Интеллектуалдық ойын «xxi ғасыр көшбасшысы» Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі229,57 Kb.
#35571
Интеллектуалдық ойын  «XXI ғасыр көшбасшысы» 
Мақсаты :

1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды басқа пәндерден алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. 
2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. 
Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. 
3. Білім алуға деген қызығушылығын арттыру. 
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта 
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап. 


Іс-шараның барысы. 
Ойынға қатысушылармен танысу. 
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің ойнымыз елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,тұңғыш Президент күніне арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасының ойынына қош келдіңіздер! 
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік. 


1-ші қатысушы –
2-ші қатысушы –
3-ші қатысушы -
4-ші қатысушы –
5-ші қатысушы –
6-шы қатысушы –
7-қатысушы -
8-қатысушы –

Қазылар орнықтырар әділдікті, 
Кімдердің жауаптары кәміл шықты. 
Білім мен тапқырлықтың сайысында 
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты 


- Әділқазылар алқасымен таныстыру. .............................................. 

Ойыншыларға Сұрақтар: 
1. Болашақтағы арманың қандай? 
2. Қандай пәнді сүйіп оқисың? 
3. Өмірлік ұстанымың қандай? 
4. Мектептегі мұғалімдерден кімді үлгі тұтасың? 
5. Қандай мамандық иесі болғың келеді? 

- Бүгінгі интеллектуалды ойын төрт асудан тұрады: 
I асу – «Бәйге» 
II асу – «Көкпар» 
III асу – «Дода» 
IV асу – «Жорға» 
ІІ асудан кейін ұпайы аз 4 оқушы, ІІІ асудан соң 2 оқушы ойыннан шығады. 
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын, 
Қосатұғын күрең атын, боз атын. 
Басталады бәйге атты жарысың, 
Шықсың шәкірт шыңдарға қол созатың. 
Деп Бәйге жарысын бастаймыз. 
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!!! 

ХХІ ғасыр көшбасшысы 
1. Бәйге 
Шарты: 
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне байланысты 10 сұрақ беріледі. 
2. Әрсұрақтың 3 жауапнұсқасыбар. 
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың дұрыс жауабын сайыскерлер алдарындағы парақшаға белгілейді. 
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің жауап парағы сарапшыға беріледі.


1. Нұрсұлтан Әбілшұлы Назарбаевтың туған жері 
А) Қарағанды облысы 
В) Қаскелең ауданы, ОҚО 
С) Алматы облысы, Қарасай ауданы * 
2. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы, Шамалған ауданында қай жылы туды? 
А) 6 шілде 1941 жыл 
В) 6 шілде 1940 жыл* 
С) 5 шілде 1940 жыл 
3. 1960 жылы қандай оқу орнын бітірді? 
А) Днепродзержинск техникалық училищесін * 
В) Қарағанды металлургия комбинатын 
С) Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін 
4. Қарағанды металлургия зауытында қай жылдары жұмыс істеді? 
А) 1960-1969 жыл * 
В) 1973-1977 жыл 
С) 1989-1991 жыл 
5. Елбасымыздың бастамасымен ашылған оқу орны 
А) Семей медициналық академиясы 
В) Экономика және болжау университеті * 
С) Семей мемлекеттік университеті 
6. Елбасының неше баласы бар? 
А) Дария, Динара, Әлия 
В) Динара, Дариға, Дария 
С) Дариға, Динара, Әлия * 
7. "Тарих толқынында" кітабы қай жылы жазылды? 
А) 1997 * 
В) 1995 
С) 1996 
8. Елбасының бастауымен Республикалық "Балдаурен" оқу-сауықтыру орталығы қай жылы ашылды?
А) 2002 * 
В) 2005 
С) 2007 
9. Астана қаласындағы мемлекетіміздің тұңғыш елбасының мұражайы қашан ашылды? 
А) 2004 жыл, тамыз 
В) 2005 жыл, наурыз * 
С) 2006 жыл, сәуір 
10. Нұрсұлтан Назарбаев неше жасында Қазақстан Республикасының презиженті болып сайланды?
А) 51 * 
В) 52 
С) 41 
11. Еңбек жолы неден басталды? 
А) қара жұмысшы * 
В) Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы 
С) комсомол жұмыстарында жаууапты қызметкер 
12. Елбасының неше немере, неше шөбере сүйіп отыр? 
А) жеті немере, екі шөбере * 
В) жеті немере 
С) екі немере, жеті шөбере 
13. Елбасының ата-анасы. 
А) Әбіш пен Нұргүл 
В) Әбіш пен Әлжан * 
С) Әбіш пен Әлмен 
14. Нұрсұлтан Назарбаев қашан Қазақ АКСР-інің президенті болып сайланды? 
А) 1991 жыл сәуір 
В) 1990 жыл наурыз 
С) 1990 жыл сәуір * 
15. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның жоғары үлгідегі қандай ерекшелік белгісімен марапатталған? 
А) "Алтын қыран" ордені * 
В) "Алтын мирас" орден" 
С) "Алтын жұлдыз" ордені 
Әділқазылар Бәйге жарысы бойынша қорытындысын шығарғанша сайыстың дұрыс жауаптарымен танысайық. 

