Кәсіптік білім беру ұйымдарының о блыстық оқу-әдістемелік кабинеті «шешендік өнер әліппесі»



бет138/234
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#117391
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   234
Байланысты:
000d06b5-e09c5839

11 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мақтау және мадақтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мақтау және мадақтау тәсілдерімен таныстыра отырып, оларға ерекше түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген зейіндерін арттыру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін жетілдіру, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Армысың, күн, емендер мен кең дала,
Армысың тау, ормандар мен теңіздер,
Армысың, өсімдіктер, гүлдермен.
Армысың, әлемде өмір сүргендер!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Қазақта «Жақсыны мақтасаң сақтанады, Жаманды мақтасаң шаттанады» деген мақал бар. Мақтау дегеніміз - біреудің істеген ісіне, еңбегіне жоғары баға беру деген сөз.
Мақтаудың бірнеше түрі бар:
Асыра мақтау - үстемелеп, асыра мақтау. Мақтаймын деп артық кету.
Жорта мақтау - қулыққа басып, айламен өтірік мақтау.
Жөнсіз мақтау - ретсіз, орынсыз, қисынсыз мақтау.
Тапсырмамен жұмыс
Крыловтың «Қарға мен түлкі» деген мысалында түлкі қарғаға былай дейді:
«Қарағым, неткен сұлу ең!»
Деп таңырқап таңданды,
«Неткен мойын, неткен көз
Осыдан артық дейсің бе,
Ертегі қылып айтқан сөз?
Қалайша, біткен япырмай,
Мұрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей,
Деп ойлаймын үніңіз».
*Түлкінің қарғаны мақтауы мақтаудың қай түріне жатады?
Мақтаудың бір түріне арналып жазылған қандай өлең шумақтарын білесің?
Ойлан.
Досыңды туған күнімен құттықтап, оған қандай мақтау айтар едің?Жаз.
Мінездеріғ тәртіптері, қылықтары бір біріне ұқсамайтын екі түрлі сыныптасыңды таңдап ал. Екеуінің де жақсы жақтарын тап. Соған лайықтап мақтау айт.
- Қазақта «Көзіне мақтаған көлгірдің сөзі, сыртынан мақтаған көңілдің сөзі» деген мақал бар. Дегенмен, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген тағы бар. Адамның жақсы қасиеттерін көре біліп, орынды мақтау да өнер.
Біздің анықтама
Мақтау біреудің істеген ісіне, еңбегіне жоғары баға беру.
Мадақтау адамның халық алдындағы еңбегін асқақтата мақтау.
Қошеметтеу біреді сыйлау, құрметтеу.
Көлгірсу біле тұра білиеген сыңай таныту,көрмеген болу, жасанды қылық таныту, өтірік мадақтау, орынсыз қошеметтеу.
III. Қорытынды.
*Мысалдарды оқып, мақтау мен қошеттеуді білдіретін сөздердің астын сыз.
- Менің атым Айнұр
- Есімің әдемі екен, ал менің атым - Әлнұр.
- Ой, қандай ғажап! Екеуміздің атымыз ұқсас екен.
- Иә, рақмет! Сенімен танысқаныма қуаныштымын.
*- Әже, асыңыз өте дәмді екен!
- Ас балсын, айналайын!
*- Анашым, сіздің пісіретін құймақтарыңызды сағындым. Тағы да пісіресіз бе?
- Әрине, қошақаным!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет