Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары


Кәсіпкерліктің функциялары



бет2/4
Дата16.05.2022
өлшемі450,94 Kb.
#143468
1   2   3   4
Байланысты:
кәсіпкерлікқұқық
7 кл (2), 7 кл (2), реферат, кәсіпкерлік құқық, Ұлттық ойындар арқылы достық қарым-қатынасты дамыту маңыздылығы, курсовой 2курс пр
2.Кәсіпкерліктің функциялары.
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Олардың қатарына жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық – ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялары жатады. Осы функцияларға қысқаша тоқталайық.
1)Жалпы экономикалық функция.
Кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функциясы өндірістік, табыстық және жұмыспен қамту функцияларынан көрініс табады.
Өндірістік функция тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім өндірумен (жұмыс, орындаумен, қызмет көрсетумен) сипатталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсімнің, жалпы ішкі өнім көлемін ұлғайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Табыстық функциясы әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге кәсіпкерлік қызметтен түсуін, ұлттық табыстың артуын қамтамасыз етеді.
Жұмыспен қамту функциясы жаңа жұмыс орындарының ашылуын, жұмыссыздықтың қысқаруын білдіреді.
Жалпы экономикалық функция өз атынан және мүліктік жауапкершілігімен қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің, кәсіпкерлік ұйымдардың рөлімен байланысты болып келеді.
2) Ресурстық функция да кәсіпкерліктің маңызды функцияларының бірі. Ұдайы өндірістік және шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерлік дамиды. Мұндай ресурстар ретінде материалдық және материалдық емес өндіріс факторларын айтамыз. Бірінші кезекте ресурстарға (осы сөздің кең мағынасында) еңбек ресурстарын, жер мен табиғат байлықтарын, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сондай-ақ кәсіпкерлік қабілетті де жатқызуға болады. Ресурстық функция экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының айтарлықтай тиімді үйлесуімен байланысты болып келеді.
3) Кәсіпкерліктің шығармашылық – ізденушілік (инновациялық) функциясы кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жаңа идеяларды пайдаланумен ғана емес, сондай-ақ алға қойылған мақсатқа жетуге арналған жаңа құралдарды әзірлеумен де байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет