Сыртқа қаржыландырудың ең кеңінен тараған түрлерінің бірі несиелеу болып табылады.
Несие – бір меншік иесінің басқа меншік иесіне кез – келген нысандағы құндылықтарды уақытша пайдалануға берумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.
Лизинг – бір жағынан инвестициялық қызмет түрі болса, екінші жағынан
жалдың (аренданың) ерекше түрі болып табылады. Лизингтің арқасында кәсіпкер немесе кәсіпорын өндіріске қажетті құралдарды ірі капитал салымын жасамастан уақытша пайдалануға мүмкіндік алады.
Факторинг – тауарларды сату мен қызмет көрсету үрдісінде контрагенттер арасында туындайтын төленбеген қарыздарды факторингтік компаниялардың төлеуімен байланысты комиссиялық операциялардың бір түрі.