II. Негізігі бөлім
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылып өтіледі.
Оқушылар ойланып сөйлеуге машықтанудың түрлі тәсілдері бар екен. Енді соларға назар аударайық.
Бірінші тәсіл
Ең алдымен не туралы айтатыныңды ойлан. Мақсатың не?
Айтатын әңгімеңнің ең бастысы қайсысы?
Егер осы сұрақтарға нақтылы жауап беретін болсаң, онда ойың да жинақы болады. Айтылған сөз де жинақы болады.
Кез келген әңгімені оқығаннан кейін ой қорытып отыруға дағдылан. Оқыған әңгімең туралы пікір айтуды үйрен. Ол үшін бірнеше сұраққа нақтылы жауап беру керек.
Оқыған әңгімең туралы кімге айтпақсың?
Әңгіме не туралы?
Ең басты айтарың не?
Екінші тәсіл
Негізгі сөздерді жаз
Тірек сөздер немесе негізгі сөздер дегеніміз не? Өткен жылы өткенімізді есіңе түсір. Тірек сөздердің мәтіндегі алар орны мен рөлі қандай?
*Шал мен кемпір, кедей, қаз, тілегін орындау, Қазбай, «піс, қазаным, піс», балалар, «ұр, тоқпақ»...
* Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, ертегіні естеріңе түсіріңдер.
Кезектесіп, бір біріңді іліп әкетіп ертегіні айтыңдар.
«Қасқыр мен түлкі» ертегісін есіңе түсіріп, ондағы негізгі сөздерді жаз.
Үшінші тәсіл
Суретпен жұмыс істеп үйрен
Суреттерге мұқият қара. Қай сурет әңгіменің басталуын білдіреді? Қайсысы негізгі бөлімге, ал қайсысы соңына жатады?
Төртінші тәсіл
Жүйелі әңгімелеп үйрен
*Өзің туралы шағын әңгіме құрастыр. Өмірбаяныңды төмендегі жоспардың үлгісімен жаз. Толықтырғың келсе, өз еркің.
1. Аты жөнің кім?
2.Қайда туып, қайда өстің?
3. Қашан дүниеге келдің, қай айда?
4. Ата - анаңның аты - жөні кім?
5. Ата - анаң кім болып жұмыс істейді?
6. Үйде аға әпкелерің, іні қарындастарың бар ма? Олардың аттары кім?
7. Қайда оқисың?
8. Бос уақытыңда немен айналысасың?
9. Қай жерде тұрасың?
Бесінші тәсіл
Жоспар құра біл
Әңгімені оқы да, жоспар құр. Жоспар бойынша мазмұнын айт
Атаның ақылы.
III. Қорытынды.
Сұрақ – жауап
Бүгін немен таныстық?
Неше тәсілді білесің?
Оларға жеке - жеке тоқталып айт.
Достарыңызбен бөлісу: |