Кәсіптік оқыту әдістемесі


Кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа жайындығы



бет38/54
Дата07.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#91012
түріКонспект
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
Конспект лекций

8.1 Кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа жайындығы

Болашақ оқу үдерісін жоспарлауда оқытушыда оқыту және тәрбиелеу бойынша терең білімі, практикалық жұмыстың жеке тәжірибесі болуы керек, себебі кәсіптік білім мен дағдыны қалыптастыру үдерісі оқушылардың теориялық білімдері негізінде практикалық мәселелерді шешуде тиімді шешімдерді іздестіру жолымен өтуі тиіс. Педагогтың жалпы дайындығы сабақты сапалы өткізу үшін жеткіліксіз, сондықтан оқу жылы бойы тұрақты және жүйелі түрде дайындық қажет. Сабаққа тек жас мұғалімдер ғана емес, осы бөлім, осы тақырып бойынша бірнеше рет сабақ сабақ өткізген тәжірибелі оқытушылар да дайындалады. Әрбір жаңа сабақ, дәл сол тақырыпты қайталаса да алдыңғы өткен сабаққа ұқсамайды. Бұл өзгешеліктер оқушылар құрамы мен олардың дайындық дәрежесіне, сабақтың материалдық қамсыздануына байланысты.


Оқытушының кәсіптік мектепте сабаққа дайындығын бірнеше кезеңге бөлуге болады: сабақ жүйесін жоспарлаумен аяқталатынперспективалық дайындық және тікелей осы сабаққа дайындық.


Осы аталған кезеңдер мазмұнын қарастырайық.


Педагогтың сабаққа перспективалық дайындығыалдын-ала орындалатын үш түрлі жұмыстан тұрады, басқаша айтқанда оқытушы сабақ жүргізудің стратегиясын жасайды. Ол оқытушының оқу жылына дайындығынан басталады. Ең алдымен, оқытушы оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты нормативтік құжаттармен, мамандықтың біліктілік сипатымен, өз пәнінің оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен, өндірістік оқыту бағдарламасымен, басқа да оқу жоспарындағы ұқсас пәндермен танысады.


Әріптестерімен бірге педагог пән аралық байланыс жолдары мен тәсілдерін белгілейді, оқыту реті мен мазмұнына қажетті өзгерістер енгізеді. Әдетте бұл


кәсіптік мектепте жоспарланған әдістемелік семинарларда, циклдық секцияларда жасалады.

Сонымен қатар, оқытушы жаңа оқу-әдістемелік материалдармен, соңғы журналдар мен жинақтарда жарық көрген басылымдармен танысады,


әріптестердің жұмыс тәжірибелері берілетін, жаңа білім беру технологияларыкелтірілетін Интернет жүйесіндегі сайттары мен оқу порталын қарайды.


Оқытушылар оқу үдерісінің оқу-материалдық базасын жақсартуға көп көңіл бөледі. Оқытушылар оқу материалын беруге қандай көрнекі құралдар, техникалық құрылғылар және басқа да оқу қондырғылары қажеттігін анықтайды, жеткіліксіз құралдарды дайындайды, қондырғылар алуға сұраныс жасайды, оны ретке келтіруге қатысады.


Сабаққа алдын-ала даярлану кезеңі күнтізбелік немесе перспективті-тақырыптық жоспар жасаумен аяқталады.


Бағдарламамен, ғылыми және әдістемелік әдебиетпен танысқанда оқытушы әр тақырыпты қарастырудағы қандай негізгі идеялар ашылуы керектігін анықтайды, оқушылар қабылдайтын теориялық материал мен практикалық іскерлікті анықтайды, жалпы білім беретін пәндер – физика, химия, математика және т.б., жалпытехникалық пәндер - техникалық механика, стандарттау, конструкциондық материалдар технологиясы, сызу және кәсіптік мектепте алынатын мамандығына тікелей байланысты арнайы пәндер арасындағы пән аралық байланысты жүзеге асыруды қарастырады.


Кәсіптік оқыту оқытушысы тақырыпты оқуға кететін уақытты ескере отырып, материалды сабақтарға бөледі, әр сабақтың сабақтардың жалпы жүйесіндегі орны мен мәнін анықтайды. Сабақ барысында тақырып мазмұны қалайша дамытылатынын ойластырады. Осының арқасында оқушылардың білім алу, дағды мен іскерлік қалыптастыруының реті орнатылады,адамгершілік және жігерлілік қасиеттері шыңдалады.


Сонымен қатар, оқытушы осы мамандық бойынша оқылатын басқа пәндер оқу бағдарламаларымен танысады, өз пәні мен басқа пәндер арасындағы байланысты анықтайды, болашақ маманға кәсіптік білім мен дағды қалыптастыруға ықпал ететін материалды анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет