1
ЖОБА
Кәсіби стандарт
«Бастауыш білім (педагогикалық және әдістемелік қызмет»
1. Жалпы ережелер
1. «Бастауыш білім (педагогикалық және әдістемелік қызмет) кәсіби
стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім
беру ұйымдарының персоналын оқытуға, білім беру мекемелерінің
қызметкерлерін және түлектерін сертификаттауға арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
1)
біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы
орындауға дайындығыны дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі/деңгейлік біліктілік – еңбек іс-қимылдарының
күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі өлшемдеріне
қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыреті деңгейіне қойылатын
талаптар жиынтығы;
3) ұлттық біліктілік шеңбері - еңбек нарығында танылатын біліктілік
деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
4) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығынан мамандар даярлау
сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін құқықтық және институтционалдық
тетіктерінің жиынтығы;
5) cалалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін
құрылымдық жағынан сипаттау;
6) сала/негізгі топ – шығарылатын өнімдерге, өндіріс технологияларға,
негізгі қор мен жұмыс істеушілердің кәсіптік дағдыларына ортақ сипаттамасы
тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
7) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын
тағайындау объектілер, технологиялар оның ішінде еңбек құралдары) бар және
оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын
талап ететін кәсіби кіші топтар жиынтығы;
8) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін
қажетті құзыреттердің тұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер
жиынтығы;
9) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік
деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына
қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы
тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және тәжірибелік дағдыларды
талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптердің негізгі түрі;
2
11) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндеттерін
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
3. Осы кәсіби стандартта мынандай қысқартулар пайдаланылады:
3.1. ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері;
3.2. БА – басшылар, мамандардың және басқа да қызметшілер
лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
3.3. КС – кәсіби стандарт;
4.4 СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
Достарыңызбен бөлісу: |