Аудиторлық қызметтің құқықтық негіздері
Аудиторлық қызметінің түсінігі және құқықтық реттеу
Тексерілетін субъектілердің және аудиторлардың құқықтық мәртебесі
Аудиторлық тексерістің түсінігі және түрлері
Аудиторлардың жауапкершілігі мен тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
Аудиторлық қорытынды
Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептілік аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлық қызмет өзіне аудитті және де аудиторлармен шешілуге тиісті аудитке сәйкес қызметінде біріктіреді. Аудиторлық қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылғандықтан кәсіпкерлік қызметтің барлық белгілеріне ие болады, яғни: тәуекелдік, еркінділік жүйелі түрде пайда табуға бағытталушылық, ресми тіркеушілік. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері:
тәуелсіздік
объективтілік
кәсіби объектілік
ҚР-да аудиторлық қызметтің жүзеге асырудың құқықтық негіздері ҚР-ң аудиторлық қызметті заңмен анықталады. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар; заңды және жеке тұлғалар, аудиторлық мен аудиторлық ұйымдар арасында қатынастарды реттейді.
Аудиторлық тексеріс экономикалық субъектілерге және барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдарына қатысты жүзеге асырылады. Аудит аудиторлармен және аудиторлық ұйымдармен жүргізіледі.
Аудитор – біліктілік комиссиясы аттестаттаған аудитор біліктілігінің берілуі туралы куәлік лған жеке тұлға.
Аудиторлық ұйым – ашық акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.
Аудиторлық ұйымның және жекеше жұмыс істейтін аудиторлардың құқықтық мәртебесінің ерекшелігі болып олардың арнайы шаруашылық біліктілігі табылады.
Аудиторлық тексеріс аудитке тиісті экономикалық субъектінің қаржылық жағдайына қатысты аудаторлық дәлелдемелерді жинаумен, бағалаумен және тұжырымдаумен байланысты шаралардың жиынтығын білдіреді және қортындысы ретінде осы экономикалық субъектінің бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізуді туралы аудтордың ой тұжырылатын болатын.
Аудиторлық тексерісті әртүрлі негізде, бойынша жіктеуге болады. Тексеруші субъектінің қызмет түріне байланысты банктік аудит; сақтандырушылар аудиті, қорлар аудиті және жалпы аудит болып бөлінеді. Аудит ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін. Сондай-ақ аудиторлық тексеріс міндетті және бастамашылық болып бөлінеді. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұймның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі. Міндетті аудиторлық тексеріс заңда көзделген реттерде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тапсырысымен жүргізіледі.
Аудиторлардың және тексерілетін субъектілердің негізгі құқықтары мен міндеттері аудиторлық қызмет туралы заңда көрініс тапқан. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдар – аудит жүргізу әдістерін өз бетімен белгілеуге – экономикалық субъектілердің бухгалтерлік және өзге де қаржы шаруашылық қызмет құжаттамасын алуға және тексеруге түрлі саладағы мамандарды аудит жүргізуге қатысуға шарттық негізде тартуға және т.б. құқылы. Осы берілген құқықтарға тексерілетін субъектілердің міндеттері сәйкес келеді.
Мүдделі экономикалық субъектінің немесе аудиторлық қызмет жүргізуге лицензия берген орган өз бастамасымен аудиторлық қортынды сапасын тексеру тағайындау мүмкін. Шарт талаптар бұзылған жағдайда аудиторлық тексерісті сапасын жүргізген жағдайда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР-ң заңдарына сәйкес жауапты болады.
Аудторлық қортынды – бұл экономикалық субъектінің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы және бұхгалтерлік есепті нормативтік актілерде көзделген талаптарға сай жүргізетіндігі түрлі аудиторды ой тұжырымын қамтитытн құжат. Жүргізілген аудит бойынша қортындылардың келесі түрлерінің біреуі жасалды
Аудиторлық шартында 3 бөліктен тұрады; кіріспе аналитикалық және нәтиже.
Достарыңызбен бөлісу: |