Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі. ҚР-ң азаматтық Кодексінің 10 бабында берілген кәсіпкерлік түсінігі келесі белгілерді қамтиды:
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру еркіндігі – оның маңызды белгісі болып табылады. Еркіндік дегеніміз тұлғаның өз қызметін өз қалауынша мемлекеттік органдардың араласуынсыз ұйымдастыруын білдіреді, дегенмен мемлекет тарапынан бақылау мен реттеуді жоққа шығармайды. Қызметті ұйымдастыру, оның мазмұны мен нысанын таңдау, қызмет түрін таңдау бойынша мәмілеге отыру кезінде жақтарды таңдау бойынша және баға қалыптастыру бойынша мәселерде шешім қабылдауды кәсіпкер үшінші жақтың араласуының кәсіпкер өз еркімен жүзеге асырады. Ерікті баға қалыптастыру кәсіпкердің экономикалық тәуелсіздігінің бірден-бір маңызды шарты болып табылады. Дегенмен, бұл тәуелсіздік абсолютті бола алмайды, себебі бағаны өздік реттеуші болып тауарлар нарығының жағдайы есептеледі.
2.Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің тәуекел етуімен жүзеге асырылады. Болжанған жне алынған нәтиже әрқашанда сәйкес келе бермейді, бірақта олардың сәйкес келмеді әрқашан кәспкердің іс әрекетіне қатысты бола бермейді; кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз – кәсіпкер қабылдауға тиісті материалдың және материалдық емес сипаттағы белгілі бір қолайсыз, келеңсіз нәтижелер деп танылады. Кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің мүліктік жауапкершілігінен асыратын мүліктік алған жөн. Мүліктік жауапкершілік – бұл кәсіпкердің құқық бұзу жағдайында туындаған материалдық сипаттағы келеңсіз нәтиже. Сондықтан, тәуекел туындау нәтижесінде кәсіпкер үшін туындаған келеңсіз нәтижелер мүліктік жауапкершілік туындау негізіне қарағанда кәсіпкердің белгілі бір әрекет жасау қажеттігімен байланысты болмайды.
4.Кәсіпкерлік қызмет таза табыс табуға бағытталған міне осы белгі бар қызмет мәнін анықтайды.
Капитал жинастыру мақсаты коммерциялық ұйымдарды коммерциялық елестердің қызметін ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, табыс пен пайда түсініктерін ажырату керек.
Көпшілік жағдайда кәсіпкерлік міндетті мемлекеттік тіркеуді қажет етеді. Бұл жағдайда субъектілер ретінде заңды тұлғалармен қоса /бірінші кезекте – коммерциялық/ жеке тұлғалар - жеке кәсіпкерлер түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |