік дамуына толыққанды ықпалын қамтамасыз ету мақсатында психологтың белсенді кірісуін: педагогтар мен ата-аналарға, балаларға қамқорлық көрсетуге қатысты барлық мәселелерде көмектесуді; мұғалімдер мен ата–аналарды психологиялық оқытуды; оқушылардың жеке-дара қиындықтарын және педагогтардың кәсіби мәселелерін шешуде мектеп қызметкерлерімен және ата-аналармен бірлескен жұмысты болжайды. Мектептегі психологқа төмендегідей міндеттер жүктеледі:



  • балалардың оқуға даярлығын анықтау, мұғаліммен бірлесіп бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды мектепке бейімдеудің жеке-дара бағдарламасын құрастыру;

  • оқушылардың даралық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдермен және ата-аналармен бірігіп, дамытпалы бағдарламаларды даярлау және жүзеге асыру;

  • оқушылардың өміріндегі өтпелі кезеңдерді қадағалау;

  • үлгермеуші және тәртіпсіз оқушылармен диагностикалық түзету жұмыстарын жүргізу;

  • оқуға және тәрбиеге кедергі келтіретін оқушылардың интеллектілі және тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау және түзету;

  • оқушылардың мұғаліммен, құрдастарымен, ата-аналарымен тұлғааралық қатынастарындағы бұзылыстарды анықтау және жою;

  • балаларды оқыту және тәрбиелеудің, олардың психикалық қызметтерінің дамуының психологиялық мәселелері жөнінде мектептің әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру;

  • оқу, даму, өмірде өз-өзін анықтау, өз-өзін тәрбиелеу, ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастары жөнінде оқушыларға жеке-дара және топтық кеңес беру;

  • оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау және оларды дамыту жөнінде оқушылармен тұрақты жұмыс жасаудың қорытындысы ретінде кәсіби бағдарлау.

Осылайша, практикалық психологтардың кәсіби міндеттері оның іштей мамандануымен және нақты ұйымның іс-әрекеттеріне қатысуымен міндеттелген психологиялық проблемалардың табиғаты мен бастапқы бағдарынан туындайды.
Бақылау сұрақтары:

1. Психодиагностика туралы жалпы түсінік?

2. Психотерапия туралы жалпы түсінік?

3. Психокоррекция туралы жалпы түсінік?

4. Психопрофилактика туралы жалпы түсінік?

5. Психогигиена туралы жалпы түсінік?

6. Психологиялық реабилитация туралы жалпы түсінік?

7. Психологиялық ағарту туралы жалпы түсінік?

7- дәріс. Тақырыбы: Практик психологтардың іс-әрекетіне әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру (2 сағат)
Жоспары: 1. Психолог-практиктердің іс-әрекетіндегі әлеуметтік тапсырыс

2. Психолог-маманның тәжірибесі


Лекция мақсаты: Психолог-практиктердің іс-әрекетіне деген әлеуметтік тапсырыс, тұрғандардың психологиялық көмекке деген қажеттіліктерін сезіну дәрежесін студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні

1. Психолог-практиктердің іс-әрекетіне деген әлеуметтік тапсырыс, тұрғандардың психологиялық көмекке деген қажеттіліктерін сезіну дәрежесін сипаттайды.

Психологиялық көмек адамдарға әрдайым қажет. Сондай-ақ, көптеген адамдар оны әр уақытта алып отырды. Шамандар, тәуіптер, шіркеу, жанұя, достар, жеке-дара психологиялық қабілетті тұлғалар қалайда психологиялық проблемаларды шешіп отырды. Алайда тек жиырмасыншы ғасыр ғана практик-психолог мамандығының пайда болуына түрткі болған әлеуметтік тапсырысты қалыптастырды. Көп мөлшерде бұл адамның маңыздылығын, бірегейлігін және қайталанбастығын сезінумен міндеттеледі. Әрине, әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуына, практикалық психологияға сұраныстың артуына қоғамдағы, экономикадағы, жанұялардағы, жеке-дара адамдардың тағдырларындағы дағдарыстардың ықпал еткені сөзсіз. Технологиялық, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, саяси және басқа да процестердің есебінен бүкіл әлемде психологиялық проблемалардың артқаны соншалықты, оларды шешудің тұрмыстық тәсілдері жеткіліксіз болды.

Сондай-ақ, психолог қоғамдық сананың қарама-қайшылығына кездесіп отырады. Ол клиенттердің оның қызметінің мазмұны жайлы түсініктерінің бұлыңғырлығында көрінеді. Кейде психологтың кәсіби мүмкіндіктері абсалюттеніп, тіптен жұмбақталса, кей жағдайларда оның іс-әрекеттерінің нәтижелеріне мөлшерден тыс сыни қатынас қалыптасады.



Күнделікті кәсіби психологиялық тәжірибе қоғамның адам даралығының құндылығын сезінуге ықпал етеді. Практикалық психологтың мамандығына әлеуметтік тапсырыстың берілуі, қоғамдық сананың, оның кәсіби іс-әрекеттерінің мазмұны жайлы, адамдардың ешбір өзге әлеуметтік институттар ықпал ете алмайтын қиындықтарына көмектесу мүмкіндіктері жайлы қолайлы түсініктеріне негізделеді. Бұл процеске қазіргі заманғы адамдардың қиындықтарын талдайтын публицистикалық және ғылыми-танымал әдебиет те ықпал етеді. Адам жайлы нақты психологиялық білімдердің қажеттігін әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі салаларының өкілдері: мұғалімдер, дәрігерлер, заңгерлер, менеджерлер, саясаткерлер де сезіне бастады. Ондай білімдерсіз олардың өздеріне қатысты – басқа адамдармен мақсатты түрде өзара әрекеттесу, оларды басқару сияқты негізгі міндеттері қиындатылатын еді. Практикалық психологиялық проблемалардың саны мен қарындылығы оларды психологиялық білімдерді жариялауға едәуір сезімтал етеді. Осылайша, өзінше бір психологиялық басқару – объектінің (индивидтің, топтың) психологиялық сипаттамаларын өзгерту мақсатында кәсіби мамандардың практикалық психология әдістерінің және құралдарының көмегімен ықпал етуінің орын алатынын айтуға болады.

Қоғамдық тәжірибенің жеке аймақтары өздерінің практикалық психологиялық проблемаларын әрқилы ырғақпен, біреулері едәуір тез, басқалары баяуырақ сезінеді. Заңгерлік тәжірибе, қаржылық аймақ, медицина, орта білім жүйесі, қарулы күштер, көлік (транспорт), авиациялық сияқты әлеуметтік салалар психологиялық қызметтерді қабылдауға едәуір бейім. Бұл жағдайды өмірдің осындай салаларында психологиялық қиыншылықтардың салдарына едәуір сезімтал, адам даралығының рөлін және тұтастай психологиялық фактордың маңыздылығын түсінуде нақты дәстүрлердің орын алуымен түсіндіруге болады.

Соңғы жылдары психологты қабылдаудағы белгілі бір дайындықты жалпы білім беретін мектептен көруге болады, дәл сонда оның қызметінің нәтижелеріне қатысты азды-көпті тепе-тең үміттер қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде–ақ мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар: оқудағы ерекше қиындықтарды және олардың себептерін анықтау; ақыл-ой мен тұлғалық дамудағы ауытқуларды жою және алдын алу; күрделі даулы жағдайларды шешу және т.б. көптеген қиындықтарды шешуде психологқа сүйенеді. Дегенмен, бұнда да психологиялық білімдердің танымал болуы ең алдымен мәдениеттің негізін қалыптастыруда өзекті болуда.

2. Психолог-маманның тәжірибесі психологтың қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай-ақ ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез-құлқының, қарым-қатынастарының және іс-әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту мақсатында олардың себептерін анықтау қажеттігін сезінсе әрдайым бастамашылдық танытып, ол жөнінде алдына міндет қоя алады.

Мемлекет практикалық психологияның маңызды тапсырыс берушісі болып табылады. Дәл сол жағдай әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қызығушылықтары мен қатынастарын үйлестіруді, тұрғындардың нақты қатпарларындағы өмірдің сапасын жақсартуды, адамдардың психикалық денсаулығын нығайтудың жағымды жағдайларын қалыптастыруды көздеген әлеуметтік саясатты жүргізуі тиіс. Бұл салада сәйкес мемлекеттік бағдарламаларынсыз шешілмейтін көптеген күрделі, негізінен жалпы ұлтқа ортақ проблемалар бар. Мәселен, АҚШ-та санақтың мәліметтері бойынша стресстермен байланысты проблемаларды шешуге жыл сайын 75-90 миллиард доллар жұмсалады. Ол ұлттық жалпы өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Сонымен бірге, өнімділіктің стерсстік күйзелістерден төмендеуінің шығындары шамамен 17 миллиардды құрайды; ішкілік 10 миллиардтармен есептелетін шығындардың себебі болып табылады (жұмыстан қалу және бос шығындалған дарындылық); нашақорлық жыл сайын 17 миллиардтың шығындалуына әкеледі.

Қазақстандағы әлеуметтік денсаулық мәселесі де қылмыскерліктің деңгейін, саяси алаңдағы конфронтациялықты төмендету үшін, билік пен халықтың, жұмыспен қамтамасыз етушілер мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы өзара қатынастарды жақсарту үшін, тұрғындардың барлық категорияларының күнделікті тұрмысын сауықтандыру үшін қуатты шешімдерге мұқтаж болар.

Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялар психологиялық қызметкерлердің ең жетекші тапсырыс берушілері болып табылады. Басшылық саяси процестегі психологиялық факторлар маңыздылығының және практикалық психологияның стратегиялық деңгейге көтерілгенінің қуатын сезінген сайын, саяси –психологиялық сипаттағы тапсырыстардың саны арта түседі.

Осылайша, психолог-практиктердің іс-әрекетіне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы экономиканың, саясаттың, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің, сондай-ақ қоғамдық өмір мен іс-әрекеттің басқа да салаларының адамдар мінез-құлықтарының психологиялық заңдылықтарын түсіну мен ескерудің толққандылығына деген өспелі тәуелділігімен міндеттеледі. Тұрғындардың адам өмірінің құндылығын сезінулерімен байланысты психологиялық мәдениеттерінің артқан деңгейі психологиялық қызметтердің маңызды бастауы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

1. Психолог-практиктердің іс-әрекетіндегі әлеуметтік тапсырыс туралы

2. Психолог-маманның тәжірибесін атаңыз. Мысал келтіріңіз?

8- дәріс. Тақырыбы: Практик психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымы жайында (2 сағат)

Жоспары: 1. Практикалық психология кәсіби іс-әрекетінде
Лекция мақсаты: Практик психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымын мектеп басшыларынан, оқытушылардан, оқушылардан, ата- аналарынан келетінін түсіндіру
Лекция мәтіні

Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты болып, кәсіби қызметтердің аталмыш түріне деген әлеуметтік тапсырыстың көрініс беру формасын білдіреді. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс-әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады.

Жалпы, бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық проблемаға қатысты кеңес қажет болған психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине, психологқа проблемаларын өз бетінше шеше алатын, өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуынан алдын ала сақтандыра алатын адамдар келмейді. Алайда, оның іс-әрекетіндегі немесе өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психологиялық көмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін.

Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл – психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге, клиент психологиялық ақпаратты алушы да болып табылады, яғни дәл клиенттің проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс.

Оқушыларға қатысты мұғалімдер, балаларына қатысты ата–аналар, қызметкерге қатысты ұйымдардың басшылығы, аурулардың нақты категорияларына қатысты дәрігерлер, психологиялық сараптамаға мұқтаж айыпталушыларға қатысты сот органдары психологтың қызметтеріне тапсырыс берушілердің қатарына жатады. Жарнамашылар, қоғаммен байланыстар жөніндегі құрылымдар және имиджмейкерлер де өзінше психологтың қызметіне тапсырыс береді. Олар өздерінен тәуелсіз «клиентпен» – тікелей сатып алушылармен немесе дауыс берушілермен қызметке бағдарланады.

Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңінен танылған тапсырыстарды қарастырып көрелік. Мұғалімдердің және ата–аналардың тарапынан түсетін тапсырыстар көбінде кейбір балалар мен жас өспірімдердің оқығысы келмей, қабілеттерін жүзеге асыруға ниет білдірмеулеріне, барлық немесе нақты пәндер бойынша төмен үлгерімдеріне байланысты. Оқушылар өздерін нақты іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге, есті дамытуға, сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды бөлуге үйретуді сұрай келеді.

Көптеген тапсырыстар жеке проблемалар жөнінде болады: баланың мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың өз-өзіне сенімсіздігі, мінез-құлықтағы және өзгелермен өзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар психологтан қатарластарымен, әсіресе қарама–қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым – қатынастарындағы, мүғалімдермен және ата–аналарымен өзарақатынастарындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас өспірімдер мен боз балалар нақты қасиеттерін қалай дамытуға болатынын, қандай мамандықты таңдауға болатынын сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының бағдарламасын қалай құруға болатыны жөнінде, нашар отбасыларындағы балаламен қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата–аналар мен балалардың, оқушылардың арасындағы дауларды қалай шешуге болатыны, мектеп пен ата–аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы тапсырыстар келеді.

Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге жетпеген, өздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, өздерін қабілетсіз сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп өтудің орындылығына байланысты тапсырыстар да келеді.

Ұйымда қызмет ететін психолог тұрақты әрекет еткен әлеуметтік тапсырысты өзінің күнделікті міндеттерін бастамашылдықпен және шығармашылықпен орындау арқылы жүзеге асырады. Ол өзінің жоспары бойынша жұмыс жасай отыра, дара немесе топтық психологиялық проблемаларды анықтайды, оларды зерттеп, шешу жолдарын іздестіреді. Мәселен, психолог оқушылармен танысу үшін ағылшын тілі сабағына келеді. Оның назарын мұғалімнің әрбір сұрағына қолын көтеріп, сенімді, ашық та қуанышты жауап беретін қыз аулайды. Мұғалім аталмыш сыныптағы балаларды сиаттауда сол қызды өте қабілеттілердің бірі деп атайды. Алайда, келесі математика сабағында ол өз өзіне ұқсамайтындай: пысықтығы жоғалып кетті, сұрақтарға селт етпейді, ал егер сұраса сенімсіз түрде жасқаншақтықпен жауап береді. Математика пәнінің мұғалімі қызды үлгерімі әлсіздердің қатарына жатқызады. Психологтың алдында: осындай соншалықты әркелкі оқудың негізінде не жатыр? деген сұрақ туындайды. Ендігі жолда ол тәжірибеден алынған вербалданбаған, көркемделмеген тапсырыстың негізінде психологиялық проблеманы құрастыруы қажет.

Жалпы, клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге, одан кеңес алуға немесе психотерапия сеанстарына өз бетінше келеді. Алайда, кейбір жағдайларда (жабық мектептерде, түрмелерде, клиникаларда) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз бағдарлайды. Әрине, осындай жағдайда өзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру қиынға соғады.

Клиентке қарағанда, тапсырыс беруші, психолог пен клиенттің арасындағы делдал іспеттес. Кейде ол жақындарына, таныстарына немесе қоластындағыларына психологиялық көмектің қажет екендігін сезінетін, алайда оны өз күшімен жасай алмайтын интуитивті психолог рөліне енеді. Кейде ол нақты ұйымның басшысы ретінде ондағы сәйкес инновациялық немесе қайта өңдеу іс-шараларын шешу жоспарларына енген диагностикалық және кеңес беруші іс-шаралардың бастамашысы болып табылады. Кейбір жағдайларда клиент пен тапсырыс беруші бір адам болуы мүмкін. Ондай жағдай психологқа түскен жеке-дара көмек, топтық (тұлға аралық) психодиагностика мен кеңеске ұласып, өзарақатынастардағы дау-дамайлардың шешілуін болжағанда орын алады. Егер де, адам психологқа: «Мен мұнда балаларыммен дұрыс араласу үшін және ол жайында талқылау үшін келдім» деп көмек сұрай келсе, психолог проблеманың орталық үзбелісі балалар болмаса да, олар жайлы тақырыпты елемей қоя алмайды.

Тапсырыс беруші психологқа клиенттің әлеуметтік мәртебесінің, проблемасының өзіндік нұсқасын ұсынады. Кейде ол көзделген психологиялық көмектің мерзіміне, көлемдеріне және кейбір басқа да ерекшеліктеріне қатысты жағдайлар жөнінде алдын ала ескертеді.

Он төрт жасқа дейінгі бала психологиялық қызметтердің тапсырыс берушісі бола алмайды, өйткені ол құқықтық нормаларға сәйкес өз әрекеттеріне заңды жауап бере алмайды. Бұндай жағдай психологиялық ақпаратты ұсынуға және оны кімнің пайдаланатынын анықтауға қатысты құқықтық шеңберді қалыптастырады. Сондай-ақ бұл – практикалық психологтың диагностикалық зерттеулерінің нәтижесінде алған ақпараттың кімге және қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы мәселе. Егер де клиент он төрт жасқа дейінгі бала болса, ол жайлы психологиялық ақпарат оған жауапты адамдарға хабарланады. Ата-аналар немесе қамқоршылар сірә, ол ақпаратты баланың қызығушылықтарына орай пайдаланар.

Ересек адамға оның өзі пайдаланып, проблемасын қабылдап, шеше алатын психологиялық ақпарат хабарланады. Клиенттің психологиялық проблемасының шешімі қандай тиімді болса да, ол тек психологтың ойына ғана келсе, оны клиентке таңуға тырысудың қажеті жоқ. Мұнда адамдардың психологиялық мәдениеті нақты (алайда негізі емес) рөл ойнайды. Ол практикалық психолог қызметіндегі психологиялық ақпаратты алу, ұсыну және пайдалану қиыншылықтарының алдын алады.


Бақылау сұрақтары:

1. Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушілер кімдер?

2. Клиентке қарағанда, тапсырыс беруші, психолог пен клиенттің арасындағы делдал іспеттес.дегенді қалай түсінесіз?

9- дәріс. Тақырыбы: Психологиялық міндет және психологиялық көмек (2 сағат )
Жоспары: 1. Тәжірибелеуші психолог бұл – психологиялық міндеттер жөніндегі

маман

2. Психологиялық көмек көрсетудің түрлері?
Дәріс мақсаты: Психологиялық міндет және психологиялық көмек көрсету және тәжірибелеуші психолог бұл – психологиялық міндеттер жөніндегі маман екенін түсіндіру
Дәріс мәтіні

Тәжірибелеуші психолог бұл – психологиялық міндеттер жөніндегі маман.



Нақты психологиялық міндет психологқа клиенттің немесе тапсырыс берушінің тарапынан түскен тапсырыстан пайда болады. Психологиялық тапсырыс клиенттің кеңесшіге психологиялық көмектің нақты бір түрін табыс ету сұранысы.

Психолог міндетті анықтау үшін алғашында өзіне клиент берген сөздік немесе сөздік емес материалға ие болады. Кейде клиент қиыншылықтарын нақты көрсетеді («Мен парашютпен секруден қорқамын»), кейде олар тым бұлыңғыр болады («Мен не үшін келгенімді білмеймін, менің ойымша менде әлдене дұрыс емес сияқты»). Психолог өзінің кәсіби білімдері мен дағдыларына сүйеніп, клиентпен өзара әрекеттестікте сол мәліметтің психологтың өзіне, оның мектебіне, тұлғасының ерекшеліктеріне, қарым-қатынас мәнеріне байланысты екенін естен шығармай талдайды. Сұраныс проблеманы және сол проблема жайлы клиенттің (тапсырыс берушінің) көзқарасын да қамтиды, сондықтан ол психологиялық міндетке айналмастан бұрын белгілі бір «психологиялық өңдеуден», негізділігі жайлы тексеруден өтуі тиіс.

Клиенттің психологқа ұсынған сұранысының көбінде фрагментарлы және бірқалыпты болмауына қарамастан, онда нақты құрылымды табуға болады. Сұраныс берудің талдануы бірқатар компоненттерді ерекшелендіреді. Біріншіден, шағым анықтамасы бойынша бір нәрсеге немесе әлдекімге деген шағым болып табылады, яғни оның өзіне тән пәні бар. Екіншіден, шағымда көп жағдайда клиенттің психологиялық проблемасын жаңғыртуға болатын элементтер ұсынылады. Үшіншіден, шағым клиенттің өзін-өзі айқындау, өз қиындықтарын түсіндіру әрекеттерін қамтиды. Төртіншіден, ол психологтың әлденені клиенттің қызығушылығына орай жасауына көмек көрсету жөніндегі сұранысты қамтиды.

Сондай-ақ шағым – кез келген коммуникативті хабарлама сияқты клиенттің өзін-өзі көрсетуін, оның өзі жайлы ойын, әрі оның психологқа қатынасын да қамтиды.

Клиенттің психологқа ұсынатын сұранысының құрылымдық элементтерін егжей-тегжейлі қарастыралық.

1. Сұраныстың заттық мазмұнын құрайтын белгілі пәні болады. Сұраныстар пәні немесе бағыттылығына қарай іштей және сырттай бағдарланған болып екіге бөлінеді. Ішкі бағдар бұл – адамдардың өз-өзіне шағым етуі (мінезіне, қабілеттеріне, денсаулығына, ахуалына, мінез-құлқының ерекшеліктеріне және т.б.). Шағымның сыртқы бағдарының пәні ретінде басқа адамдар немесе тағдыр, жазмыш өмірдің жақсыз жағдайлары анықталады.

Шағымның объектісі ретіндегі адамдар бұл – көбінде клиентке жақын немесе таныс тұлғалар: отбасының мүшелер, көршілері, жұмыстағы қызметтестері, басшылық, билік өкілдері, «жаулары». Шағымның объектісі ретінде топ: отбасы, қызметкерлердің ұжымы, ұйым және т.б. танылуы мүмкін. Осы тектес шағымдар күйеуінің, әйелінің, балаларының, енесінің және т.б. жынысына, жасына, мәртебесіне сәйкес келмейтін рөлдік мінез-құлықпен қанағаттанбаумен байланысады. Олар клиенттің ойынша мінез-құлықтың психикалық нормаға (ақыл-ой дамуына, эмоциялы «қалыптылыққа») сәйкес келмеуінен немесе гипербелсенділік, баяулылық, рухсыздық, қатігездік, шешімсіздік сияқты ерекшеліктерінен туындайды.

Жақсыз жағдайлар – қылмыскерлік, кедейлік, құқықсыздық, баспанамен, қызметпен, уақытпен және т.б. байланысты қиындықтар.

Қатынасты, жақындықты, түсіністікті жоғалту сияқты өзара қатынастар, клиент қарсы жаққа шағымданса да, оның өзі де сол проблеманың мүшесі болып табылатын (клиент оны сезінбеуі мүмкін) кикілжің шағым бағдарының ерекше жағдайы ретінде қызмет етеді.

2. Клиенттің көзқарасы бойынша проблема, бұл – ары қарай бұлай жалғаса алмайтындықтан оның өзіне ұнамайтын және өзгеруі тиіс жағдайға нұсқауы.

Едәуір кең тараған проблемалардың барлық жиынтығын екі категорияға бөлуге болады.

Олар:


а) дидактикалық проблемалар: қолымнан келмейді, білмеймін, түсінбеймін, түсінгім, білгім, үйренгім келеді, не істеуге болады (ықпал ету, иландыру, кикілжіңдерді басу, міндеттеу, шыдау, кешіру, жазалау, емдеу, кету және т.б;

б) тұлғалық: сенімділікке ие болғым келеді (ерікке, ерлікке, шыдамдылыққа); қалай жасауға болатынын білемін, алайда істей алмаймын, қосымша стимулдар қажет, өзімнің қолымнан келмейді, ситуацияны өзгерткім келеді.

Сондай-ақ: «Барлығы да нашар, не істеуге болады, ары қарай қалай өмір сүруге болады» - деген ауқымды құрастырылған проблемалар да кездесуі мүмкін.

3. Адамдардың өз-өзіне диагноз қоюы – клиенттің өмірінде өзі жайлы және қоршаған әлем жайлы, адамдардың өзара қатынастары жайлы түсініктеріне негізделген қайсыбір бұзылыстың табиғатын түсіндіруі. Адамдардың өз-өзіне диагноз қоюы клиенттің шағымының мазмұнына деген қатынасын немесе оның болжалды себебіне нұсқауын білдіреді. Олардың неғұрлым жиі кездесетін түрлері төмендегіше:

а) нақты тұлғалардың «ашулы еркі», яғни олардың жағымсыз ниеттері. «Психикалық аномалиялар» сондай-ақ кемістігі генетикалық бағдарламаланған, тұқым қуалайтын ақыл-ойы кем деп есептелетін адамдардың бағалануы. Олардың мінез-құлықтарының тұрақты тұлғалық бітістерінің көрініс беруі ретінде;

б) адамдардың дербес бұрыс әрекеттері – оның өзінің өткен шақтағы және болашақтағы мінез-құлқын қайсыбір тәрбиеші, басшы бағынушы рөлінде сын тұрғысында бағалауы; тұлғасының кемшіліктері - мазасыздығы, сенімсіздігі, енжарлығы және оның салдарынан туындаған бұрыс мінез-құлқы;

в) отбасындағы немесе жұмысындағы жайсыздық, ауру, мөлшерден тыс жүктеме, шаршау және т.с.с.

4. Тапсырыс, бұл – клиенттің психологтан күтетін көмегі. Әдетте, тапсырыс – проблеманың қисынды жалғасы болып табылады. «Істей алмаймын, үйренгім келеді» деген проблема: «үйретіңіз» деген тапсырысты тудырады. Тапсырыстың жалпы мағынасы бұл – клиенттің психологтан не нәрсенің қажет екендінінің айқындалуы, одан нақты әрекеттерді, ойларды не сезімдерді күтуі. Психологқа ықпал ету әрекеті азды-көпті дәрежеде ашық немесе бұлыңғыр болуы мүмкін. Соңғы жағдайда манипуляциялау сөз етілуде. Манипуляциялаушы клиент психологқа ықпал ету үшін шағымның барлық элменттерін пайдаланады.

Шағымның төмендегідей түрлері ерекшеленеді:

а) эмоциялы және моральды арқауға қатысты шағымдар («мен айтқандарымның дұрыс екені?!», «менің жақсы адам екендігім рас қой?»);

б) бірігіп талдауға қатысты шағымдар («мен жағдайды дұрыс түсінгеніме сенімсізбін, маған көмектесіңізші?»);

в) ақпарат жайлы шағым («бұл жөнінде не білесіз?»);

г) дағдыларға үйрету жайлы шағымдар («мен мұны істей алмаймын, үйретңізші»);

д) ұстанымды қалыптастыруға көмек сұрау шағымы («ол менің көзіме шөп салса, не істеуге болады?»).

Дәл осындай тапсырыстар клиенттің басқа адамдардың атынан, біреу үшін көмек сұрауда анықталуы мүмкін («оған қорқыныштарынан арылуға көмектесіңізші», «балалармен араласуға үйренуге көмектесіңізші?»). Тапсырыстар клиенттің қызығушылығына орай нақты адамдарға ықпал ету сұранысында анықталуы мүмкін («оны едәуір тілалғыш етіңізші», «оның ызалы еркін жеңуге көмектесіңізші»).



Адамның өмірінде істес болатын міндеттері заттық және психологиялық деп екі үлкен категорияларға бөлінеді. Заттық проблемалар адамды қоршаған ортаны өзгерту жолымен шешіледі. Психологиялық проблемалар – адамның өзін, оның ахуалын, қабылдауын және орта жайлы түсінігін өзгерту жолымен шешіледі. Психологиялық проблема бұл – клиенттің құтылғысы келген, психикалық қысым тудыратын және қасіреттерге душар ететін дамуындағы нақты қарама-қайшылықтардан туындаған психикасының үйлесімсіз күйі, оның психологиялық қиындықтарының жиынтығы. Олар: кикілжіңдер және олардың салдары; қарым-қатынастағы қиыншылықтар, ауыр тиетін жан күйзелістері, адамдардың өз-өзіне немесе әлдекімге қанағаттанбауы және тағы басқа жағдайлар.

Проблемалардың екі категориясы да бір-бірімен тығыз ұштасады: кейде адамның өмірі мен іс-әрекеті жағдайларының өзгеруі, адамды өзгертудің ең қысқа жолы болуы мүмкін, ал ортаның өзгеруі үшін адамның өзгергені қажет.

Сондықтан, аталған проблемалар оңай бөліне бермейді: жиі заттық проблеманың астарында психологиялық проблема жасырынады.

Айналаны өзгертпес бұрын адамдардың өзі өзгеруі қажет деген екі ұшты көзқарас бар ол сірә, өмір жағдайларын қайта өңдеуден гөрі, «адамдардың өздерінің» өзгергені оңай деген сенімге негізделеді. Алайда, психологиялық проблема сыртқы заттық проблемадан әсте оңай емес: әдетте қалаулы ішкі өзгеріске жету қиын, ол ерікке тәуелді: шылымды тастау оңай емес, ал ішімдіктерден немесе нашадан құтылу мүмкін емес десе де болады. Адам жанын зақымдайтын қатерді сарыуайымды, агрессивті бетбұрыстарды және басқа да ішкі дефомацияларды билеуге қабілетті бола бермейді. Осы тектес барлық жағдайларда ол психологиялық проблемамен (ретсіз психикалық әрекетпен істес әр психологқа дәл сол проблемамен келеді.

Клиент проблемасының вербалды емес белгілермен қосарланатын қайсыбір сөз түрінде анықталатын белгіленетіні анық. Осындай вербалды және вербалды емес хабарлар психологиялық және ортаға қатысты ақпараттарды қамтиды. Психологиялық ақпарат (адамдардың өзін-өзі бағалауы) психологтың танымдық, эмоциялы және мінез-құлықтық бетбұрыстарды ерекшеліндіруге, ортаға қатысты ақпарат – клиент өмірі мен жұмысының нақты жағдайларында бағдарлануына мүмкіндік береді.

Психологтың рөлі проблеманың баяндалуын тыңдауда: клиенттің қиыншылықтарын айқын құруға және бірігіп оларды жеңу жолдарын көздеуге көмектесуде. Психологты бірінші кезекте проблеманың негізінде жатқан факторлар мен жағдайларды қызықтыратыны кездейсоқтық емес.

Сондай-ақ клиенттің шынайы жағдайы шағымының мазмұнынан біршама ерекшеленуі мүмкін. Әдетте әңгіме клиенттің шынайы қасіретінің тек үстіртін құрылымын білдіреді. Психолог әлденені кеңес етпестен бұрын проблемды бөлімді кеңейтуі тиіс. Өткені клиенттің бір ғана проблемасы болмайды, сол себептен олардың барлық жиынтығына бағдарланған пайдалы.

Проблеманы анықтаудан басқа, клиенттің қиындықтарын жеңуге арқау болатын қорларын ашу қажет. Оның тұлғасының қуатты жақтарына назар аударған маңызды. Клиентті өзінің проблемасын талдау мен шешудің шығармашылық процесіне енгізудің өзі психологтың аса маңызды міндеттерінің біріне жатады.

Жиі психологиялық міндеттің құрылуы клиентпен күнделікті қатынасатын адамдармен әңгімелесуді, терең психодиагностикалық процедураның жүргізілуін, оның еңбектегі және тұрмыстағы мінез-құлқының ерекшеліктерін зерттеуді болжайды. Басқаша айтқанда, психологиялық проблема сыналушы іс-әрекетінің немесе психикалық күйінің нақты өлшемдерінің, сондай-ақ оның басқа адамдардың арасында бағаланатын қасиеті бойынша орнының анықталуын міндеттейтін психодиагностикалық міндеттердің шешіміне сүйенеді.

Практикалық психолог міндетінің анықталуы «норма» ұғымымен байланысты. Жалпы, норма бұл:

а) объектінің қызмет етуінің нақты жағдайлары мен міндеттеріне неғұрлым сәйкес келетін едәуір тұрақты тіршілігін болжайтын жағымды күйі;

б) мәліметтердің салыстырылуының (бағалануының) бастауы;

в) ауытқулардың болмауы (теріс қисынды өлшемі);

г) баяндаушы мінездеме (жағымды қисынды өлшем).

Белгілі бір сатыда танымдық, эмоциялы және тұлғалық дамудың жас ерекшелік немесе адамзатқа ортақ нормаларымен салыстыру жайында мәселе туындайды. Егер клиент өзінің барлығына ұқсамайтынына шағымданса ол да «барлығы сияқты» қалыпты болғысы келу тілегіне сәйкес жасырын норманы пайдаланады. Девиантты мінез-құлықтың құбылыстарымен жұмыс жасауда өзектелетін адамгершілік нормалары едәуір айқын түрге ие. Психологтың шеттей алмайтын «денсаулық нормасы» атты дәрігерлік ұғым да бар.



Психикалық денсаулық – адамдардың психофизикалық күйінің, ахуалының бағдарлануы мен мінез-құлқының организмнің даму деңгейіне, психофизиологиялық мүмкіндіктеріне, шығындарына, тұлғалық дамудың қажеттіліктері мен мақсаттарына, сондай-ақ адам психикасының бейімделуші - компенсаторлық мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтайтын тіршілік әрекетінің көп деңгейлі кешенді қасиеті. Психикалық денсаулық ұғымы жалпы денсаулық жайындағы жалпыға ортақ мойындалған түсініктен туындайды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының уставында «аурулар мен дене кемістіктерінің болмауымен бірге, дене, рухани және әлеуметтік толыққанды амандық күйі ретінде анықталады. Индивидумның және тұрғындардың денсаулығы ерекшелінеді. Соған сәйкес психикалық денсаулық бұл –басты шарты, көбінде психикалық норма ретінде анықталатын психикалық аурулардың болмауы болып табылатын рухани және әлеуметтік саулық күйі.

Психикалық норма – қоғамның тарихи дамуының нақты кезеңінде қабылданған адамның психикалық белсенділігі көріністерінің әртүрлі өлшемдеріне қатысты нақты ережелер мен талаптар. Нормалар психологиялық көмек көрсетудің мақсаттарын анықтаудың бағдарын білдіреді.

«Нормативті» өлшемнің негізінде клиенттерге психологпен өзара әрекеттестік жағдайында ұсынылатын міндеттерідің төрт типін бөліп көрсетеді.

Бірінші тип психикалық денсаулықтың әлеуметтік формаларынан туындайтын міндеттерді қамтиды. Клиент өзінің психологиялық жағдайын және оған қатысты ақпаратты «қалыпты-қалыпты емес» критерийі бойынша бағалайды. Осының негізінде пайда болатын күйзелістер нормаға сәйкес келмеу себебінен эмоцияларда анықталады. Клиенттің тапсырысындағы осындай күйзелістер: «Мен қалыптымын ба, тексерңізші?» деген сұраныс түрінде қалыптасады. Адамдардың өз-өзіне деген осындай қатынасы көбінде басқалардың көзқарасына деген мөлшерден тыс реакциясымен міндеттеледі. Психологтың осындай жағдайдағы стратегиялық міндеті клиенттің бағалаушы бағдарларын өзгертуде. Бұл – клиенттің өз өмірін басқа қырынан көруге, жетістіктерін кеңейтуге, бір үлгідегі мінез – құлықтан және күйзелістен алшақтауға мүмкіндік береді.

Клиенттің ұсынатын міндеттемелерінің екінші типі әдептік бағалардың жүйесінен туындайды. Клиенттің күйзелістері жақсылық мен зұлымдық мәселелеріне немесе: «жақсы-жаман», «дұрыс-бұрыс» атты әдептік бағанаға бағдарланады. Клиент мінез-құлқының адамгершілік тұрғысындағы өлшемдеріне, өзінің басқа адамдарға деген қатынасына қанағаттанбайды. Мұнда ол мінез-құлқының қоғамдық және тұлғааралық бағаларына да бағынады. Сонымен бірге, оның өзіне тән мінез-құлқы басқалардың «бұрыс» мінез-құлқымен аяқталады. Яғни: «Баланың тіл алмағаны жаман ғой, оның бір айтқаннан тіл алғаны қажет емес пе?», «Оны әрқашан мақтау беруге болмайды ғой, оны еркелетіп жібергеннің несі жақсы» және т.с.с.

Клиент психологпен қарым-қатынасының барысында өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік бағаның арасындағы кеңістікте қозғалып, психологиялық ақпаратты таңдап қабылдайды. Егер ол сезімдерін өз бетінше бағалауда қиналса, күйзелісін «жақсы» не «жаман» деп бағалауға көмектесетін өзге адамдарға бағдарланады.

Психолог клиенттің осындай сұранысымен жұмыс жасауда оның бағаларының жүйесін талқылауы тиіс. Психолог клиенттің психологиялық ақпараттың динамикалылығын талдауға мүмкіндік бермейтін «жақсы-жаман» деп бағалайтын өлшемнің шектеулігін және мөлшерден тыс қатігездігін көрсетуі мүмкін. Психологтың мақсаты клиенттің басқалардың бағасына бағдарлануынан қалыптасатын сыртқы тәуелділіктен босап, өзінің күйзелістеріне және бағалау критерийлеріне бағдарлануға үйретуде. Мейірім табиғатынан адамнан тұлғаның сыртқы талаптарымен емес, барлық күйзелістердің қозғайтын өмірлік философиямен міндеттелетін ерекше қатынасты талап етеді. Әртүрлі адамдар үшін жақсылық пен зұлымдық критерийлерінің дифференциалдылығын және сол критерийлерге негізделетін күйзелістердің әртектілігін сезінуге жақындау қажет.

Клиентті мазалайтын және психологқа хабарланатын міндеттердің үшінші типі экзистетциялы сипатқа ие, өйткені өзегі өмір мен өлім мәселесі болып табылатын мәңгілік құндылықтарды қозғайды. Бұл мәселелердің ақырғы шешімдерінің жоқ екендігі белгілі. Алайда, психолог – нақты жағдайларда адамгершілік тұрғысынан таңдау жасау қажет:

Психолог пен клиенттің экзистенциялы міндеті бойынша жұмыстары өмірдің шексіз әрі шешілмейтін проблемаларын қабылдаудың даралық формаларын анықтаудан және күнделікті күйзелістер мен жеке-дара құндылықтардың сол проблемалардан тәуелділігін әлсіретуге тырысудан тұрады.



Клиенттің психологпен өзара әрекеттестік жағдайына енгізілетін міндеттердің төртінші типі психологиялық болып табылады. Олар клиенттің қайсыбір күйзелістің мәні жайлы мәселені ұсынуымен ерекшеленеді. Психологқа қойылатын сұрақтар: «Қалай түсінуге болады? Бұл не? Аяғына дейін түсіне алар емеспін?» деген сөздерден тұрады. Сұрақтардың осылайша қойылуы клиенттің өзінің проблемаларын қалыптастыратын психологиялық ақиқатқа өте жақын екендігін білдіреді. Ол өз-өзімен өнімді қатынасқа түсуге даярлықты білдіруде. Ал бұндай жағдай, психологиялық проблема өмірдің әрқилы нормативтік, экзистенциялы, тіптен материалды каржылық қиындықтарымен бүркелетін алдыңғы типтегі міндеттерде байқалмайтын. Клиент күйзелістерін бағалап қана қоймай, бағалаушы тұрғыларды салыстыруға және бағаларды өзгертуге дайындықты танытады. Бұл оның мінез-құлықтың едәуір өнімді формаларын меңгеруге ашық екендігінің, басқа күйзелістерге, іс-әрекетінің жетістіктері мен мақсаттарына қабілеттілігінің нышаны болып табылады.

Практикалық психолгтардың тәжірибесінде мұндай клиенттер сирек кездеседі. Клиенттер көбінде әлеуметтік және әдептік міндеттерге бағдарланады. Сонымен бірге, практикалық психологтың жұмысы клиенттің проблемасы психологиялық ақиқатты ашып, психологтың тарапынан психологиялық көмекті қабылдауға мүмкіндік береді.



Клиент міндетінің психологиялық міндетке өзгеруі оған психологиялық көмекті көрсетудің алғашқы қадамы болып табылады.

Психолог клиенттің психологиялық міндетін сипаттау үшін: тілектер, әрекеттер, сезімдер мен танымдар сияқты төрт модальдылықты пайдалана алады. Тілек модальдылығы қажеттіліктермен және әуестіктермен байланысты, әрі «мен қалаймын» деген сөздерге ұласады; әрекет модальдылығы мінез-құлыққа даярлықпен және мотивтермен байланысты болып, «менің қолымнан келеді» деп айтылады; сезімдер модальдылығы (эмоциялар, көңіл күйлер және адамның эмоциялы сферасының басқа да көріністері), «мен сеземін» деген сөздермен айтылады. Танымдық модальдық бұл – қабылдау бейнелері, естеліктер, ойлар және адамның танымдық сферасының басқа да көріністері, ол «мен ойлаймын, көремін, есіме түсіремін, елестетемін, шырашытамын» деген сөздермен айтылады.

Практикалық психолог психологиялық ақпаратты жинастыруда осы модальдылықтарды пайдаланып, клиенттің дербес психологиялық міндетінің қалыптасуына ықпал етеді және оған өзінің кәсіби ұстанымын көрсетеді.

Адамдар практикалық психологтан көмек сұрап келгендіктен, үміттенген көмегін алған жағдайда ғана қанағаттанады. Психологиялық көмек бұл практикалық психологиялық құралдарымен адамды немесе адамдар тобында пайда болған психологиялық проблемаларды шешуге, жұмсартуға немесе жеңуге бағытталған іс – шаралардың жүйесі.

Кейбір терапевтік процедураларда, мәселен клиентке орталықтандырылған процедурада көмек алу дерегі айқын көріне қоймайды.

Карл Роджерстің 1986 ж Мәскеудегі терапевтік сеанстары клиенттердің көңілін қалдырды, өйткені танымал психотерапевт мәскеулік клиенттерінің ойынша ешқандай кеңес бермеген және рецепт жазбаған. Ол клиентті мұқият тыңдап (олардың әрқайсысы келісуге даяр бола қоймайтын) проблемасын түсініп, жаңаша күйзелу мүмкіндігін ұсынады.

Көмек бұл – адамға арқау болу, қол ұшын ұсыну. Адамдар арасындағы көмек, досыңа тыңдаудан психиатриялық клиникадағы күрделі процедураларға дейін әрқилы формада жүзеге асады. Практикалық психологияның шеңберінде көмек сұхбаттасу, кеңес беру немесе психотерапия формасында тұлғаға немесе топқа көрсететін арқау ретінде анықталады.

2. Психологиялық көмек көрсетудің бірнеше түрі бар:

1. Клиентпен сұхбаттасу және оған объективті психодиагностикалық ақпаратты хабарлау жолымен көмектесу. Осындай қызметті ұсынған психолог ақпараттың сенімділігіне және оны клиентке хабарлау формасына жауапты болады. Клиент алынған ақпаратқа қатынасты анықтап оны қалай қолданатыны жайлы шешімді өзі қабылдайды. Сұхбаттасу ең алдымен ақпарат жинау әдісі болып табылады, алайда оған клиенттің көмек ретінде қабылданатын нақты шешімдері мен қысқа ықпалдары арқау болады.

2. Психологиялық кеңес беру көмек көрсетудің бір түрі болып табылады. Кеңес беру психикалық қалыпты адамдардың мақсаттарына жетуде сұхбаттасумен салыстырғанда едәуір терең көмек көрсететін процесс. Ол клиенттердің тұлғалық дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға, өмірлерінің өнімділігін арттыруға бағытталған. Өнімділік адамның дербес мәдениетінің ішінде, сондай-ақ оның шеңберінен тыс аумақта адамдардың ең жоғары дәрежедегі көп санымен араласу мүмкіндігіне ие болу үшін мінез-құлық ұғымдардың сезімдердің қылықтардың көп түрін анықтау мүмкіндігімен байланысты. Бұл – адамның өмір мен іс-әрекет жағдайларына жақсырақ бейімделу мүмкіндігін дербес мәдениетінің аса шектемеу мүмкіндігін табыс етеді.

Кеңес беру, сұхбаттасу мен психотерапияның арасындағы айқын шекараны нұсқау қиын. Кеңесші көбінде терапевт ретінде көрінеді, сондай-ақ сұхбаттасады.

Әдетте, ол қалыпты жағдаймен жұмыс жасай отырып, патологиямен істес болуға мәжбүр. Психолог – кеңесшілер психотерапевтерге қарағанда көбінде клиенттермен жиірек кездесіп, тереңірек жұмыс жасайды. Кеңес беру іскерлігі, дәрігерлерге, коммерсанттарға, оқытушыларға, менеджерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, кемістігі бар балалар мен жұмыс жасайтын психологтарға, ата-аналарға, сондай-ақ пайдалы ақпаратқа ие болған кез келген адамға қажет.

3. Психологиялық түзету көмек көрсету түрі ретінде клиенттің белсенділігін және психикалық дамудың жас ерекшелік нормаларына сәйкестігін өзгерту мақсатында оған ұйымдастырылған ықпалды болжайды. Психолог іс -әркеттің қайсібір түрін (жазу, оқу-есептеу және т.с.с) меңгерудің жас ерекшелік нормасы және оны меңгерудің жеке-дара ырғағы сияқты ұғымдармен жұмыс жасайды психологиялық түзетудің кейбір бағыттары тәрбие жұмысына жақындай түсіп әлеуметтік – адамгершілік нормаларға сәйкестікте мінез-құлықты түзеуді мақсат етеді.

4. Психотерапевтік көмек тұлға құрылымындағы үлкен өзгерістермен сипатталатын реконструкциясының өңделуінің ұзақ мерзімді үрдісі. Клиент, тұлғасының реконструкциясына мұқтаж болғандықтан оған белсенді ықпалды болжайды. Психотерапевтің клиенті бұл – психикалық ақиқатының қайта жасалуы немесе реконструкциясы қажет адам. Психотерапия ойлаудың, мінез-құлықтың және тұлғаның өзгеруімен клиентпен ұзақ қатынасумен ассоциацияланады. Өте жиі психотерапияны психикалық патологияның проблемаларымен айналысады деп есептейді.

Шынымен, психотерапия көбінде «қалыпсыз» клиенттермен жанасады. Жиі психотерапия клиентке медикаментоздық ықпал етудің фонында жүзеге асып, емдеудің қосалқы әдісі ретінде анықталады.

Психотерапияның маңызды ерекшелігі клиент тұлғасының реконструкциясына, әсіресе, оның бірінші сатыларында жауапкершілік психотерапевтің мойнында болатынында. Психологиялық кеңес беруде тұлға өнімділігінің өзгеруімен байланысты нәтижелерге жауапкершілік психолог пен клиенттің арасында бөлінеді.

Тәжірибеде психологиялық көмектің жеке түрлерінің арасындағы айырмашылықтар жоғалады, өйткені көптеген мамандар оларды бір-бірінен ажыратпайды. Сұхбаттасушы клиенттің күрделі проблемаларын анықтаса, бірден кеңес беруге немесе психотерапевтік әдістерге көше алады. Психотерапевт үнемі сұхбаттасу мен кеңес беруді қолданады.

Психологиялық көмектің кейбір түрлері әлеуметтік қолайлы тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Бұл – терапия алдын–ала келісімсіз жүзеге асатын мекемелерге тән. Терапияның көптеген түрлерінің жарияланатын мақсаты – «тұлғаға дербес бағытын табуға, одан кейін сол бағытпен байланысты мақсатқа жетуге көмектесу». Алайда психологтардың барлығы сол мақсаттарды қол жетерліктей жасай алмайды.

Осылайша психологиялық көмек, бұл – жалпылама ұғым. Сұхбаттасу, диагностика, кеңес беру және психотерапия клиентке көмек көрсетуге бағытталғандықтан сол ұғымға кіреді. Сонымен бірге, әлемде интернационалды тәрбиеден (этноцентризмнің шеткі түрлерін жеңу) жасырын алқаштар топтарына дейін психологиялық көмек көрсету бағдарламалары көптеп кездеседі.

Әрбір нақты жағдайда клиенттің проблемалары мен тұлғасының ерекшеліктерін ескеріліп, психологиялық көмектің жеке-дара бағдарламасы құрастыралады.

Адамдарға психологиялық көмек көрсету бірқатар жағдайлардың негізінде өте қарапайым іс бола қоймайды. Көбінде психологиялық көмек көрсетуде тіл, мәдениет және басқа да жағдайлар кедергі келтіреді. Терапияның кейбір түрлері вербалды емес қарым – қатынасқа негізделгендіктен көбісі адамдардың сөйлегенін талап етеді. Сондықтан, психолог пен клиенттің вербалды қабеліттері маңызды рөл ойнайды. Олардың тілдегі, мәдениеттегі және материалды жағдайларындағы кедергілер бір-бірімен тіл табысуда әсер етуі мүмкін.

Көмекке мұқтаж адам психологқа қарағанда едәуір тәуелді жағдайда болады. Сол себептен, білікті маман әрқашан басқа адамдарға көмек ұсынуда сол жағдайды ескеруі тиіс. Терапевтен қарапайымдылық пен даналық талап етіледі. Ол адамға қалай көмектесуге болатынын әрдайым біле бермейді, өйткені проблемалар жиі психологиялық теория мен тәжірибенің қазіргі жағдайы үшін тым күрделі келеді. Сондай-ақ, психологтың клиентпен өткізетін шынайы уақыты оның өмірімен салыстырғанда өте аз.

Дегенмен, осындай қиыншылықтарға қарамастан адамдарға психологиялық көмек қажет-ақ, әрі олардың өмірін және тұтастай қоғамның жайын біршама өзгерте алады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сұраныс берудің талдануы бірқатар компоненттерді ерекшелендіреді

  2. Психологиялық көмек көрсетудің неше түрі бар?

  3. Карл Роджерстің қай жылдары Мәскеудегі терапевтік сеанстары клиенттердің көңілін қалдырды?

  4. «Нормативті» өлшемнің негізінде клиенттерге психологпен өзара әрекеттестік жағдайында ұсынылатын міндеттерідің қанша типін бөліп көрсетеді

  5. Психологтың шеттей алмайтын «денсаулық нормасы» атты дәрігерлік ұғым да бар

  6. Манипуляциялаушы клиент психологқа ықпал ету үшін шағымның барлық элменттерін пайдаланады. Шешімнің неше түрі бар?



10- дәріс. Тақырыбы: Психологтың кәсіби міндетті жүктеуімен байланысты кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымы мен мазмұны (2 сағат)
Жоспары: 1. Психологтың іс-әрекеті - кәсіби қызметтердің ерекше түрі

Дәріс мақсаты: Психологтың кәсіби міндетті жүктеуімен байланысты кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымы мен мазмұны студенттерге таныстыру
Дәріс мәтіні

Психологтың іс-әрекеті кәсіби қызметтердің ерекше түрін білдіреді. Көмек сұрап келген адам өзін және өзінің әлеуметтік ортасын тереңірек сезінуге, онымен едәуір үйлесімді қатынастарды қалыптастыруға, өмірдің жаңа күйзелістері мен құндылықтарына ие болуға мүмкіндік беретін психологиялық ақпаратқа сүйеніп, психологиялық проблемаларын шешу қабілетін қалыптастырады.

Кәсіби міндетті алу, клиенттің психологиялық көмек жайлы ынталандырылған сұранысын білдіретін тапсырысқа реакция түріне ұласады.

Тапсырыс зерттелініп, психологиялық проблемаға өзгеруі тиіс. Өйткені көптеген жағдайда шағым тым бұлыңғыр, түсініксіз сипатта болады. Кез келген ресми немесе биресми тапсырыс психолог үшін алғашында адамға қандай-да бір проблеманың бар екендігінің белгісі болып табылады. Демек, тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы – анамнез қажет.

Тапсырыстың нақтылығын анықтау үшін, проблеманы нақты мазмұнға толтыру үшін тапсырыс берген адаммен арнайы әңгіме жүргізу қажет.

Психологтың клиентпен өзара әрекеттестігінің негізгі үзбелерін қамтитын іс-әрекетінің бес адымды үлгісі кеңінен танымал. Бұл үлгі психология мен психотерапияның негізгі әдістерін біріктіретін тұжырымдаманы білдіреді. Ол практикалық психологияның әртүрлі когнитивтік, бихевиористік, психоаналитикалық мектептерде, сондай-ақ нейролингвистикалық бағдарламалауда да жүзеге асырылуы мүмкін.

«Факторлар теориясы» оның әдіснамалық негізі болып табылады. Ол теория бойынша кеңес беруде

а) клиентті түсіну;

ә) клиент тіршілік еткен және қабылдайтын шешімге ықпал етуі мүмкін ортамен танысу;

б) мінез-құлықтың жағымды стратегиясын анықтау үшін клиенттің өз ортасымен қатынастарын талқылау сияқты үш негізгі проблема бар. Тұлға мен ортаның қатынасына баса назардың аударылуы практикалық психологияның көптеген бағыттарының негізінде жатқан тұлғалық – бағдарланған теориялармен қарама-қайшылыққа енеді. Факторлар теорияларының қисынында орта талдамасының, клиент даралығының талдамасы сияқты маңызды екендігі ерекше көрсетіледі.



Бірінші сатыда клиент проблемаларының шешімін бірігіп іздеу процесін өзара түсіну және құру міндеті тұр. Берік те, сенімге негізделген өзара қатынастарды қалыптастыру қажет, клиенттің өзін үйлісімді сезінуге мүмкіндік беру қажет. Проблеманың шешімін бірігіп іздеу үрдісінің құрылымдарға жіктелуі мақсатқа жетудің жүйелілігін анығырақ елестетуге және негізгі міндеттің шешімінен алаңдамауға көмектеседі. Бұл сатының ұзақтығы үлкен емес, алайда жеке жағдайларда біршама ұзақ болуы мүмкін. Қатынастың бір ай немесе одан да көп уақыт бойы жасалынбайтын жағдайлар белгілі. Мұндай жағдайларда асықпаған жөн, өйткені кейінгі әрекеттер қажет нәтижелерді бере қоймайды. Сондай-ақ, адамдар қатынастарды қалыптастырудағы асығыстықты ұнатпайды, әрі қатынас дамуының осы сатысын тездететіндерге сыйластықпен қарай қоймайды.

Әңгімелесудің басында оның бағытын анықтап алған пайдалы.

Психологтың әңгімелесуде, кеңес беруде мойындалған ережеге негізделген дербес жоспарын ұсынған: «Алдымен мен сіздің әңгіменің пәніне көзқарасыңызды түсіну үшін сізді тыңдап алсам ба деймін, кейін екеуміз бірігіп проблеманың шешімін іздейміз» деген бастамасы табиғи болар. Клиент өз мақсатын нақты біліп, психологпен қызметке дайын болса ондай ұсынысты оның өзі де жасай алады.

Екінші саты әңгімелесу арқылы ақпаратты жинауға арналады. Клиенттің психологқа қандай бұйымтаймен келгенін, проблемасын қалай елестететінін және оны шешу үшін қандай жеке – дара қорлары бар екенін түсіну қажет. Клиенттің өткен шағы жайлы сұраған дұрыс. Психологты бәрінен де тұлғаның проблемды мінез-құлықтың шығу тегін аша алатын бітістері мен деректері қызықтырады. Психолог сәйкес сұрақтарды қойып, олардың жауабын алып, клиенттің сөз еткен қиындықтарының себептеріне қатысты жорамал ұсынады.

Өти сирек жағдайда психолог проблеманы клиенттің пайымдауында қабылдауы мүмкін. Проблемаға қатысты көзқарасты кеңейту үшін клиенттің бастапқы әңгімесінде айтылмаған жасырын қиындықтарының болғандығын айғақтайтын қосымша мәліметтерді алу қажет.

Ақпараттың жинақталуы тұлғаның шешімдерді іздеуге сүйенуге болатын қуатты жақтарына анықтап, клиентке көмек көрсету бағдарламасымен жоспарланған барлық процедураларды аяқталғаннан кейін олардың жүзеге асырылуын болжайды. Адам ішкі қорларын анықтап алып, психологиялық проблема – органикалық түрде оны шешу тәсілдерімен және жағымды перспективаларымен байланысатын қатынасқа ие болады.

Бұл сатының маңызды міндеті – клиенттің өмірлік шешімдерді қабылдауының даралық стилін қалыптастыруда: оқиғаға спонтанды жауап беруіне немесе проблеманың жеке бөліктерін баяу рет-ретімен түсінуіне ықпал етуде.

Ақпаратты жинау процесі тестілеумен жалғасады. Клиент тұлғасының психологқа әлі түсініксіз және клиенттің өзіне белгісіз қырларын, ашылмаған қабілеттерімен бейімділіктерін анықтау үшін қазіргі заманғы тестердің кең мүмкіндігін пайдаланған орынды. Мәселен, интеллектінің тестіленуі адамның оқудағы жетістігіне деген сенімінің қайтаруы, әрі өз уақытында тоқталған шешіміне итермелеуі мүмкін.

Тестілеу психологтың клиентпен әңгімелесуінде қалыптастырған танымдық жорамалдарды тексеруіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, тестілеуде асыра пайдалануға, міндеттеуге болмайды. Клиент жанды әңгімелесуге бейімдірек болуы және тестілеуден тұлғасына қатысты сыйламайтындай күйде болуы мүмкін.

Танымал американдық психотерапевт Милтон Эриксон: «Ең алдымен пациентке мұқият қарап, оның қандай адам екенін түсіну қажет. Тек сіз соны түсінгенде ғана дәл сол нақты пациентке қатысты тұрғыны іздестіре бастаңыз, дәл соның нақты проблемаларының шешімін іздеңіз» - деп кеңес береді.

Осылайша, екінші сатыда психодиагностикалық, яғни практикалық психологтың іс-әрекеттің немесе психикалық күйдің нақты өлшемдерін, сондай-ақ сыналушының бағаланушы қасиет бойынша басқа адамдардың арасында нақты орнының анықталуын міндеттейтін психологиялық себептерді анықтауда пайда болатын міндет шешіледі деп тұжырымдауға болады.

Үшінші саты бұл қалаулы нәтижені, соның ішінде клиенттің идеалын көріп, онымен өз әрекеттерін ақылға қонымды үйлестіретін уақыт. Бұл сатының ұраны ретінде: «Сіз қайда бара жатқаныңызды білмесеңіз, беймәлім жерге тап боласыз» деген сөздер алынуы мүмкін. Психолог клиенттің не нәрсеге келгісі келетінін, оның қандай болғысы келетінін, проблемалары шешілгенде не болатынын анықтау үшін жұмыс жасайды. Клиент пен психолог әрекеттерінің қалаулы бағыты өзара келісуі керек.

Психолог өз үшін проблеманы жеткілікті дәрежеде айқын анықтап алғанда, онда сол мезетте шешу үйірсектігі пайда болуы мүмкін. Алайда, оның идеалды ойлары әрқашан клиенттің көзқарастарымен сәйкес келмеуі мүмкін.



Төртінші саты «қарама – қарсы шешімдерді ойластыру» сатысы деп аталады. Клиенттің психологиялық дағдарысынан шығудың әртүрлі варианттарымен (нұсқауымен) жұмыс жасап көруді ұсыну қажет.

Проблеманың бастапқы анықтамасының маңызын асыра бағалауға болмайды, өйткені кейінірек оның негізі проблема болмай, едәуір ауқымды, бәлкім әлеуметтік проблеманың тек бір бөлігі екендігі анықталуы мүмкін. Психологтың бастапқы жорамалды өзгеруге дайын болу қажеттігін төмендегі мысалдан көруге болады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі психологқа бұл баланың мінез-құлқына шағымданып келеді: зейінсіз, мұғалімнің түсіндірмесін тыңдамайды, шығарма жазғанды ұнатпайды және нашар жазады. Психолог баланы сабақ үстінде бақылап, онда әдебиетпен оқуға қызығушылығы дамығандықтан шығармаларды жазуда қиналатынын болжайды. Психолог жорамалын басшылыққа алып, баланың оқу іс-әрекетін түзетудің бағдарламасын көздейді. Алайда, бағдарламаны жүзеге асыру процесінде баланың көп оқитыны, әдебиетке әуес екендігі, қиялының дамығаны анықталады. Дәл осы жағдай баланың сабақтағы зейінсіздігінің себебі болып табылады, - оның санасында мұғалімнің әңгімесінен айқынырақ және қызығырақ бейнелер пайда болады. Ресми де зеріктіретін сабақ оқушының оқушының әдебиетке деген қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Оқушы қиялының ерекшеліктері шығарманы жазуда да байқалады. Ол ұсынылған тақырып оған міндеттелгендіктен шығарма жазғысы келмейді. Ол «бөгде» тақырыпқа бейімделуде көп уақыт жұмсап, тапсырманы дер кезінде орындауға үлгермейді. Сонымен бірге, қалай да тақырыптан ауытқиды. Оның шеңберін кеңейтеді. Бұл да оқудағы тапсырманың орындалмауы болып табылады. Еркін тақырыптағы шығарманы бала жеңіл де еркін жазады, - оның сюжеті мен сәйкес бейнелері де дайын. Алайда, ондай шығармалар тым сирек ұсынылады.

Психолог қосымша мәліметтердің негізінде: оқушының әдеби қабілеттері мен орыс әдебиеті сабағы стилінің қақтығысы жайлы жаңа жорамал жасайды.

Осы тектес деректер психологты әлеуметтік ортаның клиенттің мінез-құлқы мен күйіне тигізетін ықпалының ерекшелігін мұқият зерттеуге міндеттейді. Ондай ықпалдар жалған наным-сенімнен, дәстүрлерден, әлеуметтік паталогиялардан (қылмыскерлік, ішкілік, жезөкшелік, аудиттілік және т.с.с), әлеуметтік теңсіздік көріністерінен, бұзылған өзара қатынастардан және басқа да себептерден туындауы мүмкін.

Осы тұста проблеманы шешудің ықтималды жолдарын қамтитын көптеген идеялардың туындауымен өнімді болатын ойлаудың дивергентті түрі пайдалы. Психолог жаңа мәліметтердің, қосымша ақпараттардың, қайсыбір тестті орындау нәтижелерінің клиент дамуының тарихы жөнінде терең білімдердің негізінде бастапқы жорамалдарды өзгертіп, жаңаларын қалыптастыра алады. Ықтималды варианттармен жүргізілетін жұмыс, клиентті ашуға, оның шығармашылығының деңгейін арттыруға көмектеседі. Қалыптасқан жағдайлардың қарапайым жалпылануымен, қалаулы нәтиженің қайталануымен және де идеалды болашақтың ақиқатпен салыстырылуымен шығармашылықты ынталандыруға болады. Психолог қиындықтың қазіргі таңдағы және болашақтағы жағдайының арасындағы айырмашылықтарды нақты анықтаған сәтте клиент проблемасынан шығу ізденістерін белсендендіреді. Клиенттің шығармашылық белсенділігі оның психологтың кеңестеріне деген әсершілдігін арттыруымен маңызды. Ол көптеген кеңестерді тыңдаудан мезі болғандықтан, кез келген, тіптен пайдалы кеңестен бас тартуға даяр адамдармен кәсіби қарым – қатынаста өте маңызды.

Осылайша, психологтың осы сатыдағы негізгі міндеті клиенттің мінез-құлықтың барынша көп үлгілерін қалыптастырып, қабылдауына көмектесуде. Адамның мінез-құлық стратегияларының кең спектрін меңгеруі оны өмірлік киыншылықтарда едәуір тәуелсіз болып, шығармашылықты пайдалануына ықпал етеді.



Бесінші саты – клиент әрекеттерінің едәуір егжей-тегжейлі ықтималды бағдарламасын құрастыру. Көптеген клиенттер психологпен әңгімесінен кейін мінез-құлықтарына жаңа еш нәрсе енгізбейді, сондықтан күнделікті өміріндегі ойларын, сезімдері мен әрекеттерін өзгерту даярлығын қалыптастыру міндеті ерекше аталуы тиіс.

Қалаулы өзгерістерге әкелетін тәжірибелі адымдарға көшу үшін клиентпен бірлестіктен туған барлық пайдалы ақпаратты біріктіру қажет.

Осы тұста ойлаудың конвергентті стилін қолданған орынды. Оның мәні қойылған сұрақтың нақты жауабын алуда, не болмаса проблеманы шешудің нақты тәсілдеріне шоғырлануға, нақты әрекеттер мен өзгерістерге көшуге мүмкіндік береді.

Осылайша, нақты психологиялық қорытындыға – клиенттің психологиялық проблемаларының сипаттамасына, оларды тудырған себептерге және оларды шешудің ықтималды бағыттарына нұсқауға болады. Психологтың психологиялық кеңеске жай келудің негізінде проблеманы аяғына дейін шешуге болмайтындығына клиенттің көзін жеткізуге көмектесетін нақты қорытындылары өте маңызды. Клиентке: «Сіз бүгін не істемекшісіз? Көздегеніңізді жүзеге асыруға қандай әрекеттерді жасамақсыз?» деген сұрақтарды қою жоспары ұсынылады. Кезекті кездесуді тұлғалық өзгерістердің бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылаудан бастап, жағымды өзгерістерді айғақтайтын деректерді атап өткен орынды.

Психолог клиентке проблемасы жөнінде шешім қабылдаудың өзіне және басқаларға ықтималды жағымды әрі жағымсыз салдарын болжап, ескеретін құрылымды және реттелген (тең) стилін ұсына алады. Мінез-құлықтағы көзделген өзгерістердің қайсібір түрін қарастыруда клиент үшін, әрі онымен байланысты басқа адамдар үшін материалды және моральды иеліктер мен шығындарды ерекше атап өтіп, ескерген орынды. Осы процедураның үлгісі ретінде шешім шығаруда оның жағымды және жағымсыз салдарын тігінен екі бағанаға бөлінген парақта жазып отыратын Бенджамин Франклиннің әдісін пайдалануға болады. Кестені толтыруда ықтималды шешімнің басқа адамдарға ықпалының көзден таса қалмағаны өте маңызды.

«Болашақ күнделігі» клиенттің тұлғалық өсу бағдарламасын белсенді жүзеге асыруына ықпал етеді. Оның мәні – болашақта, мәселен бір жылдан кейін өмірдің үйреншікті күнінің қалай өтетінін болжау әрекеттерінде. Осы тектес болжамдар талқыланған шешімнің қолдануға келмейтінін, демек қолайсыздығын түсінуге көмектесуі мүмкін.

Клиенттің шешімі жөнінде жүргізілген жұмыс сәйкес мотивацияның қалыптасуына және сақталуына ұласады. Ондай жұмыс психологпен кездесудің алғашқы минуттарынан, адамның проблемасын шешу қажеттілігін біршама сақтап қалатын сенімді қатынастарды қалыптастырудан басталады. Психолог клиентке қайтарымды ақпаратты ұсынып, проблемасын түсінуде инсайтты кешіруге ықпал етіп, оны ашылуға итермелеп, онда өзінің тұлғасы жөнінде жүйелі жұмыс жасаудың әрекетшіл тілегін қалыптастырады. Ары қарай клиенттің референтті тобында қабылданған нормаларды ұстанудың егжей-тегжейлі ұсыныстардың негізінде мотивация жүзеге асады. Психологпен тікелей қарым-қатынас аяқталғаннан кейін сауықтандыратын мотивацияны сақтап қалу үшін телефон немесе хат арқылы едәуір ұзақ мерзімді байланысты сақтап қалу мүмкіндігі клиенттің өзінің және жақындарының алдындағы жауапкершілігін есіне түсіріп отыру, сондай-ақ оның психологтың көмегінсіз қиындықтарын сәтті жеңе алатыны жайлы сенімділік орнату сияқты факторлар маңызды.

Психологтың клиентке берген ұсыныстары мен кеңестері жайлы мәселе оның кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымында маңызды орын иеленеді. Осы жағдайға практиктер мен теоретиктер аса жоғары сақтықпен қарайды. Тіптен, кейбіреулері негізгі үш дәлелді келтіріп, кеңес беруге тиым салу ұстанымын ұсынады. Бірінші, дәлел бұл - әрбір клиент өмірінің бірегейлігі мен болжанбайтындығынан тәжірибеде тиімді кеңес беруге болмайтыны. Екінші дәлел бойынша кеңес клиенттің еріксіздігін, тәуелділігі мен енжарлығын арттырып, тұлғасының дамуына ықпал етпейді. Үшінші дәлелдің мәні кеңесті жүзеге асырудағы сәтсіздіктің себебі клиент пен психологқа жүктеліп, оның беделінің төмендеуіне әкелуінде.

Кеңес беруден тартыну жөнінде ережеге жатпайтын екі жағдай бар. Біріншісі, клиентті оның өміріндегі өте маңызды нәрсені түсінуіне ынталандыру қажет болатын жағдайға қатысты. Бұл үшін психолог оны жаңа ақпаратты және жаңа эмоциялы тәжірибені алуда бір нәрсені жасауын не болмаса жасамауын сұрауы мүмкін. Екіншісі, психолог клиенттің өз бетінше шеше алмайтын сыни күйде екендігіне сенімді болған жағдайларға қатысты.

Сонымен бірге, клиентке объективті ақпаратты ұсыну қажет. Сондай-ақ, клиент кеңеске мұқтаж, психологтың одан бас тартуы, оның көңілін қалдыруы мүмкін. Мәселе кеңестің қандай түрде ұсынылуында. Ол, клиенттің өз бетінше қорытынды шығаруы тиіс бейтарап формада ақпарат ұсыну түрінде жасалынса жақсы.

Психолог эксперт ретінде қызмет еткенде және іс-әрекетінің тиімділігі кеңестер мен ұсыныстардың сапасымен анықталатын жағдайларда кеңес беруге тиым салу ережесінің психологқа қатысы болмайды.


Бақылау сұрақтары:

1. «Факторлар теориясы» оның әдіснамалық негізі болып табылады. Ол теория бойынша кеңес беруде

2. Психологтың әңгімелесуде, кеңес беруде мойындалған ережеге негізделген дербес жоспарын ұсынған

3. Психолог эксперт ретінде қызмет еткенде және іс-әрекетінің тиімділігі кеңестер мен ұсыныстардың сапасымен анықталатын жағдайларда кеңес беруге тиым салу ережесінің психологқа қатысы болмайды деген сөзді түсіндіріңіз?



11- дәріс. Тақырыбы: Практик психологтардың іс-әрекетінің кәсіби-әдептік қағидалары (2 сағат)
Жоспары: 1. Кәсіби-әдептік қағидалар практикалық психологтың іс-әрекетіндегі рөлі
Дәріс мақсаты: Практик психологтардың іс-әрекетінің кәсіби-әдептік қағидалары білуге үйрету
Дәріс мәтіні

Кәсіби-әдептік қағидалар практикалық психологтың іс-әрекетінде маңызды рөл ойнайды. Қоғамдастықтың кәсіби психологтары психологтың білуі тиіс және қызметінде бағдарланатын нормалардың жүйесін қадағалайды. Кәсіби –әдептік нормалар бұл – психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс-әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммен, сондай-ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар.

Бұндай қағидалар психологтың жауапкершлігін, оның психотерапевтік процестің басқа мүшелерімен қатынастарының сипатын нығайтады. Маман еместердің психологиялық тәжірибесі, сондай-ақ кейбір психологтардың әдептік нормаларды елмеуі, көбінде психотерапевтің және кеңесшінің әлеуметтік беделін жоюда. Мәселен, Қазақстанда әлі де практикалық психология бөліміндегі іс-әрекетті тиімді әдептік қадағалау қызметтерін орындайтын беделді қоғам жеткіліксіз.

Психолог пен клиенттің қатынастарын реттеудің әдептік реттеудің ерекшеліктері соңғысының арнайы хұқықтарының заңмен қорғалмауында. Әлі де болса психотерапевтік, кеңес беруші процесс мүшелері хұқығының бұзылуы жайлы істерді қарайтын сот тәжірибесі жоқ. Мұндай жағдайда әдептік нормалар өз механизмін сақтап қалса да олардың маңызы одан сайын артуда. Шет елдегі практикалық психологтар тәжірибесінің пайдалануы, сондай-ақ отандық тәжірибенің жалпылануы, практикалық пихологиядағы кәсіби әдепті ұстануды қамтамасыз ететін неғұрлым ортақ қағидаларды ұсынуға мүмкіндік береді.



  1. Жауапкершілік. Психолог психологиялық көмектің ұйымдастырылуына, оның жүру барысы мен нәтижесіне жауапты. Клиенттің қызығушылықтары оның іс-әрекетінің бастапқы пункті болып табылады. Сол қызығушылықтарды дұрыс түсінген маңызды. Егер психолог клиент сезімінің шынайы табиғатын және қажеттіліктерін түсінбесе, психотерапияның алға жылжуы күмансыз.

Алайда, психотерапевтің клиенттің проблемаларын шешудегі жаапкершілігін асыра бағалауға болмайды, – оның өзіндік шегі бар. Клиентті оның күйіндегі прогрестің ең алдымен оның өзіне байланысты екенідігіне әрі ондай қиын жолды психологтың біліміне, тәжірибесі мен арқауына сүйеніп, оның өзі өтуі тиіс екендігіне көзін жеткізу қажет.

Психолог жауапкершілігінің танымдық қыры да маңызды. Бұл психологтың өзінің теориялық және әдістемелік білімдеріне жауап беріп, кәсіби біліктілігінің шекарасын түсінетінін білдіреді. Мәселен, ол өзіне нақты психиатриялық диагнозды қойып, оның негізінде түзету жұмыстарын жүргізу қызметтерін орындауды мойнына ала алмайды. Психолог нақты саланың маманы бола тұра, алынған кәсіби даярлықтың негізінде білікті әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл шығармашылық ізденісті жоққа шығармайды. Тек ізденістің өнімді болғаны, жағдайдың терең ойластырылуы, арнайы даярлыққа сүйенгені қажет.

Ережеге сәйкес психологтар тәжірибелерін куәландыратын сертифиатқа ие болады. Психотерапияда мамандану жағдайы жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогтық, медициналық психологиядағы, патопсихологиядағы, психодиагностикадағы және т.с.с. білімдерді болжайды. Психотерапевтке теориялық даярлықтан басқа, арнайы дағдылар мен іскерліктер қажет. Сонымен, ол нақты жеке-дара сипаттамаларға ие болуы тиіс. Ең алдымен психолог өзінің проблемаларын шеше алуы тиіс, өйткені олар қызметіндегі қателерді арандатады. Психологтың өзінің тереңдегі қажеттіліктерін түсіну және қанағаттандыру іскерліктерін дамытқаны маңызды. Егер психолог өз проблемаларының орнын толтырса, ол клиенттің түсінігінен алшақ қалады. Психотеоапевт клиент үшін үлгі болып табылады, сондықтан оның жағдайы көбінде болып жатқан өзгерістердің негізін анықтайды. Мәселен, қабылдаудың ерте тәжірибес жоқ кеңесші әркез мойындауды күтеді әрі оған клиенттердің таңып қоятын «керемет доктор» ойынына қуана –қуана қатысатын болады.

Жауапкершілік қағидасы психологты клиентпен жұмысының аяқталуының орындылығы оны жалғастырудың орындылығынан асып түссе, ол оны аяқтауға итермелейді. Бұл тұрғының экономикалық, қисынды әрі адамгершілікті негіздемесі бар. Нақты жағдайда тұлғаның толықтай түзетілуі ойға қонымсыз болса, сеанстардың жалғастырылуы уақыт пен құралдардың қосымша және орынсыз шығынына әкеледі. Егер клиентті басқа маманға, мәселен психиатрға бағдарлауға міндеттесе психологтың жұмысы аяқталуы мүмкін.

Психологтың жауапкершлігі оның клиенттің тарапынан негізссіз үміттер мен сенімдерді тудырмауында анықталады.

2. Конфиденциялдылық (жасырындылық, құпиялылық). Сеанстың кезінде орын алған барлық жағдайларды құпияда ұстау іскерлігі практикалық психологияның маңызды қағидасы болып табылады. Практикалық психологтың іс-әрекетіне іс-әрекеттің басқа түрлеріндегідей кәсіби құпия тән, яғни нақты ақпарат мамандардың тек аздаған шеңберіне ғана жарияланатын ережені ұстану қажет. Оны клиенттің, сондай-ақ, психологтың өзінің қызығушылықтары да талап етеді.

Бұл қарапайым міндет емес. Психологтың қатынасу жүйесіндегі орны мен мәртебесі оның нақты психологиялық ақпаратты ұсынуында. Оның астарында жеке-дара ақпаратқа да қатысты талаптар ұсынылуы мүмкін. Психологтың кәсіби борышы оның клиент жайлы ақпаратты қайсібір қызметтегі адамға айтуға мүмкіндік бермейді. Ата–аналардың өзі баланың көмек сұрай келгенінің себепшісі болса да, ол қағиданы ұстану қажет. Психолог ең алдымен, клиентінің хұқықтарын қорғайды, сондықтан да конфиденциялдылық олардың маңызды бөлімі болып табылады. Конфиденциялдылық қағидасының сақталуы маманға деген сенімді қалыптастырады әрі өнімді қатынастардың орнығуына ықпал етеді.

Сонымен бірге, конфиденциялдылықтың өзіндік шеңбері бар әрі ол жайында клиенттке жұмыстың басында–ақ ескертуі тиіс. Егер клиент өз өміріне, денсалығына, есендігіне немесе басқа адамдардың өміріне ықтималды қауіптің төнгендігі жайлы ақпаратты хабарласа, психолог оның алдын алу шараларын жасайды. Ал ол басқа адамдардың кірісуін және ақпараттың жария етілуін талап ету мүмкін. Мәселен, психолог адамның өз өзіне қол жұмсауды ойластырғаны, қылмыс немее баланың үйінен қашуы жайлы хабарларды назарынан тыс қалдыра алмайды. Клиенттің қызметтестермен, ең алдымен супервизормен талқылау мүмкіндігі де жұмыстың бастапқы сатысында хабарланады. Топпен жұмыс барысындағы конфиденциялдылық ерекше қарастырылуы тиіс. Психолог топта орын алған жағдайлар оның шеңберінен шықпайтын сенімділік ахуалын орната алатындай топтық нормаларды қалыптастыруға жауап береді.



3. Эмпатия. Бұл қағида клиентті бар қалпында қабылдау қатынасына байланысты. Адам не айтса да барлығы назар аударуға лайық болуы тиіс. Психолог адамды және оның проблемаларын бар қалпында мойындайды. Сондай жағдайда ғана клиент өзін қабылдауға қабілетті болады. Осы ситуацияның парадоксалдылығы адамның өзін қабылдап ғана өзгеруге қабілетті болады.

Әрине, психологтың өзіндік адами, азаматтық және кәсіби құндылықтары мен идеалдары бар. Алайда, ол өз құндылықтарының әмбебап мәніне сенімді болған жағдайдың өзінде де, клиенттің құндылықтары оның өз қүндылықтарынан «нашар» болса да, оларды шеттемейді, клиентті өз сеніміне қарай бұрмайды, сектантқа немесе миссионерге айналмайды. Психолог «игі жолды» нұсқамайды. Практикалық психологтың жалғыз идеалы бар ол – дені сау қызмет ету идеалы мен дербес қорларының негізінде тұлғаның дамуын бетке алу идеалы. Психологтың ұстанымы кінаның уырлығын бағалауда, клиентті ақтауда, кеңес беруде емес, тұлғалық жетілуге көмектесуде.

4. Зиян келтірмеу қағидасы – психологтың клиентпен өзара әрекеттестікте алған нәтижелері қандай жағдайда да оған зиян келтірмеуі тиіс екендігін болжайтын практикалық психологтардың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бұл принциптің шығу тегі медициналық болып табылады. Ол психологты ұстамдылыққа, тіптен адамның денсаулығын, әлеуметтік жағдайын және проблемаларын шеше алу қабілеттерін қозғайтын нәрселердің барлығында кертартпалыққа шақырады. Клиент психологпен қарым – қатынас процесінде өзі және өзінің мінез-құлқы жайлы еш шара қолдана алмайтын естен тандырар ақпаратты алудың нәтижесінде ауыр соққы алуы мүмкін; ол қажет көмекті ала алмайтынына сенуы мүмкін; психологтың бұрыс әрекеттері клиенттің тәуелділігі мен енжарлығын қалыптастыруы мүмкін. Психологтың клиенттің алдында билігі бар және психологпен қарым – қатынасынан білгендерінің барлығын қастықпен пайдалануы мүмкін адамдармен мінез-құлқының салдарынан зиян келтірілуі мүмкін.

Психолог қазіргі заманғы ғылыми стандарттарға сәйкес келтін апробацияланған әдістемелерді ғана қолдануы тиіс.

Егер психолог зиян келтірмеу қағидасын бұлжытпай ұстанса, мұның барлығы жоққа шығарылады.

Психолог осындай жұмыстарыдң барлығын клиент тұлғасының мызғымайтындығы мен ар–намысын шартсыз сыйлаудың негізінде құрайды. Ол адам негізін қалайтын, адам хұқығының барлығына ортақ Декларациясымен анықталған хұқықтарын силайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіби –әдептік нормалар дегеніміз не?

2. Психолог жауапкершілігі дегенді қалай түсінесіз?

3. Конфиденциялдылық (жасырындылық, құпиялылық) қалай түсінесіз?

4. Зиян келтірмеу қағидасы дегніміз не?

12- дәріс. Тақырыбы: Білім беру мекемелеріндегі психологтың қызметі. (2 сағат)
Жоспары: 1. Білім беру үрдісіндегі практик психологтың әрекеті.

2.Білім беру мекемелеріндегі психологтың кәсіби орны



Дәріс мақсаты: Білім беру мекемелеріндегі психологтың қызметі жайында студенттерге теориялық түсінік беру.
Дәріс мәтіні

Бала- бақшаларда, мектептерде және т.б. білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін барлық үлкен адамдар жалпы бір міндетті шешеді, яғни өсіп келе жатқан ұрпақты білім және тәрбиемен қамтамасыз етеді.Осыған байланысты олардың әр қайсысының оқу -тәрбие үрдісінде өзіндік орындары ерекше. Өздерінің жеке міндеттері, мақсаттары және әдістері болады. Мысалы, бала- бақшаларда жұмыс істейтін тәрбиешілердің нақты міндеттері мен әдістері, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Сол сияқты бастауыш сынып мұғалімдерінің, жоғарғы сыныптарда жеке пәндерді (тіл, әдебиет, математика, физика, химия, тарих, география және т.б.) оқытушы мұғалімдердің де өзіндік міндеттері мен әдістері болады.

Практик- психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді.

Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі.

Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Мысалы: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, ән, тіл және т.б.

Ал психолог ше?

Практик- психолог бала- бақшада, мектепте, интернатта және т.с.с. білім беру мекемелерін де жұмыс істей отырып, әртүрлі жас кезеңіндегі балалармен жұмыс істеуіне тура келеді. Мектепке дейінгі кезең, бастауыш сыныптық кезең, жеткіншіктер және жоғарғы сынып оқушылары. Ол балалардың статистикалық жасына қарамйды, динамикасына қарайды оның көз алдында балалар өсіп, есейеді, яғни онтогенездің бір кезеңінен келесі күрделірек және мазмұнды кезеңіне өтеді. Сол себептен оның басты міндеті баланы оның өмірінде әрбір жаңа жас кезеңінде кездесетін өзгерістерге, психологиялық тұрғыда, яғни өзін- өзі анықтауға (самоанализ) дайындау.

Өзін- өзі анықтауға психологиялық дайындық (жеке тұлғалық, кәсіби, әлеуметтік) біртіндеп, өмірге келгенен бастап, үлкендермен және құрбыларымен қарым қатнас кезінде, ойын үстінде, еңбекте, және мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. Сосын бала мектепке келеді 6-10-11жас аралығында үлкендер өміріне дайындалады, жеткілікті білім алу үшін, оқуға, жазуға, ойнауға, жұмыс істеуге, дос болуға үйренеді. Мектеп біру кезеңіне дейін, қалыпты даму үрдісі болған жағдайда әрбір мектеп бітірушінің мектептен тыс жаңа өмірге психологиялық дайындығы қалыптасу керек.

Психолог Соңғы жылдары психологты қабылдаудағы белгілі бір дайындықты жалпы білім беретін мектептен көруге болады, дәл сонда оның қызметінің нәтижелеріне қатысты азды –көпті тепе–тең үміттер қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде–ақ мұғалімдер, оқушылар және ата – аналар көптеген қиындықтарын шешуде психологқа сүйенеді. Олар: оқудағы ерекше қиындықтарды және олардың себептерін анықтау; ақыл –ой мен тұлғалық дамудағы ауытқуларды жою және алдын алу; күрделі даулы жағдайларды шешу және т.б. Дегенмен, бұнда да психологиялық білімдердің танымал болуы ең алдымен мәдениеттің негізін қалыптастыруда өзекті.

Психолог маманның тәжірибесі психолог қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай –ақ ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез –құлқының, қарым –қатынастарының және іс –әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту мақсатында олардың себептерін анықтау қажеттігін сезінсе әрдайым бастамашылдық танытып, ол жөнінде алдына міндет қоя алады.

Мемлекет практикалық психологияның маңызды тапсырыс берушісі болып табылады. Дәл сол жағдай әртүрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың қызығушылықтары мен қатынастарын үйлестіруді, тұрғындардың нақты қатпарларындағы өмірдің сапасын жақсартуды, адамдардың психикалық денсаулығын нығайтудың жағымды жағдайларын қалыптастыруды көздеген әлеуметтік саясатты жүргізуі тиіс.Бұл салада сәйкес мемлекеттік бағдарламаларсыз шешілмейтін көптеген күрделі негізінен жалпы ұлтқа ортақ проблемалар бар. Мәселен, АҚШ та санақтың мәліметтері бойынша стресстермен байланысты проблемаларды шешуге жыл сайын 75-90 миллиард доллар жұмсалады. Ол ұлттық жалпы өнімнің шамамен 10 пайызын құрайды. Сонымен бірге, өнімділіктің стерсстік күйзелістерден төмендеуінің шығындары шамамен 17 миллиардды құрайды; ішкілік 10 миллиардтармен есептелетін шығындардың себебі болып табылады (жұмыстан қалу және бос шығындалған дарындылық); нашақорлық жыл сайын 17 миллиардтың шығындалуын әкеледі.

Қазақстандағы әлеуметтік денсаулық мәселесі де қылмыскерліктің деңгейін, саяси алаңдағы конфронтациялықты төмендету үшін, билік пен халықтың, жұмыспен қамтамасыз етушілер мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы өзара қатынастарды жақсарту үшін, тұрғындардың барлық категорияларының күнделікті тұрмысын сауықтандыру үшін қуатты шешімдерге мұқтаж болар.

Қоғамдық –саяси қозғалыстар мен партиялар психологиялық қызметкерлердің ең жетекші тапсырыс берушілері болып табылады. Басшылық саяси процестегі психоло –гиялық факторлардың маңыздылығының және практикалық психологияның стратегиялық деңгейге көтерілгенінің қуатын сезген сайын, саяси –психологиялық сипаттағы тапсырыстар –дың саны арта түседі.

Осылайша, психолог –практиктердің іс –әрекетіне әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуы экономиканың, саясаттың, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің, сондай –ақ қоғамдық өмір мен іс –әрекеттің басқа да салаларының адамдар мінез –құлықтарының психологиялық заңдылықтарын түсіну мен ескерудің толққандылығына деген өспелі тәуелділігімен міндеттеледі. Тұрғындардың адам өмірінің құндылығын сезінумен байланысты психологиялық мәдениеттің артқан деңгейі психологиялық қызметтердің маңызды бастауы болып табылады.

Практик- психолог білім беру мекемелеріне тәрбиешілер үшін «жедел жәрдем» немесе мұғалімдер үшін «күтуші» емес, маман ретінде келеді.

Педагогикалық үрдістің одан басқа ешкім кәсіби маман ретінде қамтамасыз ете алмайтын, әсіресе психикалық (жеке тұлғалық, эмоциясының, түрткі- қажеттіліктерінің, қарым- қатнасының және т.б.) дамуын, балалардың психологиялық денсаулығын қадағалайтын педагогикалық ұжымның тең құқылы мүшесі.

Өз жұмысында психолог жеке тұлғаның әрбір жас кезеңінде даму заңдылықтарын, әрбір тұлғаның психикасының дамуының әртүрлі екендігін, яғни жеке тұлғаның онтогенезде дамуын өзінің кәсіби біліміне сүйеніп орындайды. Кез келген білім беру мекемелерінің міндеті баланы біртіндеп дербестілікке дайындау. Әр бір маман бұл міндеттерді өз бағдарламасымен іске асырады. Мысалы: ойын, сурет салу, математика, әдебиет, ән, тіл және т.б.
Бақылау сұрақтары:

1.Практик психологқа қойылатын талаптар

2.Білім беру мекемелерінде психолог маман ретінде

3.Білім беру мекемелеріндегі психолог орны



13- дәріс. Тақырыбы: Практикалық психологияның негізгі әдістері (2 сағат)
Жоспары: 1. Психодиагностиканың қазіргі түсінігі

2. Психодиагностиканың әдістерімен оның орындалуы

Дәріс мақсаты: Студенттерге практикалық психологияның негізгі әдістерін түсіндіру.
Дәріс мәтіні

1. Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау, сипаттау және талқылау. Сондай-ақ клиенттің қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы.Диагностика алдын алу немесе кеңес беру жұмысын тиімді жүргізудің тиімділігін бағалауға қажет.

Психодиагностикалық зерттеу ұйымының қайсыбір бөлімшесіндегі психологиялық қиындықтардың; дау-дамайлардың, еңбектегі адамгершіліктің және еңбек өнімділігінің созылмалы төмендеуінің оқушылардың үлгермеушілігі мен тәртіпсіздігінің себептерін анықтауға бағытталады.

Персоналдық ұйымдастырушы мінез-құлқын, оқушылардың жеке даралық қабілеттерін жоспарлы зерттеу психологтың бірінші сыныпқа балаларды жинауға қатысуы, балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтауы да психодиагностикаға жатады.

Психодиагностика бөлімінде маманданған психолог нақты адамдардың (ұйымның, топтың) қасиеттері мен күйлерін анықтау үшін зерттеудің психологиялық әдістерін қолданудың құрылымымен мүмкіндігін талдауға арқау етеді. Психологиялық диагноздың маңызды терапия (түзету, кеңес беру) мен болжаудың тиімділігі үшін бастапқы пункт болып табылатынымен оның маңыздылығы анықталады. Болжау бұл диагноздың негізінде тұлғаның немесе топтың, ерлі зайыптылардың арасындағы өзара қатынастардың басщы мен оның қоластындағылардың дамуын жорамалдау.



2. Практикалық психологияның эскперимент (сараптама) қызметі де психодиагностикаға жатады. Барлық деңгейлерде, сондай-ақ шешімдердің салдарын болжау мақсатында саяси деңгейде де қабылданатын басқарушы шешімдер, құрастырылған заңдар, инновациялық жобалар және т.б. психологиялық сараптамадан өтеді.

Нақты міндеттерді шешуге бағынышты ақиқатты практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының бір текті амалдарының жиынтығы әдіс деп аталады. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар.

Оның біріншісі бойынша әдістердің: зерттеу (диагностикалық); ықпал ету әдістері (кеңес беру, терапевтік, түзету, оқу) және басқа мамандармен өзара әрекеттестік сияқты ұйымдастырушы мәселелерді шешу қолданылатын. Ұйымдастырушы сияқты үш түрі бар.

Топтастырудың екінші тәсілі психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, демек шешілетін міндет күрделілігінің негізінде құрылған. Кейде клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп және хал-жағдайы мен мінез-құлқын өзгертуге ішкі қорларын табуға мүмкіндік беретін жақсы диагностиканың өзі-ақ жеткілікті. Неғұрлым күрделі жағдайда кеңес берген тиімді.

Осыған сәйкес практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші және түзетуші терапевтік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика бұл психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын проблемаға тереңдеп енуі.

Практикалық психологиядағы психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, демек психолог кеңес беруге немесе психотепрапияға маманданған психологтардың тапсырыстары бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады.

Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмысы міндетті сатылардың бірін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа келетін өмірлік қиындықтардың диагнозын жасауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдер мен процедуралардың кешенін анықтайды.

Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде оны теориялық пән ретінде қарастырады. Шынымен, идеялардың академиялық психологиядан психологиялық тәжірибеге едәуір қарқынды жылжуына ықпал етіп психодиагностикамен теориялық тұрғыда айналысуға болады.

Диагностикалыққа келесі әдістер жатады:



Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген бірліктерді (көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні мақсатты жүйелі қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – бұл: клиенттің психологпен қарым-қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын мақсатты жүйені қабылдау.

Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктестік қарым-қатынасының барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны зерттеу әдісі. Жиі бұл әдіс психологиядағы көмек көрсетудегі терапевтік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы, оның тұлғасын және СӨЗ және басқа да құралдарымен хабарлағанның барлығын бағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау тыңдау әдісі қолданылады.

Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-құлқы), өзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы әңгімелесуі), тестер проективті әдістемелер, рөлдік және басқа да ойындар қолданылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолданылады.

Диагностикалық процедуралар практикалық психологияның әртүрлі мектептерінде және бағыттарында әртүрлі қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше көреді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі вариацияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал болып табылады. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын жеткілікті дәрежеде толық схемасын қарастырып көрелік. Схемада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар, әрі сол мәліметтерді алуға болатын сұрақтар болмайды.

1. Демографиялық мәліметтер (жасы, айналысатын іс-әрекеттерінің түрі, отбасы жағдайы).

2. Проблеманың пайда болған тарихы: а) клиент проблемаға қашан кездесті, ол уақытта тағы басқа не болды; ә) проблема мінез-құлықта, соматикалық деңгейде, күйзеліс пен қатынас деңгейінде қалай көрініс береді (ол оны қаншалықты мазалайды; б) проблема қандай контекстіде қандай оқиғаларға, адамдарға қатысты көрініс табады; в) оның жағымды салдарға қандай; г) қандай қиыншылықтарды тудырады; ғ) клиент оны қалай және қандай нәтижемен шешуге тырысты).

3.Клиенттің психлогқа немесе психиатрға өткен шақта барғаны-бармағаны. Бұл мәліметтер психологтың психотерапевтік немесе кеңес беруші стратегияны құрастыруда бастапқы ұстанымды қалыптастыруда көмектеседі.



4. Білімі (сондай-ақ мектептегі, университеттегі құрдастарымен, оқытушыларымен қатынастары, оқыту кезіндегі дау – дамайлары). Мұның барлығы клиенттің әлеуметтік интеллектісінің ерекшеліктерін анықтау үшін, сондай­ақ білімін алудағы ықтималды травмалары жайлы жорамалды тексеру үшін қажет.

5. Жұмысының сипаты, жұмысына қанағаттануы, қызметтестрімен қатынастары, іс­әрекетімен байланысты едәуір маңызды стерссорлар. Мұндай мәліметтер клиент өміріндегі ксіби іс­әрекеттің орнын бағалауға және жұмыстың оның өмірлік жолындағы әлсіз нәрсе емес пе екендігін анықтауда қоладынылады.

6. Денсаулығы (аурулары, нақ осы шақтағы денсаулығының едәуір маңызды проблемалары, ата аналарының тарапынан және отбасында денсаулығына қамқор болуы, ұйқының, тәбеттің бұзылуы, дәрі­дәрмектерді пайдалануы және т.с.с.). Мұдай мәліметтер клиенттің өзін­өзі бағалауын, атап айтқанда оның өзінің денсаулығына деген қатынасын анықтауға, сондай­ақ денсаулығының нақ осы шақтағы күйінде психологиялық жұмысты жүргізудің қолайлығы жайлы мәселені шешуге мүмкіндік береді.

7. Әлеуметтік дамуы (өміріндегі неғұрлым маңызды оқиғалар, ерте естеліктер, ағымдағы өмірлік жағдай, күн тәртібі, жұмысы, айналысатын ісі, қарым­қатынастары, әуестіктері, құндылықтары, наным­сенімдері).

8. Отбасы, жанұясының әл­қуаты, қарама­қарсы жыныстағы адамдармен қарым­қатынастары , секс (ата­анасы жайлы мліметтер, олармен өткен және осы шақтағы қарым­қатынасы, ата­анасының клиентке қатысты қолданған жазалау шаралары, клиентке өз ойынша әкесінен, шешесінен қандай қасиеттері дарыған, олармен бірлесіп орындаған істері, аға­бауырлары мен әпеке­сіңлілері және олармен қарым­қатынастары жайлы мәліметтер, клиенттер олардың қайсысын көбірек немесе азырақ жақсы көрген, әкесе (анасы) олардың қайсысын көбірек жақсы көрген, қайсысымен клиент өзін жақсы немесе жаман сезінген). Қарама­қарсы жыныстағы адамдармен ­­­­­­­­­­­­­­­­­қарым­қатынастары, сондай­ақ сол қатынастар үзілген себептер. Зайыбымен қарым­қатынастары. Балалары (саны, жасы). Клиентпен тағы кім бірге өмір сүреді. Сексуалды тәжірибесі, сексуалды белсенділігінің формалары.

Аталмыш схема бойынша жүргізілген сұхбаттасу клиенттің психологиялық мәртебесін, жалпы өмірлік жағдайын, бағалауға, ұрынған проблемаларының сипаттамасын, негізгі қиыншылықтарын, оның психологқа келуінің мотивациясын және проблеманы шешудегі мүмкіншіліктерін түсінуге жағдай жасайды. Ол анамнезді ­ тексерілуші және оның сырқатының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығын құрастыруға мүмкіндік береді. Әрине аталмыш сұхбаттасудың барлық ұстанымдарын пайдалану міндетті емес.

Психолог клиентпен оның мақсаттарын талқылайды, олардың тепе­теңдігінің дәрежесін бағалайды және ақиқатқа сай келмейтін үміттерін түзетудің шараларын қабылдайды. Мұндай әңгіме нақты да қол жетерлік нәтижеге саналы бадарлануға ықпал етеді.

Сұхбаттасуда психолог клиенттердің шынайы проблемаларынан алыс әртүрлі шағымдарына кездеседі. Шағымдардың неғұрлым жиі кездесетін түрлерін жалпылап, топтастыру әрекеттері жасалынған.



  1. «Түсініксіз» шағым. Клиент: «Менде барлығы да біртүрлі. Мен қалағаныма жете алмаймын. әрине, бұл әрқашан да олай емес. Алайда ол солай болғанда, мен өзімді бақытсыз сезінемін». «Түсініксіз» шағымдадың: (1) терапевтке деген сенімсіздік және (2) клиенттің өзіне проблеманың түсініксіз болуы сияқты екі себебі бар.

Егер клиент шағымын айтуда проблеманы ғана келтірсе: «Өзімді бақытсыз сезінемін дегенде нені айтып отырсыз?» деп қосымша ақпаратты сұрауға болады. Алайда клиент сақтықты білдірсе, оның айтқанын қайталаған жөн. Егер де шағым байыппен айтылса: «Дегенмен сіз өзіңізді байыпты ұстап отырсыз» ­ деп айтуға болады. Немесе ­ «Сіз проблемаңыз жайлы ерлікпен айтып отырсыз» деуге болады. Егер де клиент көз жасын әрең ұстап отырса: «Мен сізге ауыр екенін көріп (сезініп, түсініп) отырмын» деп, психологтың реакциясы өзгеше болуы тиіс. Психолотың мұндай реакциялары клиенттің өз күйзелістерінен шықпай, олар жайлы талқылауына мүмкіндік береді.

Психологтың диагностикалық жұмысындағы сұрақтар маңызды орынға ие. Ашық және жабық сұрақтар бар. Ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «егер» деген сөздерен басталады. Ондай сұрақтар клиенттің таңдауын аз дәрежеде шектеп, оның «иә» немесе «жоқ» түріндегі бір мағыналы жауаптарды қолдануына мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ әңгімелесуге шақырады. Әрине, кейбір жағдайлардағы ашық сұрақтар клиентті ыңғайсыз жағдайға душар етеді. Онда ол: «Сізді дәл не нәрсе қызықтыруда?» ­ деген қарсы сұрақты қоюы мүмкін. «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып, қорғану тілегін тудырады. Сұрақтар тым көбейгенде де қорғаныс белсендіріледі.

Жабық (тұйық) сұрақтар клиентке шектеулі таңдауды табыс етеді. Олар клиенттің ұсынылған варианттардың біреуін таңдайтынындай құүрастырылады. Мәселен: «Сізді мазаландырған бетбұрыстар бір немсе екі жыл бұрын пайда болды ма?. Мұндай сұрақтар талқылау бөлімін, назарды тарылту қажет болғанда жарамды. Жабық (тұйық) сұрақ бұл конвергентті ойлаудың белгісі; ол проблемді кеңістік белгілі болған жағдайда орынды да тиімді. Келтірілген сұрақ проблема ұзақтығының мерзімі екі жылдан аспайтыны алдын ала анықталғанда жағдайды натылауға көмектеседі.

Клиентпен қарым­қатынаста психолог арқау болу, қайта әңгімелеу, сезімдерді сипаттау, резюме немее рефлексивті емес және рефлексивті тыңдаудың басқа да амалдары қолданылады.



Арқау болу ­ адамға оны тыңдап отырғаныңды көрсету. Ондай жағдайда айтылғандар тікелей қайталанады, не болмаса қысқаша түсініктемелерді қамтиды («иә», «солай ма!», «сізді түсінемін», «тағы айтңызшы»). Мұндай амал клиенттің ішкі әлемне оны ас мезі қылмай енуді қамтамасыз етеді, әрі оның комуникативті белсенділігін мақұлдайды. Баспен изеу және басқа да арқау болатын белгілер, сондай­ақ дыбыстық белгілер (м­м,) ұқсас әсер етеді.

Қайталау ­ бұл тыңдаушының серігінің айтқандарынан қайсібір сөзді (сөздерді) қайталауға негізделген реакциясы. Қайталау үшін қандай сөзді тадау қажет екендігін психолог шешеді, әрі оның таңдауы диалогтың даму бағыттарының бірін алдын ала анықтайды.

Қайта әңгімелеу клиенттің негізгі ойларының қысқаша баяндалуы. Әңгімелеу диалогтың екі серігін де клиенттің не ойлап, сезінетінінің дұрыс баяндалып, түсіндірілгеніне сенімді етіп екеуіне де пайдалы. Әңгімелеу клиенттің хабарлағанын шатасудан және сөздегі, ойдағы қарама­қайшылықтардан тазартып, суреттелген көріністің тұтастай қабылдануына мүмкіндік береді.

Сезімердің сәулеленуі ­ бұл ең алдымен клиенттің сөздерінде немесе вербалды емес мінез­құлқында көрінген күйзелістері жалы сөзбен хабарлау: «Сіз қысым жайлы айтқанда мен оны сеземін...». Психологтың сезімдерді еске алғаны клиенттің өткен шақтағы күйзелістерін жаңғыртады. Психологтың серігінің шынайы эмоцияларын тану қабілеті аталмыш шағын техниканы қолданудың алғы шарты болып табылады.

Резюме ­ әңгіме бөлшектерінің тұтастай бірікірілуі, алныған нәтижелердің айшықталуы және бекітілуі. Резюме клиенттің ойлары мен сезімдерін жинақтап, оның айтқандарының деректері мен барлық мазмұнын реттейді. Резюме өзекті деректер мен идеяларды тіркейді, клиентке деген назарды көрсетеді және де мақсатты (қалаулы нәтижені) құрарастырудың негзн даярлайды.

Клиенттің вербалды емес мінез­құлқын зерттеуге мүмкіндік беретін, оның сөз арқылы жеткізілген мінез­құлқынан құндылығы төмен болмайтын ақпаратты қамтитын, практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі болып табылатын бақылау сұхбаттасудан ажырамайды. Тәжірибелене бастаған психологтар назарын клиентке шоғырландырудың орнына проблемаға бағыттайды.

Практикалық психологтың жұмыы көптеген вербалды емес интеракцияларды қамтиды. Ым­ишара тілі ­ бұл кеңес беру, психологиялық түзету және псиотерапия құралатын негіз. Альфред Адлер: «Мен пациентті біршама уақыт бойында пантомимада қабылдағанды, яғни оның сөздеріне назар адармай, оның өзін қалай ұстайтынынан, ситуацияларды қалай қозғалатынынан едәуір терең ниеттерді оқығанды өте құнды деп есептеймін» ­деп жазған.

Дене тілі жайлы берік білім және оны түсіну ­ практикалық психологтың қажетті кәсіби дағдылары. Вербалды емес тілге төрт түрлі ақпарат жатады.



  1. Өзара әрекеттестік жағдайы: әңгімелесу уақыты мен орны, кабинетің безендірілуі, киім және клиенттің психологқа деген қатынасына ықпал ететін басқа да бөлшектер.

  2. Психолог серігі денесінің белгілері (отырысы, ым­ишаралары, сөздегі интонациялары) сөз турасындағы ақтаңдақтарды өзгертетін маңызды ақпаратқа ие.

  3. Вербалды емес қатынастуды интерпретациялаудың жеке­дара тәсілі: бір ған белгілер өзге мәдениетке жататын аамдар үшін әрқилы маңызға ие. Вербалды емес хабардан біреудің түсінгені басқаның түсінгенінен түбегейлі өгеше болуы мүмкн. Сәйкес зерттеулер визуалды қатынастың орта стандарттарының, дене қозғалысының дауыс тембрінң кейбір клиенттермен жұмыста мүлде жарамайтынын көрсетті.


Бақылау сұрақтары:

1. Психодиагностика ұғымы. Бақылау, Әңгімелесу,Клиникалық интервью, Эмпатиялық тыңдау әдісі

2.Мектеп психодиагностикасы және оның мәні

3. Психодиагностикалық зерттеулерге қойылатын талаптар



14- дәріс. Тақырыбы: Психологиялық қызмет стратегиясы (2 сағат)
Жоспары: 1. Практикалық психологтың қызметі тиімділігі

2. Психолог жұмысының жоспарлануы



Дәріс мақсаты: Психологиялық қызмет стратегиясын және психологиялық қызметтің тиімділігін түсіндіру.
Дәріс мәтіні

1. Психолог қызметінің тиімілігі – бұл психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әркеттестігін ұйымдастыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі психологтың тұлғасы: кәсібилігі, психологтың біліктілігі, адамдарға шынайы көмектесу ниеті қабылданған шешімдер мен әрекеттерге жауап беру, әрбір жаңа клиент проблемасының жеке –дара тарихы ұсынған жаңа міндеттерге деген шығарм –ашылық қатынас қызметі тиімділігінің негізгі факторы болып табылады.

Психологтың ие болуы тиіс жеке қасиеттерінің тізіміні клиентке көңіл білдіру оны сезіну қабілеті бастайды. Психологтарда жиі ұсақ –түек оқиғаларды үдету даярлығына сынайды.

Алайда психотерапия жекедегі мааңыздының анықталуын, ұсақ–түйектерді қалай қолдануға болатынын түсінуді болжайды.Психолог үш–төрт бөлшектерді бөліп алып қана көп нәрсені біле алады. Ал оның диалогқа– дербес реакциясын елемеуі құнды мәліметтерді алып тастаумн бірдей. Клиенттің әңгіме барысында хабарлаған мәліметтерден гөрі, сеанстың кезінде орын алған тірі материалмен жұмыс жасаған анағұрлым маңызды.

Психолог ұсақ–түйектерді анықтап, түсініп, қолдану үшін оларды езіну қабілетіне ие болуы тиіс. Оның өз–өзіне бұл тек мазасы кеткен әйел деп оларды елемеуі психотерапиядағы ең маңыздыны елемеу болып табылады. Психолог техниканы жақсы меңгерсе де, клиенттің толқығандығын, үн жұрқасының түскендігін, қауқарсыздығын сезінк қабілетін тұншықтыратын болса, оның маман ретінде жоққа шығаруға болады. Ол сол қабілетке ие болуға, сондай–ақ мінез–құлқын қадағалуға міндетті.

Көптеген психологтар адам қатынастарының өзегін оңай елеуге, олардың барлық реңктеріне күйзелуге қабілетті. Олар үшін өмірдің әрбір мезеті мағынаға толы. Олардың сеанстары онда айтылғандар мен істелгендер терең мағынаға толастайтын шешуші кездеулерге ұласады.

Басқа психологтар клиенттерге «техникалық» жағынан келеді. Олар үшін қорытынды, яғни проблеманың негізі әрі клиентке көмектесу үшін істелінуі қажет нәрселер маңызды. Олар осының барлығын оған тұрақты «кірігусіз» жасауға үміттенеді. Олар өздерінің сезімдеріне енбейді. Оларға жеке дара ерекшеліктерін оңай сезінетін, қысқа мерзімде қорытынды жасайтын қызметтестерінің экстрасенстер ретінде қарайды.

Клиенттің мінез–құлқына реакциясын ұмытқан психолог қарым–қатынас процесінде оларға жауап бергенімен, олар қате ьолып көрінгендіктен түйсіктерін қалпына келтіре алмайды. Мәселен,клиент оған ұнамайды, алайда ол оны мойындаудан қорқады: сірә, олол адамдарға көмектескісі келгендіктен психолог болған шығар, бірақ олар көмек сұрай келгенде ол адамдарды жек көріп кетеді. Бұл танымдық диссонанс әрі психолог оны өзі үшін де мойындағысы келмейді. Психотерапияның кейбір мектептерінде «терапевт проблемалары оның өзі де шеше алмайтын болса науқаспен жұмыс жасамауы тиіс; әрі науқас терапевтің өзі жасай алмағанын істей алатынын күтуге болмайды» деген ереже бар.

Кейде психолог өзін қауқарсыз да, бліксіз сезінеді. Осындай реакцияны сезініп, түсінген өте маңызды: шын мәнінде дәл осы клиент оның себебі болды ма? Оның сезініп, өз–өзіңе мойындау үшін ерлік қажет. Онсыз кәсіби және тұлғалық өсу мүмкін емес. Осы тектес реакцияда есеп беруге қабілетті, түйсіктерін сезінуге ерік–жігері бар психологтар әрқашан сеанс кезінде айтылғандарды еске түсіруге қабілетті болады. Олардың мамандықтарында нығаюдың мүмкіндіктері болғанымен, оларға қиынырақ. Тәжірибесінің басында олар едәуір байсалды қызметтестеріне қарағанда аса білікті көріне қоймайды. Алайд жауап беру қабілеті – психолог үшін бірінші кезекте тұрады. Оған ие болғандар ақырында жақсы мамандарға айналады. Бастапқыда олар өз–өздеріне аса сенімді болып көріне қоймаса да, тұрғыларымен олар өмірге деген зейінді қатынастың маңызын дәлелдейді.

Психологқа ақыл мен ерлік қажет–ақ. Ол науқаспен жақсы қатынастарды сақтап қалу үшін ымыраға ұмтылмай, қажет те дұрыс деп есептегенін жасауға тиіс. Клиенттің қанағаттану–қанағаттанбауынан тәуелсіз құат беруге көмектесетін науқасқа деген жауапкершілік сезімі қажет. Психотерапевт икемді болуы тиіс, бір әдістен басқасына көше алуы тиіс, адамның тұлғасын романтикалай алуы тиіс. Үлгіде ол өмірдің керемет қырларымен қатар, оның аса тартымды емес жақтарын да қабылдай алуы, бірегейлігін көре алуы тиіс.

Кейде психологтар тым көп теорялайтын жағдайлар да кездеседі. Олар өмірдің сиқырынан қорқып оны теориялық шеңберлерменшектеуге тырысады. Адамдардың өміріндегі маңызды оқиғаларды түйсінуге, оларды көріп, рахаттануға көмектесуі тиіс.

Адамдар өздерінің психологиялық проблемаларын шешу үшін: рухани ізденісті тереңдету үшін, өзі немесе өзінің айналадығалармен қатынастары жайлы өмірлік маңызды мәселелердің жауабын табу үшін психологтың мамандығын таңдайтын жағдайлар да кездеседі. Әдетте бұл балалық шағында махабаттың обьектісі болмаған, ешкім мақтамаған, масаттанбаған адамдар. Үлгілі психолог, үлгілі клиент сияқты туысқандарынан басқа, достары, қайсібір басқа адамдар енетін үлкен бір жанұяның мүшесі ретінде сезінуі тиіс. Егер психотерапевтің ондай сезімі болмаса,оның клиенттерге ішкіштің, нашақордың немесе «маргиналды тұлғаның» жарлықтарын таңып, сол мезетте ақ алғыр тәсілдермен қорлай бастайтыны күмансыз. Парасатты психолог қорытындылауға асыға қоймайды, өйткені диагностикалық анықтамалар мен психологиялық ықпал ету әдістерінің өзара байланысы аса біртекті емес.

Сонымен бірге, психолог өзінің табиғи артықшылықтары жайында ұмытпауы тиіс. Табиғатынан психолог пен клиенттің қатынастары – жетістік пен сәтсіздіктің арасындағы қатынастар. Өмірін жөнге салған, сірә күрделі проблемалары жоқ психолог, клиентпен оның жұмысты, отбасын немесе өмірдің мәнін табудағы қабілетісіздігі жайлы әңгімелесекенде, өзін клиенттің толымсыздығын езінбейтіндей ұстайы тиіс.

Еліруге, кекіреюге, ауқымды байланыстарды ойға салуға, өзі мен клиенттің арасындағы айырмашылықты ұюға болмайды. Солай бола тұрса да, салыстырулар өздігінен туындаса, психолог мүмкіндіктерінен ұялуға немесе оларды жасыруға, негізгісі клиенттің едәуір қайғылы жағдайда екенін естен шығармаған жөн. Оның жетістіктерін анықтап, бағалай алу, оларға нұсқауда клиенттің оларды азайту ұмтылысын көзден таса қылмауы қажет. Ашық –жарқындылықпен үйлескен осындай мархабатты қатынас практикалық психологияның негізі болып табылады.

Алайда практикалық психолог іс –әрекетінің тиімділігі оның тікелей жеке ұмтылыстарымн анықталып қоймайды. Тұлғалық ерекшеліктері әртүрлі адамдардың психотерапияның әрқилы түрлеріне мұқтаж болытыны, психотерапевтердің клиенттердің үртүрлі типтерімен жұмыс жасаудың тиімділігіне қатысты бір –бірінен жүйелі ерекшелінетіндері анықталды. Психолог нақты әлеуметтік, ұйымдастырушы, экономикалық және басқа да жағдайларда клиенттермен және тапсырыс берушілермен өзара әрекеттестікте жұмыс жасайды. Сондықтан клиент кеңе беру мен психотерапия жүйесі тиімділігінің маңызды факторы болып табылады. Кейбір адамдардың психологтың қабылдауына бос қызықтаудан немесе оған нақты әлденені дәлелдеу үшін келетін жағдайлар да белгілі. Клиенттің бірлесіп жұмыс жасау, мінез –құлқында әлденені өзгерту ниетінің болмауы психологтың іс –әрекетін біршама қиындатады. Клиенттің лайықты мінез –құлқы, әрекеттерідң ортақ жоспарын ұстану, психологтың кеңестерін орындау практикалық психологтың тиімді іс –әрекеті факторларына енеді.



2. Практикалық психологиядағы көптеген құбылыстар материалды жағдайлармен: ыңғайлы кабинетпен, сәйкес жабдықтармен т.с.с. анықталады.

Психологтың алдындағы міндеттерді шешу үшін оның диагностиканы және кеңес беруші немесе психотерапиялық іс –шараларды жүргізуге жететіндей қажет уақыты болуы тиіс. Кейде уақыт клиенттің қабілеті жетерлік өзгерістердің жеке – дар ырғағымен анықталады. Әрине, уақыт жөнінде психологтың, клиенттің, кеңес беруші қызметтер жасалынған мекеме басшысының арасында айырмашылықтар болуы мүмкін.

Алдымен диагноситкалық жұмыстың, кейін психологиялық ықпалдардың тиімділігі жөнінде мәселелерді талқылаған ыңғайлы.

Диагностикалық іс –әрекет тиімділігін шарттары мен көрсеткіштері. Іс –әрекеттің критерийлері психологтың ұстанған теориялық негіздерге, сондай –ақ психологиялық ақпараты алуда қолданылатын әдістерге байланысты. Қолданылған теория ғылым дамуының деңгейін және психологтың кәсіби ересектігінің дәрежесін сипаттайды. Психодиагностикалық әдістердің тиімділігі психолог пен тексерілуші адамдардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктеріне де байланысты. Психологтың алатын мәліметтері белгілі дәрежеде клиенттердің –мінез –құлықтарына да байланысты болады.

Стандартталған тесті қолданудың тиімділігі оның мақсаттар мен бастапқы жағдайға сәйкестігімен анықталады. Психолог тестің стандартталуына қатысқан таңдаулардың сипаттамаларын және тестік нормаларды білуі тиіс. Бұл шет ел тестерін қолдануда аса маңызды, өйткені тілдегі және мәдениеттердің арасындағы айырмашылықтар нәтижелер мен олардың талқылануын біршама бұрмалайды.

Психологида өлшеуші әдістерге қатысты нақты талаптар құрылған:



  • мақсаттың, пән мен қолдану саласының бір мағыналы анықтамасы және теориялық негізділгі, текерілушілердің контингентін көрсеті;

  • жорамалды және зерттеудің басқа да өлшемдерін білмейтін маманға ұсынуға болатын процедураның бір мағыналы алгоритм ретінде ұсынылуы;

  • тестік ұпайды өңдеудің, есептеудің және стандарттаудың статистикалық негізделген әдістерінің болуы;

  • тестік шкалалардың репрезентативтілікке, сенімділікке және валидтылыққа тексерілуі;

  • өзі–өзіне есеп беру процедураларының сенімділікті қадағалау құралдарымен жабдықталуы.

Психодиагностиканың тиімділігі бағдарламаның даярлық сапасы мен әдістемелер батареясының іріктелуіне байланысты болады.

Диагностикалық бағдарламалардың даярлануы төмендегідей әрекеттерді қамтиды.


  1. Диагностикалау (айқындау) пәнін анықтау (тұлғаның қасиеттері, әрекет етуі, күйзелуі, танымдық процестері, әлеуметтік–психологиялық құбылыстар). Осының негізінде бара–бар әдістемені немесе олардың жиынтығын таңдауға болады.

  2. Таңдалған әдістің көмегімен сәйкес психикалық құбылыстың қалайша айқындалатынын нақтылау.

  3. Әдістің діттеген бағытта зерттегеніне көз жеткізу. Бұл әдістің валидтылығы жайлы мәселе.

  4. әдістің қандай мақсатта ұсынылғанын анықтап алу (ғылыми зерттеулер үшін, практикалық диагностика үшін немесе кадрлерді іріктеу немесе үлестіру үшін). Диагностикалық әдістер міндетті түрде нәтижелердің құрылған нормалары мен түсінікті интерпретациясы ие болуы тиіс.

  5. Айқындау бағдарламасын кімнің жүзеге асыратынын анықтау; ол психолог болса әдістемелер күрделірек болуы мүмкін;

  6. Әдістің адамдардың қандай қатегориясына арналғанын анықтау (балаларнемемесе ересектер, ауру немесе дені сау адамдар, сауатты немесе сауатсыз сыналушылар; топтар немесе жеке индивидтер);

  7. Айқында ерзімі мен уақытын, сондай–ақ тестілеудің уақыт ьойындағы нормативтерін нақтылау;

  8. Әдістің үнемділігіне деген талаптарды бағалау: тексерудіжәне т.с.с. жүргізу үшін арнайы жабдықтарға, құралдарға қажетсіну.

Осындай мәселелер шешілгеннен кейін жеке тапсырмалардың теориялық негіздер мен нақты мақсаттарға сәйкестігін ескере отырып әдісті құра бастауа болады. Әдістің валидтылығы, яғни оның арналған міндетті шешудегі қабілеті немесе «тест өлшемекші болғанын өлшей ме» деген сұрақтың жағымды жауабы, сапасының негізгі критерийі болып табылады.

Кеңес беруші және психотерапевттік жұмыстың тиімділігі. Психологиялық көмек таралған сайын оның тиімділігі жайлы мәселе одан ары өзектелуде. Психолог қызметінің сапасына және ауқыт бойындағы аспектілерге деген талап артуда. Психотерапияның тиімділігі бірқатар жайғдайларыдың ескерілуімен жүзеге асырылады. Психологиялық көмектің тиімділігін сенімді бағалау үшін белгілі бір әдістің нақты сипаттамасы, сол әдісті қолданатын психологтың біліктілігі жайлы мәліметтер, сол әдіс шешуі тиіс проблемаладың сипаты қажет. Сондай–ақ клиенттердің жалпы санымен арақатынасқан нәтижелердің статистикалық мәнді саны да қажет.

Осыдан кейін кездейсоқ таңдау принципі бойынша іріктелген әдіс қолданылатын клиенттердің контингенті қалыптасады. Проблемды материал тым құрымағанда қайсібір гомогенділікпен сипатталса, тиімділік жайында сенімді материалдарды алуға болады.

Емдеудің тікелей және алшақ салыстырылуы қажет. Қайтара тексерілетін клиенттердің саны репрезентативті болуы тиіс (жалпы санының 90%).

Объективті баға үшін клиенттердің бақылау тобы қажет, өйткені психотерапия курсын өткен күдің өзгерісі қадағаланбайтын жағдайларда жалғасуы мүмкін.

Психологиялық ықпалдың тиімділігін бағалаудың сызбасы психологиялық эксперименттің стандартты жоспарларының біріне сәйкес құралады. Мәселен, алдын ала және қорытынды тестілеу жоспары мен бақылау тобы. Мұндай жағдайда бірінші кезеңде экспериментті және бақылау топтарында айқындау өлшеуіштері жүргізіледі. Екінші кезеңде экспериментті топқа тәуелсіз айнымалы енгізіледі, яғни іріктелген әдіске сай ертерек белгіленген психологиялық ықпал жүзеге асады. Бақылау тобымен жұмыс үйреншікті әдістермен жүргізіледі. Экспериментті топта алдын ала және қорытынды тестілеуде алынған нәтижелердің, бақылау тобының мәліметтерімен салыстырылуы бағаланған әдістің енгізген айырмашылықтардың маңыздылығын, демек оның тиімділігін сынауға мүмкіндік береді.

Психологиялық ықпалдардың тиімділігін қадағалау үшін нақты жаса ерекшелігіндегі топтың психикалық белсенділігінің динамикасын талдауға және онымен сол ықпалдар қолданылған адамның ішкі әлемінің динамикасын салыстыр мүмкіндік беретін лонгитюдті зерттеулер де пайдаланылады.

Тиімділіктің кез келген критерийінің талдануы төмендегідей нәтижелермен істес болады: клиенттің өз ойлауы мен мінез–құлқындағы субъективті бағаланған өзгерістер; оның ішкі әлесіндегі әртүрлі модальдылықтарындағы құралдармен тіркелген өзгерістер; адамның кейінгі өмірінд көрініс беретін жетістіктердің тұрақтылығы.

Адамның өз–өзін бағалауының динамикасы, басқа адамдарға қатынастары тұлғаның қайта өңделу үрдісін сипаттайды. Сол динамиканың қайтара тестіленуі клиенттің өз проблемаларына әрі психотерапия процесіне қатысты ұстанымдарының алмасқанын бақылауға мүмкіндік береді. Адамның мінез–құлқының қайта өңделуін сезінуімен байланысты өзгерістер маңызды болып табылады. Авторлардың көпшілігі клиникалық симптоматикалық жақсарудың психологиялық ықпал тиімділігінің аса маңызды крийтерийі болып табылатынына келіседі.

Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық өсуі проективті және басқа да әдістердің көмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының үйреншікті принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың психологиялық көрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа көрсеткіштер салыстырылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Практикалық психологтың қызметі тиімділігі

2. Психолог жұмысының жоспарлануы

15- дәріс. Тақырыбы: Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны (2 сағат)
Жоспары: 1. Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұны

туралы жалпы түсінік

2. Психологтың этикалық кодексі

Дәріс мақсаты: Психологтың кәсіби іс-әрекеті және шеберлігі мен этикасының мазмұнын, психологтың этикалық кодексі мен таныстыру

Дәріс мәтіні

Психологтың кәсіби этикасы – бұл психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғаммен, зерттелінушілермен, сұхбаттасушымен, жәрдем сұрап келген адамдармен қарым-қатынас барысында спецификалық құлықтық, адамгершілік, өнегелілік талаптарды жүзеге асыру болып табылады. Ғалымдардың барлық категориялары үшін маңызды болып табылатын (экспериментальды мәліметтерді жинақтаудағы ғылыми шындық пен әдептілікті сақтау, тексерілмеген мәліметтер негізінде шыққан шұғыл шешімдерді, бөгде адамдардың зерттеу нәтижелері мен көзқарастарын меншіктенуден бас тарту т.б.) әртүрлі этикалық талаптар мен қағида, ережелермен қатар, психолог зерттеу жүргізу барысында зерттелінушінің жекелік қадір-қасиетін, олардың қызығушылықтарын кемсітуші немесе нұқсан келтіруші әдістерді, техникаларды, рәсімдерді қолданбауы қажет.

ХХ ғасырдың аяғында педагогтар мен психологтар үшін маңызды болып табылатын жаңа құбылыс келді. Педология кетіп оның орнына практикалық психология келді. Біраз жылдар өтеннен соң өздерін практик психолог деп атап спецификалық қызметтерін ұсынды. Ол қызметтер баланың оқуға даярлығын анықтау; бизнес жоспарларды психологиялық қамтамасыз ету; кәсіп иелерінің психологиялық сипаттамасымен олардың үйлесімділігін болжау т.б. Бұлар кімдер? Олардың әлеуметтік статустары мен қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны қандай? Индивидуалды және әлеуметтік өмірге әсер ету үшін қандай құқықтарға негізделіп жауапкершілікті мойнына алады?

Адамның “Мен-концепциясы” деңгейінде өз кәсіби әрекеттеріне шектеулер де қойылады. Мысалы:өзіне немесе басқа адамдарға “Мен мұны істей аламаймын, қолымнан келмейді, нашар істеймін немесе біреудің көмегімен ғана емес кәсіби жауапкершілік аумағы да, сондай-ақ “істей алмаймын „ дегенді болдырмауды жоюды кәсіби жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер де жатыр.

Ғасырдың басындағы психолог мамандығының пайда болуы оқу және еңбек әрекетінде адамдардың индивидуалдылық ресурстарды қолданудыңяғни адам жақсы оқуы және жақсы жұмыс істеуі қажеттілігіндегі, әлеуметтік міндеттермен байланысты болды. Ал бұл еңбек психологиясы тарихымен оқыту психологиясы тарихында жалғастырылып көрсетілді. Соңында психологиялық білімдердің жаңа саласы индивидуалды айырмашылықтар психологиясының пайда болуына жағдай жасады.

Психолог осы кәсіп аумағында бола отырып жекелік дамудың перспективалары сипаттамасындағы, оқу мен еңбек әрекетін жүзеге асыру сәттілігінің нақты көрінуінде бұл перспективалалды анықтау жауапкершілігін мойнына ала отырып, индивидуалдылық өмірдің маңызды сипаттамаларының бьірінен жұмыс істей бастады.

Кәсіби этика-бұл адамның өз кәсіби міндеттеріне қатынасын анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы. Еңбек адамдарының еңбек сферасындағы адамгершілік қатынастарының кәсіби этика реттеп отырады. Қоғам материалды және құндылық өндірісінің үздіксіз процесі нәтижесінде ғана дұрыс қызмет етіп, дами алады.

Кәсіби этика мазмұны адамдар арасындағы өзара адамгершілік қатынасын нақты бір түрін және сол кодекстерді дәлелдеу тәсілдерін көрсетуші, мінез-құлық кодекстері болып табылыды.

Кәсіби этика мыналарды зерттейді׃

- ұжымның еңбек қатынасын және әрбір маманның жеке қатынасы׃

- кәсіби міндетін жақсы орындауды қамтамасыз ететін маманның адамгершілік қасиеттері;

- кәсіптік ұжымның ішкі өзара қатынасы және дәл сол кәсіпке тән спецификалық адамгершілік нормалар

- кәсіби тәрбиелеу ерекшеліктері.

Соңғы онжылдықта мектептерде енгізілген психолог және әлеуметтік педагогтардың атқаратын қызметі білім саласының өзекті мәселерін шешуде үлкен роль атқаратынын заман талабы көрсетумен қатар, облыс және қала бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары жөнінде кешенді мәліметтер жинақтап, оны талдауда психологтардың 62%, әлеуметтік педагогтардың 100%-ының (қыркүйек, 2005 жылғы мәлімет бойынша) арнайы мамандықтары жоқтығы, отандық жергілікті халықтың, білім саласының және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген психологиялық, әлеуметтік қызмет жөнінде әдебиеттердің, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы бұл мамандардың және мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің өз дәрежесінде жүруіне кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудандық, қалалық білім және спорт бөлімінде осы мамандықтың әдістемелік жетекшілерінің маман еместігіде, көпшілік мектептердегі психолог кабинетінің жоқтығыда аяққа құрмау болуда. 2005 оқу-әдістемелік жылында педагогика-психология кафедрасы өткізген 7 біліктілік арттыру курсында және 4 тақырыптық семинарларда жүргізілген мониторингтік сауалнама және пікірлесулерден облыс психологтары мен әлеуметтік педагогтарының басты қиыншылықтары айқындалды. Олар:

1. Отандық әдістемелік құралдардың аздығы, соның ішінде ана тілімізде мардымсыздығы;

2. Аудан, ауыл мектептеріндегі мамандардың бір-бірімен кәсіби байланыс жасау қиыншылығы (себебі мектепте тек бір маманнан ғана);

3. Психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және анализ жасау;

4. Түзету шараларын тиімді ұйымдастыру;

5. Қызмет бағыттарын толық жүзеге асыру үшін жағдайдың жоқтығы (кабинет жоқ болса, психологиялық қызметтің басты бағыты кеңес беру жоқ ) т.б;

Жоғарыдағы басты қиыншылықтар мен кедергілерді ескере отырып, БҚОПКБА және ҚДИ педагогика-психология кафедрасының жанынан құрылған инновациялық порталдың жұмыстанатын басты бағыттары айқындалды. Мектеп психологтарының қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, өз өтініштерімен облыстық психологтар мен әлеуметтік педагогтар Ассоциациасы құрылды.

Порталдың құрылуына себепкер болған түрткілер: Мектеп психолог-тары мен әлеуметтік педагогтарының облыстық Ассоциациясының ұсыныс-тары мен қажеттіліктері.

Инновациялық портал жұмысының мақсаты:

Облыс мектептеріндегі психологиялық және әлеуметтік қызметті жандандыру үшін уақтылы әдістемелік көмек көрсету, мамандардың кәсіби шеберлігін, құзырлылығын, мәртебесін арттыру үшін алуан түрлі шаралар ұйымдастырып, өткізу.

2. Этикалық кодекс деп - қандайда бір сферадағы адамдардың қатынастары мен әрекеттері негізіндегі мінез-құлықтың адамершілік ережелерінің жиынтығын атаймыз. Этикалық заңдар жиынтығына жақсылық категорияларын көрсетуші өнегелік ережелер, яғни адамдар үшін игілік орнататын, оларға пайда әкелетін, бақытты ететін адамзат мәдениеті мен өркениеті тарихында қалыптасқан жалпы ұстанымдар жатады. Бұған қарама-қайшылық ретінде жауыздықпен байланысты адамдарды бағытсыздыққа, жамандыққа бағыттаушы категорияларды атауға болады.

Этикалық заңдар жиынтығы құқықтық емес, адамгершілік нормаларға негізделеді. Демек бұл кодексті бұзған адам заңға сәйкес ешқандай жауапқа тартылмайды және жазаланбайды.

Психологиялық қызмет жұмысына, оның құрылымына жататын практик психолог әрекетін басқаруға этикалық кодекстің жату себебі, практика психологтың тіршілік барысында басынан кешіргендері, мысалы білім беру жүйесінде қандайда әлеуметтік ситуацияда психологтың әрекетін регламенттеуші бірмағыналы нақтырақ айтсақ құқықтық шешімге ие болуы, құқықтық нормада немесе кестеде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, философияда біраздан бері “этика” деп аталатын бөлім бар. Ол бөлім бойынша адамгершіліктің, өнегеліліктің ғылыми анықтамасы беріліп, оның шығу тарихы мен бастаулары, олардың адамзат тарихы мен өркендеу процесі дамуында жаңарып, өзгеріп отыруы қарастырылады.

Практик психологтың кәсіби этикалық кодексіне жататын барлық моральдық нормаларды жүзеге асыру және қолдану аумағындағы әрекетіне байланысты бөліп көрсетуге болады. Бұл – блалар дамуының қызығушылығын біреу бұзған жағдайдағы психолог әрекеті; балаға қанағаттанарлық дәрежеде көмек бере алмаған және ресми мақұлданбаған, тексерілмеген әдістерді қолдануға мәжбүр болған жағдайдағы психологтың әрекеті; психодиагностикалық зерттеулер нәтижесін жариялауға қатысты ситуацияларда мұғалімдермен, ата-аналармен психологтың арасында орын алған қатнас; баланың тағдыры шешілетін жағдайдың психологтың әрекеті сияқты т.б. позициялар.
Бақылау сұрақтары:

1.Психолог іс әрекетінің кәсіби этникалық принциптері

2. Кәсіби құпия


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет