Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды фунцияларды орындайды. Олар


Қылмыстық жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты қарастырылады және ықпал етудің ең қатал шарасы ретінде қабылданады



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі2,18 Mb.
#96369
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Салимова Анель,АПК-82 тобы

Қылмыстық жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеумен байланысты қарастырылады және ықпал етудің ең қатал шарасы ретінде қабылданады.

ҚР Азаматтық кодексіне (268-бап) сәйкес міндетте деп бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасау.

КӘСІПКЕРЛІК МӘДЕНИЕТІ МЕН ЭТИКАСЫ

Кәсіпкерлік мәдениет – субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Іскерік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үрдісі.

Іскерік қарым-қатынас әртүрлі нысандарда іске асырылады:

1.Іскерлік сұхбат; 2. Іскерлік келіссөздер; 3.Іскерлік жиналыс.

Әмбебап этика – бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына байланыссыз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар.

Корпоративті этика – бұл әрбір компанияның қызметкерлерінің іс-әрекетінің мәдениеті, олардың сенімдері, дәстүрлері, әріптестермен және өздерінің арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейі.

КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Бәсеке (лат. «қақтығысу») – қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес.

Бәсекелестік – дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы.

Бағалық бәсеке баға арқылы, яғни, бағаны көтеру немесе төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес.

Бәсекеге қабілеттілік – қандай да бір объектінің белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас объектілерімен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті дәрежесін сипаттайтын қасиет

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау – ол кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын интегралды бағалауды білдіреді.

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

Өнім өндіру мен сатуды талдау; негізгі өндірістік қорларды талдау; кәсіпорынның материялдық ресурстарын талдау; кәсіпорынның ресурстарын талдау; өнімнің өзіндік құнын талдау; пайда мен табыстылық деңгейін талдау; кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;

Кәсіпорынның қаржылық жағдай деп өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін айтамыз.

КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында елімізде жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған арнай тарау (4-тарау) бар.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы – бұл кәсіпкерлік субъектілерін тамытуға көмектесетін және оларға өз қызметін жүргізуге қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін ұйымдар мен бірлестіктер жиыны.

Бизнес-инкубатор – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымды, құқықтық, қаржылық, ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ

Еліміздің заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет заңды тұлға құрмастан және заңды тұлға құру арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорынды қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, өзгерту) оның меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.

Банкроттық – борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі; шаруашылық субъектінің қарыздық міндеттемелері бойынша төлем жасай алмауы және қаражаттың жоқтығынан ағымдағы негізгі қызметін қаржыландыру мүмкіншілігінің болмауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет