Көзіңмен көрмеген нәрсені қалай көз алдыңа әкелуге болады?
Мысалы, бірқазан деген құстың қандай болатынын білесің бе? Олай болса, мәтінді оқып шық та, ойша елестете отырып, суретін сал.
Бірқазан ұзын тұмсықты құс. Оның тұмсығы өте ұзын болып келеді. Ал оның астында қалтасы болады. Ол су құсы. Дене тұрқы үйрекке келеді. Бірақ мойны үйректікіндей тік емес, аққуға ұқсас имек. Құйрық жағы да аққуға ұқсайды. Ал аяғы тура үйректікіндей, бірақ қысқа болып келеді.
Бірқазан ірі құстардың қатарына жатады. Оның дене тұрқы 1,8 метрдей болады, ал салмағы 13 келіге дейін жетедй.
Қызыл бірқазан және бұйрабас бірқазан болады. Бұйрабас бірқазанның шүйде тұсындағы қауырсыны ұзын әрі бұйра болып келеді. Бұйрабас бірқазанның тұмсығының астындағы қалтасы әдетте ақшыл сары болады. Ал кейбір кезде қызғылт болып кетеді.
*Суреттегі бірқазанды боя. Мәтінге қарап отырып, өзің бірқазанның суретін сал.
1.Мәтінді мұқият оқы. Оның тақырыбын және негізгі ойын анықта.
Қарамен берілген сөздерге назар аудар.
Құраған ағашқа тоқылдақ келіп қонды.
Өзі бір ерекше тоқылдақ екен.
Басы мен
арқасы қап-қара.
Шүйдесінде ашық қызыл түсті ноқаты бар. Ал қара
қанаттарында ақ сызықтар мен ноқаттар бар екен.
Достарыңызбен бөлісу: