Өзара қарым-қатынастар мазмұнының психологиялық сипаты



Дата08.12.2019
өлшемі3,75 Mb.
#53168
Байланысты:
ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР МАЗМҰНЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ слайд

ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР МАЗМҰНЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Малибаева А.М., педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр (М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Кабдрахманова А., «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенті


Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін.

Джон Дэвисон Рокфеллер

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.

Адам өмір сүру барысында міндетті түрде басқалармен қарым-қатынаста болады. Ал, осы қатынас ең әуелі әдептен басталады. Әр адам сөзін «сіз» деп бастап, сол адамға деген құрметті білдіреді. Сонымен қатар адам аңғалдық жасап, ыңғайсыз жағдайға кездессе «кешіріңіз, ғафу етіңіз, рұқсат па?» деген сөздерді айтады. Осылайша, әр адам – әлеуметтік құбылыс ретінде нәтижелі байланыстар орнатуда «сауатты» түрде қарым-қатынас ұйымдастыра білуді үйренеді. Ол үшін өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған тәртіп, ережелерді сақтау керек. Ең бірінші, қарым-қатынаста адам өз көңіл-күйін, эмоциясын басқара білуі керек.

Қарым-қатынас барысында:


  • тәртіптің «негативті» үлгілерінен алшақ болу;
  • сөйлеушіні тыңдай білу;
  • алғыс, ризашылық білдіруге талпыну;
  • сөйлеушіні жеке тұлға ретінде қабылдау;
  • қарым-қатынаста шынайы болу.

1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады.

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.

4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.

5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.



Қарым-қатынастағы қиындықтар ( іс-әрекеттегі) – адамның болжаған (жоспарлаған) қарым-қатынасты жүзеге асырудағы «іркілісті» субъективті бастан кешіру күйі, яғни қарым-қатынас серігінің оның әрекеттерін қабылдамауы салдарынан, мәтінді түсінбеу (хабарды), серігінің түсінбеуі, коммуникативтік ситуацияның, өзінің психикалық күйінің өзгеруі, т.б. салдарынан болатын «іркілістер». Қарым-қатынасты этно-әлеуметтік, мәртебелік-позициялық, жас ерекшелік арасындағы қиындықтар кездеседі.. Әтно-әлеуметтік қиындықтар этникалық сана ерекшеліктерімен, оның әлеуметтік және мәдени дамуының нақты жағдайларындағы қарым-қатынасында көрінетін құндылықтарымен, ұстанымдарымен байланысты. Қиындықтық мәртебелік- позициялық саласы бірқатар терең себептермен шартталған: отбасылық тәрбие, қарым-қатынас позициясы, білім беру жүйесінің саласы, қала мәртебесі және т.б

Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы-қарым-қатынасқа жатады. Қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет