Кестелер тізімі 4 Суреттер тізімі 5 Резюме 6 Кіріспе 8 Жобаның тұжырымдамасы 9


Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы



бет4/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,07 Mb.
#10655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы


Кәсіпорында мынадай өнім түрлері болады:

- Қалыпқа келтірілген пастеризацияланған сүт (3,2%);

- Қаймақ (30%);

- Жартылай майлы сүзбе (9%);

- Қатты ірімшік.

Бұл ретте, кәсіпорын түсімінің көп бөлігі қатты ірімшікті сатудан түсетін болады. Ірімшік – жоғары құнды, кеңінен танылған сүт өнімі. Әр түрлі ірімшіктер көптеген ұлттың ұлттық тағамының құрамына кіреді.

Ірімшік төрт негізгі түрге бөлінеді:

- қатты, (российский, голландский, швейцарский және басқа);

- жартылай қатты (российский, голландский, швейцарский рокфор және басқа.);

- жұмсақ (любительский, славянский и др.);

- тұзды (сулугуни, фермерский, имеретинский, брынза, және басқа.).

Осы түрлер өз кезегінде жекелеген кіші түрлерге және топтарға бөлінеді. Тұтыну өлшемдері негізге алынатын жіктемесі бар, осылайша, ірімшіктеді дәстүрлі және экзотикалы деп бөлуге болады.

Біз үшін танымалы қатты және балқытылған түрі ғана емес, сонымен бірге дайындау технологиясы, сондай-ақ, әдетте, бағасы да жоғарысы болады.

Қатты ірімшіктер

Қатты ірімшік дегеніміз қайнатылған және қайнатылмаған тығыздалған ірімшікті білдіреді. Міне, солар ғана қандай дүкеннің болмасын базалық түр-түрін құрайды және тұтынылуы жағынан бірінші орында тұрады.

Қайнатылмаған тығыздалған ірімшіктер

Бұл ірімшіктін қатты қабыршақтары және тығыз нәзік сары түсті негізгі массасы болады. Қайнатылмаған тығыздалған ірімшікті дайындау процесінде алынған ірімшік массасын сүзіп алып, ұсақтап, қалыптарға құяды, содан соң сарысудан тазарту үшін тығыздайды. Содан кейін осы шикі ірімшікті біраз кептіреді, қалыптан алады және тұздыққа салып өңдейді. Кейіннен пісіп жетілуі үшін префорацияланған үлкен қалыптарға салады. Осы уақыт аралығында оны ара-арасында тұздайды, асты-үстіне ауыстырады және шөткемен тазалайды. Осылайша тазалау оның сыртқы қалпына бір түрлі рең береді. Мұндай ірімшіктердің дайын болуы баяу жүреді, 1 айдан 12 айға дейін созылады.

Қайнатылған тығыздалған ірімшіктер

Мұндай ірімшіктердің көлемі үлкен, сырты ақшыл түсті, ірімшіктің массасы ақшыл-сары түсті, көпшілік жағдайда ортасында тесіктері болады. Тығыздалған қайнатылған ірімшіктер сауылғаннан кейін түні бойы тұрған және таңертеңгі жаңа сауылған сүтпен араластырылған кешкі сүттен жасалады. Бұдан соң сүт мәйек ферменті қосылып шамамен 30 С градусқа дейін қыздырылады. Ірімшік массасын ферменттеу нәтижесінде тесіктер пайда болады. Ашытылғаннан кейін алынған масса шамамен 50-60 С градусқа дейін қыздырылады – бұл процесті кәсіби түрде күйдіру деп атайды. Тек қыздырылғаннан кейін ғана ірімшік массасы тығыздалады. Оның қайнатылмаған тығыздалған ірімшіктен негізгі айырмашылығы осында. Осыдан басқа бұл ірімшікті дайындауда жыл мезгілінің маңызы зор. Жазғы сүттен жасалған ірімшіктің иісі бұрқырап тұрады. Қысқы сүттен жасалған ірімшік дәмді болады. Көпшілік жағдайда мұндай ірімшіктер дөңгелек немесе шеңбер түрінде жасалады. Олар шамамен бір жылдың ішінде дайын болады.

Ерітілген ірімшіктер

Ірімшіктің осы тобы жұмсақ бірқалыпты консистенциялы болады, олар жұпар иісті, ерекше дәмді болады. Ерітілген ірімшіктер бір немесе бірнеше түрлі тығыздалған ірімшікті еріту арқылы алынады, оған сүт, май және қаймақ қосылады. Мұндай ірімшіктер майлы, қосындыларсыз немесе әртүрлі қосындылар – қоспалар, дәмдеуіштер, жаңғақ және т.б. қосу арқылы жасалады. Ерітілген ірімшік қатты ірімшік сияқты дүкеннің базалық түрлерінің бір бөлігі болып табылады. Қайталама қайта өңдеу өнімі болып табылады және жылтыр қағазбен оралған немесе шыны ыдыстарға жабылған ерітілген ірімшік ұзақ сақталады, температураның өзгеруі оларға әсер етпейді, сондықтан да сатылу мерзімі мен таратылу аумағы кең болады.

Экзотикалық ірімшіктер

Бұл бөлімге элиталы және қосымша топтарға жататын барлық ірімшіктер кіреді. Бұл, әдетте, ірімшіктің қымбат түрлері болып табылады.

Ірімшіктің элиталы және экзотикалық сорттарын өндіруде бірінші орынды Франция иеленеді. Француздар ірімшіктің 400-ден астам түрін шығарып қана қоймай, сонымен бірге ірімшікті тұтынуды ерекше мәдениетке, тіпті діни сенімге айналдыра білулерімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта нарықты ірімшіктің негізгі топтарымен толықтыру белгіленуде. Халық жаңа дәмді, жоғары сапаны іздестіре бастады. Осы кезде ірімшіктің негізгі түрін элиталы және қосымша топтар ауыстыра бастады. Бұған экономикалық дамыған өңірлерде ірімшіктің көгерген түрлеріне деген сұраныстың туындауы дәлел болуда.

Ірімшік жоғары тағамдық және емдеу-диеталық қасиеті бар дәстүрлі белокты қышқыл өнім түрі болып табылады. Ол пастеризацияланған таза немесе майы алынған сүтті ашыту және алынған қою өнімнен сарысуының бір бөлігін ағызып тастау жолымен жасалады. Қайнатылмаған сүттен жасалған ірімшікті міндетті түрде термикалық өңделуі тиіс өнімдер (варениктер, ірімшік және басқа) әзірлеу, сондай-ақ ерітілген ірімшіктер өндірісі үшін пайдалануға болады.

3. Өндірістер бағдарламасы


1-кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
1 - кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш, тн.

2 012

2 013

2014 - 2018

Сүтті қайта өңдеу көлемі

269

831

936

Нормаға келтірілген пастеризацияланған сүт (3,2%)

72

222

250

Қаймақ (30%)

6

18

20

Жартылай майлы ірімшік (9%)

2

7

8

Қатты ірімшік

18

55

62

Сату бағдарламасы жасалған келісімшарттар жолымен, маркетингтік зерттеулер, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.


2-кесте - Цех өнімдері мен шикізатқа жоспарланған бағалар, тг.

Цех өнімдері мен шикізат бағасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Орта.

Нормаға келтірілген пастеризацияланған сүт (3,2%)

116

116

116

116

116

116

116

116

116

116

116

116

116

Қаймақ (30%)

625

625

625

625

625

625

625

625

625

625

625

625

625

Жартылай майлы ірімшік (9%)

536

536

536

536

536

536

536

536

536

536

536

536

536

Қатты ірімшік

759

759

714

714

670

670

625

625

670

670

714

759

696

Сүт – шикізат

55

55

50

45

45

40

30

35

40

45

50

55

45

Өнімінің бәсекелестік, құны мыналардан құралады:

- барынша төмен өзіндік құннан, бұл бәсекелестік бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;

- табиғи шикізаттан ( (ауыстыратындардың болмауы) аз қосындылар санынан.

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

Шикізаттың бағасы маусымға байланысты болады, қыста – барынша жоғары, жазда – барынша төмен. Қатты ірімшікке маусымдық ауытқулар қарастырылған. Қалған өнімдердің бағасы бір деңгейде жоспарланған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет