Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Кәсіпкерлік қызмет негізділген меншік нысанына қатысты заңдылық бойынша жеке және мелекеттік кәсіпкерлік түрлері бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік шаруашылық жүргізу құқығында мүлікке ие мемлекеттік кәсіпорындар мен жүзеге асырылады. Бұ кәіпорындар өз кезегінде балансындағы бюджет деңгейіне қатысты және құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттік органға байланысты республикалық және коммнуалдық болып бөлінеді.
Жеке кәсіпкерлік жеке меншік құқығына негізделген және заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік - азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүргізетін кәсіпкерлік қызметі. Ол жеке және біріккен кәсіпкерлік болып бөлінеді.
- жеке – меншік құқығы негізінде өзіне тиесілі мүлік бағасында жеке азаматпен өзіндік жүргізіледі.
- біріккен кәсіпкерлік – меншік құқығы негізінде өздеріне тиемілі мүліктер бағасында, сондай-ақ мүлікті пайдалану құқығы күшінде азаматтар тобымен жүзеге асырылады. Біріккен кәсіпкерлікті жүзеге аыруға келесі нысандарда жол беріледі;
- жұбайлардың кәсіпкерлігі
- жанұялық кәсіпкерлік
- жай серіктестік, мұнда кәсіпкерлік қызмет ортақ үлес меншігінде жүзеге асырылады.
Азаматтық заңдылықпен көзделген жағдайларда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар тұрғылықты жеріндегі салық органдарында мемлекеттік тіркеуден өту тиіс.
Кәсіпкер - азаматтың мәртебесін куәландыратын құжат болып кәсіпкер ретінде тіркеуден өткендігі туралы куәлік табылады.
Кәсіпкерлік құқықтың негізгі субъектісі болып заңды тұлғалар табылады. АК-ң 33 бабына сәйкес заңды тұлға дегеніміз - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы ақтау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттер ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талаптар және жауапкер бола алатын ұйым.
Кәсіпкерлік меншік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғаларадың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорында шаруашылық, басқару құқығына негізделген ынталы қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |