34– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін кеңейту, бекіту. Оқушылардың тапсырмалар беру арқылы қайсысы мәтін екенін салыстыру арқылы табуға үйрету. Оқушыларды бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топтастыру
Көрнекілігі: оқулық, әр түрлі бейнелі суреттер (кейіпкерлердің), топшамалар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып, білім аламыз!
Мұғалім оқушылармен шеңбер құрып, бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сіздерді түгендеп алайын.
II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Оқушыларды топқа бөлу
Топ «Мәтін»
Топ «Салыстыру»
Топ «Пайымдау»
*Ой қозғау (өткен сабақтарды қайталау)
Мәтін дегеніміз не?
Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
Оларды ата
*Мәтінді оқығанда ең қажетті үзіндіні қалай таңдауға болады?
1. Мәтінге тұтас көз жүрітіп шығып, түйінді сөздер арқылы керек үзіндіні шамамен табуға тырыс.
2. Тақырыбына сәйкес келетін бірінші сөйлемді тап және басқа да не туралы айтылғанын толық түсінгеніңше оқы.
3. Мәтіннің түрлері: әңгіме, ертегі, новелла, повесть, роман, өлеңдер, хат, аңыз, пьеса, жарнама, арыз, мәлімдеме, өтініш, нұсқау, ескертпеғ айтыс, хабарландыру.
4. Бір заттың екіншісінен ауыр не жеңіл екенін салмақтап көру арқылы білеміз. Бір заттың екіншісінен үлкен не кіші екенін көзбен көру арқылы салыстырамыз.
5. Пайымдау дегеніміз – ойыңды дәлелді түрде жеткізу, түсіндіру, ой қорыту.
Достарыңызбен бөлісу: |