Әділқазылар Бәйге жарысы бойынша бағаларыңызды берсеңіздер. 

Өнерліміз өрге жүзер өнерде, 
Білімдіміз, ойда – оқу біздерде. 
Мақсатымыз – өнерлі болып жақсы оқу, 
Өнер – білім тең тарады біздерге – дей келе енді келесі асу – Көкпар сайысымызды бастаймыз 

2. Көкпар 
Шарты: 
1. Бұл сайыста 6 ойыншыға мына экрандағы 12 тақырыпты таңдау ұсынылады. 
2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды. 
3. Алғашқы алты тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі. 
4. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады. 
5. 12 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады. 

Қазақ тілі 
1. Қазақ тіл білімінің негізгі салалары (фонетика, лексика, грамматика) 
2. Қолданылу аясы шектеулі сөздер ( кәсіби, термин, көнерген, диалект, тұрақты тіркес, табу, кірме, неологизм, нақыл сөз, мақал) 
3.Дифтонг деген не? (қосарлы дыбыс) 
4.Белгілі бір дәуіріндегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданыстан шығып қалған сөз (историзм) 
5.Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) 
Қазақ әдебиеті 
1. Батырлар жырының ең көнесі (Алпамыс батыр) 
2. "Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты" - деген жолдардың авторы (Шортанбай) 
3. Оқиғаның әбден аяқталып болғаннан кейінгі автордың қорытынды сөз (эпилог) 
4. «Менің атым Қожа» повесінің авторы ( Б.Соқбақбаев) 
5. І.Есенберлиннің атақты трилогиясы. (Көшпенділер) 
Математика 
1. х²+2х+36=11 түріндегі теңдеу қалай аталады? (квадрат теңдеу) 
2. Арифметикалық прогрессия дегеніміз не? (екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегі) 
3. 2 және ½ қандай сандар? (өзара кері сандар) 
4. Өзіне және 1-ге бөлінетін сандар қалай аталады? (жай сандар) 
5. tgα неге тең? (sinα / cosα ) 
Орыс тілі 
1. Стили литературного языка (разговорный, официально-деловой, научный, публицистический, художественный) 
2. Назовите слова, в которых встречаются 3 буквы "е" подряд. (змееед, длинношеее) 
3. Назоваите разносклоняемые существительные. (племя, пламя, знмя, время, бремя, стремя, имя, вымя, темя, семя, пусть) 
4. Что такое флексия? (изменяемая морфема, окончание) 
5. Автор повести "Бедная Лиза" (Николай Михайлович Карамзин) 
Ағылшын тілі 
1. Сөйлемді ағылшын тіліне аударыңыз: "Қара сөздердің авторы Абай Құнанбаев" (Autor of "Kara sozs" is Abai Kunanbaev) 
2. Capital of Romania (Bucharest) 
3. Зат есім ағылшынша қалай? (noun) 
4. What is the English for «ата-ана»? (parents) 
5. What is the Kazakh for «necessary»? (қажетті
Биология 
1.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (микология
2.Организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеті (өзгергіштік
3.Жүгерінің жемісі (дәнек
4. "Динозарвлар дәуірі" (мезозой
5. Гетерозиготаны ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы (2) 

Қазақстан тарихы 
1 Алашорда үкіметінің төрағасы (Әлихан Бөкейханов) 
2. "Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды" деп кім айтты? (Міржақып Дулатов) 
3 "Жер оны өңдейтіндерге берілсін!" деген ұран тастаған партия. (эсер
4. Азамат соғысы деген не? (мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы
5. Қазақ хандығын кімдер құрды? (Керей, Жәнібек хандар

Дүниежүзі тарихы 
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс қашан болды? (1914-1918) 
2. Италиядағы фашизистік партияны құрушы (Муссолини
3. Гитлер қашан билік басына келді? (1933 жыл 30 қаңтар
4. Антанта одағын құрған елдер (Англия, Франция, Ресей
5. Үштік одақ қашан құрылды? (1882 жылы

Спорт 
1. Жас спортшыны қалай атайды? (юниор
2. Лондон олимпиадасында Баркер кубогын қанжығасына байлаған боксшы (С.Сапиев
3.Қазақстанның көркем гимнастика шебері (Әлия Юсупова
4.Қай жылдан бастап қысқы олимпиада ойындары енгізілді? (1924 жыл
5.Бұл спорт түрінің атауын қазақ тіліне аударғанда, "ұшатын" деген мағынаны білдіреді (волейбол



Әлем мәдениеті 
1. Бұл не? Қай жерде орналасқан? (Галикарнас кесенесі, қазіргі Турция жерінде орналасқан
2. Италия елінің әйгілі суретшісі (Леонардо да Винчи
3. Голливудтың ең көп қаржы төленетін актері (Том Круз
4. Әлемнің ең алғашқы моделі (Кармен ДеллОрефис
5.Әлемдегі ең танымал фильм (Крик

География 
1. Табиғат жағдайы деген не? (табиғат күштері мен объектілері, оның сапасы
2. Географияның түрлері (физикалық және экономикалық география
3. Африканың жер көлемі (30319 км²) 
4. Миграция дегеніміз не? (көші-қон) 
5. Урбандалудың қандай формалары бар? (агломерация, мегаполис, субурбанизация) 

Химия 
1. Электролиттер дегеніміз не? (суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар) 
2. Бейэлектролиттердегі байланыс түрі (ковалентті полюссіз) 
3. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын ұсынған ғалым 
(Сванте Аррениус) 
4. Аммиакты лабораторияда қалай алуға болады? (қатты аммоний хлориді мен сөндірілген әкті араластырып, қыздырып аммиак алады) 
5. Күкірт қышқылының тығыздығы (1,84 г/см³) 

Әділқазылар алқасы Көкпар сайысы бойынша қойған бағаларынызды берсеніздер Ойынымыздың шарты бойынша ең аз ұпай алған 4 сайыскер ойынымыздан шығуы керек. Ол қай оқушылар екен? 

Сендерге рахмет! Болашақта үлкен жетістікке жетеді – деген оймен өздеріңізбен қоштасамыз. 

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі, 
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі – деп келесі Дода сайысын бастаймыз. 


ДОДА 
Шарты: 
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады. 
2. Әртақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген. 
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді. 
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақта күрделене түседі. 

Ғылым 
10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым 
саласының таңбасы? медицина 
20. Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм, 
гидравлика, космология, энергетика бұл ататлған ғылым салалары мектепте 
қай пәнге қатысты? Физика 
30. Дәрілік заттардың адам мен мал организміне тигізетін әсерін зерттейтін 
медицина ғылымының бір саласы? Фармакология 
40. Тірі организмнің айнала қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін биология 
ғылымының бір саласы? Экология 
Қоғам 
10. Республикалық басқару жүйесіндегі елдерде белгілі бір мерзімге сайланған 
мемлекет басшысы? Президент 
20. Тиым салу, заң шығарушы органдардың қаулы – қарарын тоқтатып тастау 
немесе заңның күшін тоқтату вето 
30. Халықтың саяси өмірге немқұрайлы қарауы, азаматтық міндеттерін атқарудан 
бас тартуы немесе сайлауға қатыспаушылық не деп аталады? абсентеизм 
40. Басқа елдердің жерін тартып алу, күшпен бағындыру, қарулы шабуыл жасау 
не деп аталады? агрессия 
Спорт 
10. Қазақша күресте екі палуанның бірін – бірі жеңе алмай қатар жығылуы не деп 
аталады? итжығыс 
20. 2008ж австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының 
алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? Испания 
30. ХІХ жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді? Пекин 2008ж 
40. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? 
бес дүркін чемпион 
Еркін тақырып 
10. Азия аумағындағы әлемдегі ең төменгі орны? Өлі теңіз 
20. Алғашқы бейне телофон қай жылы шықты? 1993жылы 
30. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан белбау 
40. Жозы дегеніміз не? Жерге отырып тамақ ішуге арналған аласа үстел 

Әділқазылар алқасы Дода сайысына қойған бағаларынызды беріп, ойыннан шығатын екі оқушының кім екенің хабарласаныздар. 

Сайыскерлер алды-артын ондасын, 
Шешілмеген сұрақтары қалмасын. 
Бүгінгі ойын жеңімпазын 
Мына отырған қазылар алқасы тандасын 

Осымен сайысымыздың соңғы туры Жорғаға көшейік. 

ЖОРҒА 

Шарты:
2. Әртақырып 10 сұрақтан тұрады. 
3. Сұрақтарға тез жауап қайтару керек 
1 – ойыншыға сұрақтар 
1.Дүниедегі ең үлкен арал ( Гренландия) 
2.Қиылыспайтын екі түзу (параллель) 
3.Әр елдің туын зерттейтін ғылымды қалай атайды (геральдика) 
4.Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан?(сақ) 
5.Қазақстанның қай қаланың жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей) 
6.Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген? (барыс) 
7.Ақшадай және заттай құрбандық (садақа) 
8.Үйлердің жобасын сызып, үйлерді салатын өнерді не деп атайды (сәулет өнері) 
9.Қасиетті рухани тілек. (Бата) 
10.Қазақстанның жаңа әнұраны ресми түрде қашан қабылданды? (10.01.06) 
2 – ойыншыға сұрақтар 
1. Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.) 
2. Гүл – Наурыздың белгісі (қызғалдақ, сарғалдақ) 
3. Сәулет құрылысы, биіктігі астанамыздың Алматыдан Астанаға көшкен жылына сай (Бәйтерек) 
4.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ) 
5.Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар) 
6.Абайдың шын аты (Ибраһим) 
7.Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр әл-Фараби) 
8.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек) 
9.Құстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды? (орнитология) 
10.Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс) 
Тағы келеді сыналар щақ айналып, 
Тереңіне білім теңіз байланып. 
Бүгінгі кештің жеңмпазы атанып 
ХХІ ғасыр көшбасшысы болып тұр – деп, Сөз әділ қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тындайық және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз айта кетсеңіздер. 
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» жеңімпазы _____ сынып оқушысы ___________________________________________________ 
Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» шоу бағдарламасы аяқталды. 
Жастықтың оты жалындап
Жас жүректе жанған шақ. 
Талаптың оты арындап, 
Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай Жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!
Каталог: E444324FA114A466
E444324FA114A466 -> «Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны Интеллектуалдық ойынның мақсаты
E444324FA114A466 -> Сабақтың тақырыбы: Invitation. Сабақтың мақсаты: Past simple туралы білімін жаңғырту және сөйлеу дағдысын қалыптастыру
E444324FA114A466 -> 2017 жылдың 10-17 сәуір аралығында өтетін «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты» атты география, биология және химия пәндері апталығының жоспары
E444324FA114A466 -> Коучинг (диалогтік алаңша) Жоспар Тақырып: Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық Мақсаты
E444324FA114A466 -> Сабақтың тақырыбы: Кел, қайталайық! Мектеп: Казгородок орта мектебі Күні: 27. 11. 2017


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет