Кәсіпкер дегеніміз бұл тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам; өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс табушы; кез-келген мүмкіндікті ұқсатып барынша мол пайда таба білетін адам


Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау



бет3/3
Дата24.02.2020
өлшемі301 Kb.
#58961
1   2   3
Байланысты:
6. Дәріс кешені

Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау

  1. Кәсіпорын қызметін бағалау және талдау үшін көрсеткіштер жүйесі:

    1. салық органдары үшін;

б) несие беруші банктер үшін;

в) келісім шарттар бойынша әріптестер үшін.


а) Салық органдары үшін ең маңыздысы кәсіпорынның салық төлеу қабілеттілігі. Сондықтан да олардың ең бірінші қызықтыратыныкәсіпорынның баланстық пайдасы, себебі ол салық төлеудің бір бөлігінің көзі болып саналады.

Сондықтан салық органдарының көз қарасы бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі көрсеткіштер болпып табылады:



  1. баланстық пайданың жалпы сомасы

  1. активтердің рентабельділігі

  1. өткізу рентабельділігі

  2. баланстық пайда=түсімнен шығындарды алып тастағандағы.


б) Кәсіпорынның қызметін бағалау мен талдау үшін несие беруші банктер ең бірінші қарастыратыны кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілігін көрсететін көрсеткіштер.

Төлем қабілеті-кәсіпорынның несие беруші банктерге бережақ ақшаларын тоқтаусыз өтей алу мүмкіндігі.

Өтімділік және төлем қабілетінің негізгі көрсеткіштеріне мыналарды жатқызады:


  1. жалпы жабу коэффициенті;

  1. аралық жабу коэффициенті;

  1. абсолюттік өтімділік коэффициенті;

  2. жалпы төлем қабілетінің коэффициенті;

  3. ағымдағы жойылу коэффициенті.

Жалпы жабу коэффициентіоп) қандай ағымдағы несие мен есептеу бойынша міндеттерді өтеуге болатынын анықтайды. Жалпы жойылуға тиіс материалдың және ақшалай айналым қорлардың сомасының қысқа мерзімді міндеттеріне шаққанда анықталады.

Аралық жабу коэффициентіпп) материалдық айналымдағы қаржыларды тартпай-ақ қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен есеп шоттағы қаржы арқылы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттерін жоба алатының көрсетеді.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ағымдағы активтердің неғұрлым өтімділеу мен қысқа мерзімді бережақтардың салыстыра арқылы анықтайды.

Ағымдағы жойылу коэффициенті жойылуға тиісті айналымдағы қорлардың жалпы бағасын жедел төлеу міндеттеріне қысқа мерзімді банк несиесі түрінде қарыздар немесе әртүрлі кредиторлық бережақтарына шаққандағы.

Жалпы төлеу қабілетінің коэффициенті нақты активтер бағасын жалпы қарызды қаржылар бағасына шаққанда анықталады.
в) Келісім шарттар бойынша әріптестерді банктер секілді кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі қызықтырады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады:

1. Айналымдағы құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:


  • кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылуы;

  • материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы;

  • айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті.

2. Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:

  • мүліктің нақты бағасының коэффициенті;

  • тұрақты актив коэффициенті (индекс);

  • тозуды жинақтау коэффициенті;

  • ұзақ мерзімді қарызды қаржыларды қатыстыру коэффициенті.

3. Кәсіпорынның жалпы қаржылау тұрақтылық дәрежесін көрсететін көрсеткіштер:

- автономия коэффициенті;



- қарызды және өзіндік қаржылардың қатынас коэффициенті.

Кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылу коэффициенті (Кс) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті өзіндік айналымдағы қаржылардың болуы. Кәсіпорындағы бар айналымдағы қаржыларды олардың нақты бағасына өндірістік қорлар мен шығындар, ақшалай қаржылар, дебиторлық бережақьар және басқалай айналымдағы активтер түрінде шаққанда анықталады.

Материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы (Ко) бірінші коэффициентің кездейсоқ жағдайы ретінде қарастырады. Жеке айналымдағы құралдар сомасының материалдық қорлар көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Мұнда жеке көздер арқылы кәсіпорынның материалдық қорлары қаншалықты жабылатынын көрсетеді.

Айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициентім) жеке айналым құралдар сомасын кәсіпорынның жеке қаржылар көздер сомасына бөлу арқылы есептеледі.
Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою

  1. Қайта ұйымдастыру мәні және түрлері

  2. Банкроттау түсінігі, себептері

  3. Банкроттау процесі

  4. Кәсіпорынның жоюулы




    1. Қайта ұйымдастыру мәні және түрлері

Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру дегеніміз оның қызметін жалғастырушы басқа адамдарға құқығы мен міндеттерінің берілуі. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес қайта ұйымдастырудың бес түрін қарастырады:

  • Біріктіру (екі немесе бірнеше заңды тұлғалардың біреуге айналуы);

  • Тіркестіру (бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды басқаға тіркестіру);

  • Қайта құру (бір түріндегі заңды тұлғалардың басқа түрдегі заңды тұлғаларға айналдыруы);

  • Бөлу (бір заңды тұлғаның екіке немесе оданда көпке бөлінуі);

  • Айырып шығару (бөлінген бірақ қызмет етуші заңды тұлғалардың құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды айырып алу).

Қарастырылған қайта ұйымдастыру түрлері (біріктіру, тіркестіру, қайта құру) заңмен қарастырылған немесе заңды тұлғаның өз еркіндігі бойынша жүзеге асады. Кейбір жағдайда ғана біріктіру, тіркестіру, қайта құру мемлекеттік өкілетті органдар келісімімен жүзеге асады. Қалған қайта ұйымдастырудың екі түрі (бөлу, айырып шығару) заңды тұлғаның құрылтайшыларының еркіндігі бойынша немесе оған өкілетті құжаттармен рәсімделген өкілетті орган шешімімен немесе соттың шешімімен жүзеге асады.


    1. Банкроттау түсінігі, себептері

Банкротқа ұшырау заұды тұлғаның жойылу негізі болып табылады. ҚР-ның «Банкроттық туралы» Заңнын 1- Статьясында және ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 52 - Статьясында банкроттауға мынадай анықтама берілген «Банкроттық – борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі». Борышқордың мұлкін басқару сот қауылысы несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Бакроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолдану мерзімі біткен облигацияларды сатып алу қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгеруіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік жәрдемақы есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс әстеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.


    1. Банкроттау процесі

Банкрот жүйесінің өркендеген түріне тек кәсіпорындар және олардың әр түрлі міндеттемелер бойнша әріптестері ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары кіреді. Мемлекеттік өкімет органдары банкрот жүйесіне болған жағдайында, олар ұйымдық, құқықтық және әлеуметтік қамту атқарымдығын қамтамасыз етулері тиіс.

Банкрот жүйесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер оның әдіс және әдістемелік біртұтас жүйесін жасау талабын қойып отыр.

Талдамалы әдісті пайдалану (қаржы, өндірістік-техникалық жақсарту, басқарудың тиісті бағдарламалары мен инвестиция жоспарын жасау, сыртқы басқару, конкурстық өндіріс, санация) қаржылық жағдайға ұқыпты талдау жүргізуге, кәсіпорынды басқару жүйесіне, оның өндірістік және маркетингалық қызметтерін жандандыруға мүмкіндік береді.

Даярлау және қайта даярлау әдістемесін қолдану басқарма құрамын тағайындауда (төрелік және конкурстық басқарма) және таңдауда, сонымен қатар кәсіпорынның басқа да қызметкерлерін іріктеуде, оларды басшы органдарда жұмыс ұсыну процесінде айырықша рөл атқарады.




    1. Кәсіпорынның жоюулы

Кәсіпорынның банкротқа ұшырауы жөнінде шешім қабылдағаннан кейн конкурстық өндіріс жүзеге аса бастайды. Оның мақсаты кредиторлардың талаптарын орындауға бағытталған. Конкурстық өндірісті жүргізу мерзімі алты айдан аспауы қажет. Конкурстық басқарма арызы бойынша кредиторлар комитетінің рұқсатымен осы мерзімді үш айға ұзартуға болады. Конкурстық өндіріс қатысушылары: сот, кредиторлар комитеті, банкрот, конкурстық басқарма, өкілетті орган және де басқалай қызығушы адамдар болуы мүмкін.

Конкурстық өндірісте соттың мынадай құқықтары бар:



  • конкурстық өндіріс жөнінде шешім қабылдау және тоқтату;

  • заңды тұлғаның банкрот болуы жөніндешешім қабылданғаны жөнінде әділет органдарына хабар беру;

  • конкурстық басқарманы тағайындау;

  • кредиторлар комитетін бекіту;

  • конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы түсінбеушіліктерді шешу;

  • заңда қарастырылған бойынша кредиторлар комитетінің шешімін бекітеді.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. ҚР Конституциясы – Қазақстан, 2000 – 96 б

  2. Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім) – А., 1999

  3. ҚР «Акционерлік қоғам туралы» заңы, 13.05.2003 ж.

  4. ҚР «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңы, 22.04.1998 ж.

  5. ҚР Президентінің «Өндірістік кооперативтер туралы» заң күші бар Жарлығы, 05.10. 1995 ж.

  6. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы, 31.01.2006ж.

  7. ҚР Президентінің «Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қорғау туралы» Жарлығы, 27.04. 1998ж

  8. ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң үші бар Жарлығы, 02.05. 1995 ж.

  9. Бусыгин А.В. Предпринимательство (Основной курс) учебник – Москва «ИНФРА» 1999г

  10. Грядов В.М. Организация предпринимательской деятельности. Уч.- М., 2003.

  11. Дашков Л.П. Предпринимательство и бизнес. М.: Маркетинг, 1995г

  12. Культура предпринимательства / учебник для вузов - СПб: Питер 2000-

  13. Основы предпринимательского дела Под ред.Осипова М.Ю., М.: Бек, 1996г

  14. Организационно-экономические основы инновационно-инвестиционного развития (на материалах ЗКО) - Отчет по теме НИР кафедры за 2007г . – Уральск, 20

  15. Предпринимательство учебник под. ред. В.Я. Горфинкеля и др. – Москва: Банки и биржи, ЮНИТИ: 1999г

  16. Предпринимательство.Курс лекции для студентов эк. спец. Траисова Т.Н. Тулеугалиева Н.И. «РГКП» ЗКАТУ им Жангир хана 2007г.

  17. Предпринимательство в РК (учебное пособие) О.К. Окаев, Н.Т. Смагулова, О.А. Яновская и др. Алматы: Экономика, 2000

  18. Турсумбаев Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.В. Основы организации бизнеса Уч.- Челябинск, Южно-Уральское книжное издательство, 1995 г

  19. Геммерлинг Г.А. Ваше дело: практический курс предпринимательства. – М, 1994

  20. Глушенко Е.В.. Основы предпринимательства. М.: Вестник, 1996г

  21. Кантарбаева А.К. Предпринимательство: институционально-эволюционный подход. – Алматы: Раритет, 2000. – 200с.

  22. Бринк И.Ю., Савельева Н.А. Бизнес-план предприятия. Теория и практика Ростов на Дону: Феникс, 2002

  23. Камаев В.Д., Экономика и бизнес Теория и практика предпринимательства М., 1994г

  24. Кәсіпкерлік. Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқалар мен тапсырмалар Траисова Т.Н. Есенгалиева С.М. Тулеугалиева Н.И. БҚАТУ-2006

  25. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др. Основы предпринимательства. А, Экономика, 1999г

  26. Методические указания и задачи для практических заняти по дис. Предпринимательство для студентов Экономического спец. Очного и заочного форма обучения Траисова Т.Н. Есенгалиева С.М. Тулеугалиева Н.И. ЗКАТУ-2007г.

  27. Основы предпринимательства (уч. пособие) Н.К. Мамыров и др. Алматы : Экономика, 1997

  28. Основы предпринимательской деятельности. Экономическая теория. Маркетинг. Финансовый менеджмент. Под ред.Власовой В.М. – М.: Финансы и статистика, 1996г

  29. Окаев К.О., Смагулова Н.Т., Яновская О.А. и др. Предпринимательство в РК. – А.: экономика, 1999г

  30. Основы анализа и оценки бизнеса. –А: ЦРЭ КИМЭП, 1996

  31. Организация предпринимательской деятельности. Учеб. пособие С.И.Грядов М: Копое 2005г

  32. Одинцов.А.А. Экономическая информационная безопасность предпринимательства: Учеб пособия –М: Академия,2006-2экз.

  33. Савченко В.Е. Современное предпринимательство. – М.: Экономика, 1997

  34. Хоскинг А. Курс предпринимательства – М.. 1994г

  35. В помощь предпринимателю. – Методические рекомендации Астана: ЗАО «Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству», 2002

  36. Модели готового бизнеса. Как получить кредит. –Астана: ЗАО «Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству», 2002

  37. Путеводитель для предпринимателя (Западно-Казахстанская область). – Астана: ЗАО «Республиканский информационно-выставочный центр по малому предпринимательству», 2002

  38. Пелих А.С. Бизнес-план или как организовать собственный бизнес. – М.: «Ось-89», 1997 – 96 с.

  39. Сирополис И.К. Управление малым бизнесом – 1997г.


ГЛОССАРИЯЛАР

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік.

Акционерлік қоғам – рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік.

Стратегиялық жоспарлау – фирманың барлық даму концепциясын анықтайды, басқарудың ең жоғарғы звеносымен дайындалады және орта мерззімді мен ұзақ мерзімді жоспарлаудан тұратын негізгі құжат болып табылады.

Тактикалық жоспарлау – бұл шаруашылық операциялардың жағдайларын жоспарлау (өндіріс қуаттылығы, капиталы, инвестицея, мамандарды және т.б), қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларға жатады және стратегиялық жоспар тактикасына жету болып табылады.

Оперативті (шұғыл) жоспарлау – бұл арнайы бағдарламалар мен жұмыстарды жоспарлау.

Кредиттік тәуекел – 3 кредит алушының өзіне тиісті негізгі бережағын және процентті төлемеу қауіпсіздігі.

Проценттік тәуекел – коммерциялық банктер, кредиттік мәмлелер, инфляциялық институттардың проценттік, оларға тартылған қаржыдан, белгіленген мөлшері берілген кредит көлемінен асып түсуіне байланысты шығындар, акция бойынша, девиденттің мөлшерінің өзгеруіне байланысты инвесторлар шығындары, облигация, құңды қағаздар, сертификаттар бойынша процент мөлшерінің көбейуінен пайда болған шығындар.

Инфляциялық тәуекел – инфляциялық өсуіне байланысты алып отырған ақшалай пайданың сатып алушылар сұранысынан тез өсіп, құнсыздануына байланысты тәуекел.

Дефляциялық тәуекел – дефляция көтерілген жағдайда баға деңгейі төмендейді, кәсіпкерлердің экономикалық жағдайы төмендеп, пайдалары азаюдағы тәуекел.

Валюталық тәуекел – бір шет ел валютасының басқа ел валютасына қарағанда курсының өзгеруіне сыртқы экономикалық, кредиттік, валюталық операциялар өткізудегі осымен байланысты валюталық шығындар болу қауіпсіздігі.

Жойылу тәуекелі – құнды қағаздар немесе басқалай тауалар өткізгенде, олардың сапасына және тұтынушылық бағасына байланысты мүмкін болатын шығындар.

Мүмкіншілікті жіберу тәуекелі – қаржылық зиян шегіп ала алмаған жағдайдағы, қандай болмасын іске аспаған жағдайда (мысалы сақтандыру, инвестициялау) болатын тәуекел.

Табысты төмендету тәуекелі – портфельдік инвестиция, салым, кредиттер бойынша процент мөлшерінің төмендеуінен пайда болатын тәуекел.

Таза қаржылық шығындар тәуекелі – инвестициялық жобаның іске асыруына немесе жартылай іске асуына байланысты тәуекел.

Тікелей сауда мәмілелері- бұл тікелей тұтынушылар мен тауар (жұмыс, қызмет) өндірушілер арасындағы операция.

Сауда-делдалдық мәмілелер – сатушы немесе сатып алушының тапсырысы бойынша орындалатын, олардан сауда делдардарының тәуелсіз жұмыс, қызмет тауарды сатып алу-сатумен байланысты операциялар.

Сауда делделдары – сатып алу және сату базасының айырмасы есебінен немесе сатушы, сатып алушы төлейтін комиссиялық сыйақы есебінен пайда табатын коммерциялық фирма (жекелеген тұлғалар).

Диллерлік операция – делдал өндірушіден тауарды сатып алғанда оның иесі болып табылатын, қайта сату бойынша операция.

Комиссиондық операция – мәмілені делдал тауар өндіруші есебінен және комиссиялық келісім шартында негізделген (мәміленің соманың 10 % дейін) сыйақыға жасайтын операция.

Агенттік операция – белгілі бір кезеңге және белгілі бір аймаққа тауар өндіруші атынан және есебінен тауар өндіруші мен делдал арасындағы операция.

Брокерлік операция – сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты делдал осы қызметі үшін сыйақы алу жүзеге асыратын операция.

Біріккен кәсіпорын – жарғылық қоры екі немесе одан көп құрылтайшылардың пайлық жарнасынан құрылған және олардың біреуі шетелдік жеке немесе заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын.

Аралас кәсіпорын – жарғылық қоры бір елдің немесе одан көп заңды тұлғалармен құрылған кәсіпорын. Аралас кәсіпорынға бір елдің екі немесе бірнеше заңды тұлғаларының жарғылық капиталы негізінде қалыптасқан кәсіпорын.

Өндірістік кооперация - әр әріптес бірыңғай өндірістік процесс шеңберінде өзіне үлесті жұмысты орындайтын, осы процесті аяқтау бойынша және өндірілген өнімді сатудан түскен табыс жұмыстың жалпы көлеміндегі әрқайсысының үлесіне сәйкес әріптестер арасында бөлінетін әріптестік байланыстар формасы.

Франчайзинг – бас компанияның ұсақ дербес кәсіпорындарға белгілі нарықта осы ірі компанияның сату маркісімен белгілі тауарлар шығаруға және өткізуге құқық ұсыну жөніндегі әріптестік байланыс.

Концессия – мемлекеттің монополиялық меншігіндегі шаруашылық объектілерді жалға алу жөніндегі кәсіпкердің мемлекеттік органдармен әріптестік байланыстар формасы.

Толлинг – қосымша шикізатты өңдеу мен қайта өңдеу жөнінде әріптестер арасындағы келісім.

Бартер – тауар алмасу мәселесі, қандай тауарды алмастыруға болады, олардың арасындағы пропорциялары қаралады.

Қарама-қарсы тауарды қою – екі жақ қандай жағдайда тауардың тауардың қандай түрін қою жөнінде келісімге келеді, бірақта қарама-қарсы қандай тауар қойылуы жөнінде шешім қабылдамай тұрып, келісімге келіп, кейін келісім-шарттың қосымша хаттамасында алмасқан тауардың түрі, қою жағдайы көрсетіледі.

Жай түрі немесе саудасаттық мәмілесі, әріптестер арасындағы байланыс сауда саттық келісім-шарт негізінде жүзеге асады.

Форвардтық немесе жедел мәміле – мұнда 6 айдан 14 айға дейін келісімге келу.

Бір мезгілде тауарды алып сату - келісім-шартта қаралған мезгіл бойынша.

Ноу-хау түрі бойынша ақпарат беру – «өндірістің құпияларын» белгілі сыйақы үшін, келісім-шартта қарастырылған жағдайлар бойынша әріптестердің бір-біріне беруі.

Спот – тауарды тауарлай алған жағдайда шұғыл, жедел есептесу мен жеткізу. Көбінесе биржалық саудада кездеседі.

Тауарды экспортқа шығару – басқа елдің әріптесіне тауарды қою жөнінде келісім-шартқа отыру.

Тауарды импортқа шығару – шетел әтіптестерінің тауарды біздің елге әкелуі.

Факторинг – кәсіпкер мен фактор фирмасы арасында қалыптастырылған қарым-қатынас жүйесі, мұнда фактор фирмасы кәсіпкердің бережағын жабу жөнінде міндет алады немесе кәсіпкерден қандай болмасын әріптесіне төлемін төлеу жөнінде тапсырысын сатып алады.

Лизинг – мүлікті сатып алу жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір төлемге беру, белгілі бір мерзімге және жағдайда мүлікті сатып алу құқығы келісім шартысымен негізделген инвестициялық қызметтің түрі.

Жалға алу – негізгі құралдары қайтарымды жедел пайдалану және қолдану келісім шартымен негізделген

Лизинг беруші – лизинг затын меншігіне сатып алып және оны лизинг келісім- шартымен лизинг алушыға беретін лизингтік мәміле қатысушысы.

Лизингтік мәмле – лизинг затын лизинг алушыга келісім шартта қарастырылған мерзімге уақытша пайдалануға беру.

Корпорация – шағын, ірі бизнес саласындағы кәсіпорындардың бірігуі.

Шаруашылық есеп – кәсіпорынның шығынсыз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатымен, табыстар мен шығындарды салыстыруға негізделген шаруашылықты жүргізу әдісі.

Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынас пен байланыста болып біріккен тұтастылықты қалыптастыратын элементтер жиынтығы.

Ішкі фирмалық есеп - өндірісті шаруашылық есеп бөлімшелерінде жүргізу, кәсіпорындағы экономикалық қатынастар әдісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет