Кәсіпкерлік куқық оқу курсының түсінігі, пәні, әдісі


Заңды тұлғалардың  кәсіпкерлік  қызметі



бет6/18
Дата09.08.2020
өлшемі199,5 Kb.
#76253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Кәсіпкерлік құқығы - 1

Заңды тұлғалардың  кәсіпкерлік  қызметі

  1. Шағын кәсіпкерлік   субъектілері

  2. Өндірістік  кооператив

  3. Шаруашылық серіктестік

  4. Акционерлік  қоғам

 

Шағын кәсіпкерлік субъектілері  болып   жұмысшылар саны  50 адамнан аспайтын   және   жалпы айлық көрсеткіштен  аспайтын  кәсіпкерлік  қызметпен   айналысатын заңды  тұлғалар  мен  заңды  тұлға   құрмай-ақ  кәсіпкерлік   қызметпен  айналысатын жеке  тұлғалар   табылады. Шағын кәсіпкерлік   қызмет   субъектілері   ҚР-ң  заңдарына  сәйкес  кез-келген   кәсіпкерлік   қызмет  түрін  жүзеге  асырады.

Шағын кәсіпкерлер  ретінде  келесі  нысандағы  заңды  тұлғалар  бола алады:

1.толық серіктестік

2.сенім серіктестік

3.жауапкершілігі шектеулі  серіктестік /ЖШС/

4.қосымша  жауапкершіліі бар серіктестік /ҚЖБС/

5.өндірістік кооператив

Шғын кәсіпкерлік   субъектілерінің  жұмысшылар  саны  контракт  бойынша,  мердігер шарты бойынша, бірлескен бойынша, филиалдар, өкілдіктер жұмысшыларының  саны  бойынша  есептеледі. Шағын кәсіпкерлік  субъектісі  ретінде   ойын   және  бизнес  аясында  қызметті  жүзеге  асыратын  коммерциялық   ұйымдар  бола алмайды. Мемлекет келесі  бағыттарда  шағын   кәсіпкерлікті  қолдауды  жүзеге  асырады:

- шағын  кәсіпкерлер   субъектілері  үшін  мамандығын  жоғарылатуды,   дайындауды   ұйымдастырады;

- шағын кәсіпкерліктің   қаржылық,  статиститкалық, материалдық-техникалық, ақпараттық-технологияны  пайдалануда   жеңілдіктер жасау;

- шағын кәсіпкерлікті   мемлекеттік   тіркеудің   жеңілдетілген  түрін бекіту;

- шағын кәсіпкерлік  үшін  салық  төлеуді   жеңілдетілген  ретімен  кеден  баға  бойынша   жеңілдіктер бекіту;

- шағын  кәсіпкерлердің сыртқы  экономикалық   қатынас  қызметін  қолдау;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерін  несиелендірудің  арнайы   бағдарламасын  қабылдау.

Шағын кәсіпкерлерді   мемлекеттік   қолдау   мемлекеттік  және  аймақтық  бағдарлама  негізінде  жүзеге  асырылады. Шағын  кәсіпкерлікті   мемлекеттік   қаржыландыруды  қамтамасыз  ету  мақсаты   займдардан   республикалық және   жергілікті  бюджет  қаражаты  есебілеп  жүзеге  асырылады.

Өндірістік  кооператив  дегеніміз -  бұл бұрынғы  кезде де,  қазіргі  уақытта  да  кеңінен   қолданылатын, адамдардың   ұжымдық  еңбегін  ұйымдастырудың ескі  түрлерінің  бірі.

Азаматтардың   бірлескен   кәсіпкерлік   қызмет  үшін   мүшелік   негізде,   олардың  өз   еңбегімен   қатысуына  және өндірістік   кооператив  мүшелерінің  мүліктік  жарналарын   біріктіруіне  негізделге ерікті  бірлестігі  өндірістік  кооператив   деп  танылады. Өндірістік кооператив   жеке кәсіпкерлік   үшін заң   актілерімен   тыйым  салынбаған  кәсіпкерлік   қызметтің  кез-келген  түрін   жүзеге  асыруға  құқылы. Өндірістік кооператив   жеке тұлғалардың –құрылтайшылардың  жалпы  жиналсының   шешімі  бойынша   құрылады. Өндірістік   кооператив  өзінің   қызметін  жарғының   не құрылтай  шарты   негізінде  жүзеге  асырады.

Жарғылық капиталы   құрылтайшылардың   үлесіне  бөлінген  коммерциялық   ұйым  шаруашылық   серіктестік   деп  танылады ҚР-ң  заңдарында   шаруашылық   серіктестіктердің   келесі  түрлерін   көрсетеді,  толық  серіктестік, сенім   серіктестігі,  жауапкершілігі  шектеулі серіктестік   және  қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестік. Шаруашылық   серіктестігі  азаматтық  құқықтың дербес  субъектілері  құрады. Шаруашылық   серіктесіктің  құрылтай құжатары – құрылтай   шарты  және   жарғы. Оларды  нотариат   куәландыруға тиіс. Серіктестікті  басқаруды  жоғары  және атқарушы  орган  жүзеге  асырады.  Шаруашылық   серктестік   оның   қатысушыларының   шешімімен   ерікті түрде   қайта құрылуы  немесе  таратылуы  мүмкін.  Соныме,  шаруашылық серіктестіктің   түрлеріне   қатысты   қысқаша  түсінік беріп  кеткен жөн. Толық  серіктестіктің   мүлкі  жеткіліксіз  болған  жағдайда   қатысушылары серіктестіктің  міндеттемелері   бойынша өзіне тиесілі   барлық   мүлкімен   ортақ   жауапкершілікте  болатын  серіктестік  толық серіктестік  деп танылады.

Серіктестіктің  қалған   түрлерінен  өзгеше,   толық  серіктестікте    тұлғалық   жағдай  барынша  маңызды   болады.  Бұл  серіктестіктердің  толық   жауапкершілігініе  байланысты.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет