Кәсіптік білім беру ұйымдарының о блыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет135/234
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#117391
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   234
Байланысты:
000d06b5-e09c5839

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Әрбір мәтінді біздер еркін түрде әңгімелеуіміз керек.
Жаттап алмай еркін әңгімеле
Балықтар және олардың тіршілігі туралы әңгімелеп көрейік. Төменде екі түрлі әңгіме берілген. Оған қосымша деректерді кітапханадан немесе интернеттен жинастыр. Бәрін де мұқият оқы.

Балық дегеніміз - омыртқалы су жануарлары. Оның жиырма мыңнан астам түрі бар. Балықтардың барлығы дерлік сүйекті балықтарға жатады. Тек екі үш пайызы ғана шеміршіекті болып есептеледі. Қазақстанның өзен көлдерінде жүз сексен түрлі балық бар. Қазіргі кездегі көптеген балықтың түрлері бес жүз мың жылдан бері тіршілік етіп келе жатыр.


Ең кішкентай балықтардың көлемі бір сантиметрден аспайды, ол көбінесе аквариумда өсірілетін балықтар. Ұзындығы жиырма метрге де жететін балықтар болады. Ал олардың салмағы бір жарым грамнан он екі он төрт тоннаға дейін жетеді.
Балықтардың дені желбезекпен тыныс алады. Дегенмен, ауамен тыныс алуға бейім түрлері де кездеседі. Бір екі жыл тіршілік ететін балықтар да болады. Жүз жасайтындары да бар.
Балық адам ағзасы үшін өте пайдалы. Балықтың еті мен уылдырығы ғана емес, кей түрлерінің терісі де пайдаланылады. Олардан балықтың майы алынады.
Ең басты мақсат тыңдаушыңды қызықтыру. Сол себептен бәрін алдын - ала ойластыру керек. Алған мағлұматтарыңды пайдаланып, балықтар туралы әңгімеңе жоспарыңды жаз.
Әңгімең кімді қызықтырды? Әңгімеңді тыңдаушылар бағаласын.
Айнаға қарап дайындық жаса
Мектепке ауызша сабақтан берілген тапсырманы жаттап алмай, түсінгеніңді өз ойыңмен айтуға дағдылан. Айнаға қарап дайындық жасап көр. Сөйлеп тұрғаныңда өзіңе - өзің ұнайсың ба? Тұрысың, қимылың, бет әлпетіңнің қимылы көңіліңнен шыға ма? Ұнамаса, өзіңді дұрыс ұстауға дайында.
III. Қорытынды.
Сұрақ - жауап
Бүгін нені білдік?
Бүгін нені үйрендік?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет