Кәсіпорынның негізгі бәсекелесі Жамбыл облысының ірімшік және сүзбе өндіретін кәсіпорындары болып табылады.
6-кесте – Жамбыл облысындағы ірімшік және сүзбе өндіретін негізгі компаниялар
Кәсіпорынның атауы
|
Өндіріс
|
Мекенжайы
|
«МЕРКЕНСКИЙ СЫРЗАВОД» ЖШС
|
Ірімшік және қышқыл сүт өнімдері өндірісі
|
Жамбыл обл., Мерке ауданы, Ойтал кенті, Ленин көшесі, 1
|
«ДАНЕГУЛЬ» ЖШС
|
Қышқыл сүт өнімдері өндірісі
|
Жамбыл обл., Тараз қаласы, Исатай көшесі, 7б
|
«ГАЛЕНИКА» ЖШС
|
Сүт өнімдері өндірісі
|
Жамбыл обл., Тараз қаласы, Жұбанышев көшесі, 2
|
«АСТАНА САМСОН» ЖШС
|
Қышқыл сүт өнімдері өндірісі
|
Жамбыл обл., Тараз қаласы, Панфилов көшесі, 38
|
Ақпарат көзі: Жамбыл облысының сайты
Кәсіпорынның бәсекелестер алдындағы негізгі басымдығы мыналар болып табылады:
Өнімнің салыстырмалы төмен бағасы;
Өнімнің жоғары сапасы;
Өндірісте тек қана таза сүт пен табиғи шикізатты пайдалану;
Жартылай фабрикаттар мен басқа да қоспалардың болмауы, бұл өнімнің дәмдік сапасына оң әсер ететін болады.
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
2010 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі 3,1%-ға негізделген, бұл мал шаруашылығы көрсеткіштерінің 3,3% ұлғаюына байланысты болды. Саланың осылайша өсу қарқыны мемлекеттің, соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің барынша қолдауымен қамтамасыз етілді. Ішкі нарықта бағаның өсуін ұстап тұру және тиісті инфляциялық күтулер үшін отандық тауар өндірушілер тамақ өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуда.
Сүт және сүт өнімдері өндірісі әлемде осы жылы 2%-ға ұлғаюы мүмкін ФАО сарапшылары бірінші жартыжылдықтағы деректерге жасалған талдаудың негізінде осындай қорытындыға келіп отыр. Осы беделді ұйымның шілдедегі зерттеулеріне сәйкес барынша жоғары өсу Оңтүстік Жер шары елдерінде,ең алдымен Жаңа Зеландия мен Австралияда күтілуде. Соңғы жылдары ЕО елдерінде сүтті қайта өңдеу және таза сүт пен қышқыл сүт сусындарын, ірімшікті, қоюлатылған және ұнтақ сүтті, майды және т.б. өндірудің өсу қарқыны байқалуда. Шығарылатын қышқыл сүт өнімдерінің түр-түрі едәуір кеңейді, олардың сапасының деңгейі артты, өндіру көлемі өсті. Бүгінде Қазақстанда ет-сүт және көкөніс-жеміс өнімдерін шығаратын ауылдық кооператив жұмыс істеуде, үш жылдан кейін олардың саны 450-ге жетеді деп жоспарлануда.
4.4 Маркетинг стратегиясы
Жобаланатын цехтың негізгі мақсаты нарыққа ену және онда одан әрі тұрақтап қалу болып табылады. Қазақстандағы жоғары сапалы өнім шығарады деп күтілетін ең жоғары технологиялы және заманауи зауыттардың бірі ретінде жаңа кәсіпорынды жайғастыру жоспарлануда.
Жылжытудың негізгі әдісі ретінде мүдделі нысаналы топтарға тікелей жарнамалауды пайдалану қажет. Бұл үшін мыналарды қолдануға болады:
- зауыт туралы жарнамалық материалдарды және оның өнімдері бойынша жарнамалық-техникалық құжаттамаларды тарату;
- жергілікті және республикалық маңызы бар арнайы басылымдарда зауыт өніміне арналған жарнамалық-ақпараттық мақалалар дайындау.
Бұл ретте компанияның қабылданған жайғастыруға сәйкес келетін бейнесін құру факторының маңызы кем емес, бұл үшін PR – қажетті қоғамдық пікірді қалыптастыру құралын тиімді пайдалану қажет. Соның ішінде арнайы жарнама басылымдарында жарнамалық-ақпараттық мақалалар дайындаудың тиімділігі зор.
Мынадай сәттерді ескере келе сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру жоспарлануда:
- Басқалармен салыстырғанда бағаның салыстырмалы төмен деңгейі;
- Білікті құрам;
- Қазіргі заманғы жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру.
5. Техникалық жоспарлау 5.1 Технологиялық процесс
Ірімшік өндіретін заманауи фабрикаларда жаңа технологиялар пайдаланылады. Технологияны жетілдіру жоғары сапалы, таза өнім алуға мүмкіндік береді.
Ірімшік өндіру технологиясының сипаттамасы
Ірімшік дайындаудың барлық процесін 6 негізгі кезеңге бөлуге болады:
1. Қайнату. Процестің мәні сүтті жоғары температураға дейін қыздыруда. Сол
кезеңде қандай сүттің пайдаланылғанына байланысты ірімшікта өзінің ерекше сипаттамасы пайда болады.
2. Іртуі. Сүт (обрат) мәйек немесе сүт ұйытқысын қосу арқылы ірітіледі. Нәтижесінде қою масса сұйықтан (сарысудан) бөлінеді.
3. Ағызу. Бұл кезеңде сарысуды ірімшік массасынан айырады. Кейбір жағдайда процесті тездету үшін ірімшік массасын қыздырады. Нәтижесінде қажетіне қарай массаға болашақ ірімшікке дәм беретін дәмдеуіштер, қоспалар және басқа да ингредиенттер қосылады. Бұл кезең алынатын ірімшіктің құрылымы мен дәмін қалыптастырады. .
4. Тығыздау Бұл кезеңде ірімшік арнайы қалыпқа салынады және тығыздалады.
5. Тұздау. Ірімшік массасын не тұздайды не әсер беру үшін тұзды ерітіндіге салады,
6. Пісіп жетілуі. Бұл кезеңде ірімшікті сақтау орнына немесе пісіп-жетілу үшін басқа да арнайы орын-жайға апарады, сол жерде оны мұқият баптайды. Оны асты-үстіне айналдырады, арасында жуады, шөткемен тазалайды. Ірімшіктің қай түрі дайындалуына байланысты оны ыстау, алкогольмен сүрту, дәмдеуіштер себу және басқа да әдістер жасауы мүмкін. Ең маңыздысы, орын-жайда осы процесс жүрген кезде белгілі ылғалдылық және температура деңгейі сақталады, өйткені соңғы нәтиже соған байланысты болады.
Сүзбені дайындаған кезде бастапқы шикізат сияқты (екінші сорттан кем емес және қышқылдығы 21% көп емес сиыр сүті) қайта өңдеу өнімдері (сүтті айыру арқылы майы алынған сүт), сондай-ақ арнайы өнімдер (таза мәдени сүт қышқылы стрептококтар, хлорлы кальций немесе 2-сулы хлорлы калькийлі ірімшікке арналған ұйытқы) де пайдаланылады. Қосымша өнім ретінде ауыз суды қолданады. Технологиялық процесс қышқыл сүт тәсілімен жүргізіледі.
Сүзбені өндіру технологиясы мынадай кезеңдер бойынша жүреді:
1. Шикізатты қабылдау және оның сапасын бағалау.
2. Сүтті қыздыру және айыру.
Бұл кезең пластинкалы қыздыру-салқындату қондырғысында жүргізіледі, онда сүт 37- 40°С температураға дейін қыздырылады, содан кейін кілегейін бөлетін сеператорға жіберіледі. Осының бәрі сеператордан өткізу ережелері бойынша жүргізіледі.
3. Нормаланған сүттің қосындыларын жасау.
Сүзбені 18,9% және 5% МДЖ-де өңдеген кезде МДЖ және ылғалдығы бойынша стандартты өнімді қамтамасыз ету үшін нормаланған қосындыдағы МДЖ мен белоктың арасындағы арақатынасты дұрыс белгілеу мақсатында сүтті нормаға келтіреді.
4. Нормаланған немесе майы алынған сүтті қыздыру және салқындату.
Нормаланған немесе майы алынған сүт 15 - 20с ұстай отырып, қыздыру және салқындату қондырғыларында 78- 80 °С температураға дейін қыздырылады. Содан соң сүт ұйытылу температурасына дейін салқындатылады.
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
Кәсіпорынның өндірістік қуаты сатып алу жоспарланып отырған жалпы алаңы 150 шаршы метр өндірістік цехта жасалатын болады, өйткені орын-жайды жалға алған кезде үнемі жалдау шартының бұзылу тәуекелі қатар жүреді, бұл ретте жабдықтарды қайтадан орналастыру (бұзу, тасымалдау, құрастыру) қосымша қаражатты қажет етеді.
5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
Ірімшік өндірісі үшін негізгі жабдық мыналар:
Ірімшік дәнін дайындайтын аппарат
Кезеңдік әсер ететін аппараттың екі түрі қолданылады: ірімшік ванналары және ірімшік жасаушылар (қазандықтар). Осы екі түрге бөлу бірқатар жағдайларда шартты болып табылады – сыйымдылығы 10 м3 және одан жоғары аппараттар, әдетте, ауқымды ванналар мен қазандықтар болып табылады.
Ірімшік дәнін дайындайтын заманауи аппарат, түріне қарамастан, мынадай белгілерімен сипатталады:
- жабық ыдыс;
- ыдыс пен құралдың ішкі бетіндегі орталықтандырылған бұзылмайтын жуғыш;
- алынбайтын әмбебап кескіш-араластырғыш аспап;
- берілген сарысу санын автоматты түрде іріктеу;
- ірімшік дәнін дайындау операцияларын бағдарламалық басқару (уақыт бойынша).
Ірімшікті қалыптау және тығыздау аппараты.
Заманауи қалыптау аппараты негізгі құрамды бөліктерден тұрады: асты жылжымалы (пластина немесе ленталар) ыдыс, тығыздау тетіктері, қалыпталған ірімшікті бөлшектеп кесу құрылғысы.
Ірімшікті қалыпқа салу және тығыздау сатысын қалыпқа салу және тығыздау процестерінің арасында нақты айырмашылық жоқ біртұтас процесс деп қарастыру қажет.
Сондықтан да қалыпқа салу және тығыздайтын дәстүрлі аппараттармен қатар осы операцияларды бірге атқаратын машиналар да жасап шығарылуда.
Ірімшікті тұздау жабдықтары
Ірімшікті тұздаудың негізгі тәсілі контейнерлер мен жүк көтеру тетіктерін (таль, кран-білік және т.б.) пайдалана отырып тұзды бассейндерде тұздау болып табылады. Бұл жағдайда ірімшікті контейнердің сөрелеріне тиеу және одан түсіру, контейнерді бассейнге түсіру және одан шығару механикаландырылған түрде жүргізілуі мүмкін.
Ірімшіктің пісіп жетілуі, сақтау және өңдеу үшін қажетті жабдықтар
Елдің ірімшік зауыттарында ірімшіктің пісіп жетілуі мен сақталуы стационарлы стеллаждарда немесе ағаш сөрелі арнайы контейнерлерде жүзеге асырылады. Осындай контейнерлерге арналған орын-жайлар мен оларды пісіп жетілетін камераларда қатарлап қою электрлі тиегіштермен жүзеге асырылады. Ірімшікті контейнерге тиеу және одан түсіру қолмен жүзеге асырылады.
Ірімшікті пісіп жетілуі кезінде өңдеу дегеніміз оны жуу, кептіру және жұқа жылтыр қағазға орау немесе қорғаныс қабатын жапсыру ( ерітіп жапсыру) дегенді білдіреді.
Ірімшікті жұқа қағазбен орау үшін көптеген вакуумды-орау машиналарының конструкциялары жасап шығарылуда.
Негізгі жабдықтардың арасында ірімшік және сүзбе өндірісі үшін мыналарды бөліп көрсетуге болады.
7-кесте - Ірімшік және сүзбе өндірісі үшін қажетті жабдықтар тізбесі
№
|
Атауы
|
дана
|
|
ИПКС-0101 сүтті қайта өңдеу үшін шағын-зауыттар
|
|
1
|
Сүтті есепке алу мен сүзу үшін қажетті жабдықтар жиынтығы ИПКС-0121-6000УФ, есепке алу өндір. 12000 л/с, сүзу дндір. 6000 л
|
1
|
2
|
ИПКС-017-ОНЦ-2,0/20 орталық сорғышы, өндір. 2 куб.м/с
|
2
|
3
|
ИПКС-053-1000 ваннасы, көлемі 1000 л
|
1
|
4
|
ИПКС-024-1000(Н) салқындатқыш ваннасы, салқын түрде өндіру 6 кВт, көлемі 1000 л
|
2
|
5
|
ИПКС-013 (Р-1500Р) пастеризациялау жабдығы жиынтығы, тіркелген, өндіріс. 1500 л/с
|
1
|
6
|
Ж5-ОСБ кілегей алынатын сеператор, өндіріс. 1000 л/с
|
1
|
7
|
ИПКС-042 сүт құйғыш аппараты, өндір. сағатына 1400 пакет
|
1
|
8
|
К-11 ауа компрессоры, қысымы 10 атм, өндір. 160 л/мин шығарады
|
1
|
9
|
ИПКС-072-200(Н) ұзақ пастеризациялау ваннасы, көлемі 200 л, электрмен жылытылады және автоматты блокпен басқарылады
|
1
|
10
|
ИПКС-011(Н) ұзақ пастеризациялау ваннасы, көлемі 100 л
|
1
|
11
|
ИПКС-025-02 тығыздау тележкасы, көлемі 240 л, механикалы сымды
|
1
|
12
|
ИПКС-122УС қалыптау-орау қондырғысы, өндір. сағатына 600 стакан
|
1
|
13
|
Электронды Штрих-шағын таразысы, 6-1,2, 6 кг дейін
|
1
|
14
|
ИПКС-075-1,2(Н) жұмыс үстелі, размері 1200x600x850 мм
|
1
|
15
|
Сүттің сапасын бақылайтын зертханалық ыдысытар мен аспаптар жиынтығы
|
1
|
16
|
ИПКС-033СТ-3тоғазытқыш камерасы (орташа температуралы), көлемі 3 текше м, -10 –нан +8°С дейін
|
1
|
17
|
ИПКС-011-150/3(Н) ұзақ пастеризациялау ваннасы (ашыту), ушаттың біреуінің көлемі 22 л, ушат саны 2 дана.
|
1
|
18
|
ИПКС-0122(Н) циркуляциялы жуу жабдығының жиынтығы, жуу ерітіндісін босату өнімділігі 6 текше м/с
|
1
|
|
ИПКС-0116 жұмсақ және қатты ірімшік өндірісі үшін жабдықтар жиынтығы
|
|
1
|
Сүтті есепке алу мен сүзу үшін қажетті жабдықтар жиынтығы ИПКС-0121-6000УФ, есепке алу өндір. 12000 л/с, сүзу өндір. 6000 л
|
1
|
2
|
ИПКС-017-ОНЦ-2,0/20 орталық сорғышы, өндір. 2 куб.м/с
|
2
|
3
|
ИПКС-022(Н) ірімшік жасау ваннасы, көлемі 700 л
|
2
|
4
|
ИПКС-072-100(Н) ұзақ пастеризациялау ваннасы, көлемі 100 л, электрмен жылытылады және автоматты блокпен басқарылады
|
1
|
5
|
электрмен жылытылады және автоматты блокпен басқарылады
|
1
|
6
|
ИПКС-053-200 ваннасы, көлемі 200 л
|
1
|
7
|
ИПКС-075-1,2(Н) жұмыс үстелі, размері 1200x600x850 мм
|
2
|
8
|
№335 «Российская» ірімшікті арналған қалып
|
24
|
9
|
ПВ-12 пневматикалық ірімшік үшін тығыздағыш , 12 дана ірімшікта арналған
|
1
|
10
|
ИПКС-024-2000(Н) салқындатқыш ваннасы, салқын өндіргіштігі 12 кВт, көлемі 2000 л
|
1
|
11
|
ИПКС-013 (Р-1500Р) пастеризациялауға арналған жабдықтар жиынтығы, тіркелген, өндір. 1500 л/с
|
1
|
12
|
ИПКС-122УС қалыптау-орау қондырғысы, өндір. сағатына 600 стакан
|
1
|
13
|
ИПКС-011-150/3(Н) ұзақ пастеризациялау ваннасы (ашыту), ушаттың біреуінің көлемі 22 л, ушат саны 2 дана.
|
1
|
14
|
ИПКС-0122(Н) циркуляциялы жуу жабдығының жиынтығы, жуу ерітіндісін босату өнімділігі 6 текше м/с
|
1
|
15
|
Весы электронные Штрих-мини 6-1,2, до 6 кг
|
1
|
16
|
ИПКС-073-06-150(Н) бланшировкалау құрылғысы, (термоорналастыру ваннасы) , көлемі 150
|
1
|
17
|
К-11 ауа компрессоры, қысымы 10 атм дейін, өндір. шығаруы 160 л/мин *
|
1
|
18
|
Henkelman Super Jumbo 350 вакуумды-орау машинасы, өндір. 2-4 орау/мин, тігісі 1x350 мм, сорғыш16 текше м/с *
|
1
|
Жабдықтың жалпы құны 39 780 мың теңгені құрайды. Жабдықты "Эльф 4М" (РФ). ЖШҚ-дан сатып алу жоспарлануда.
Сатып алынатын жабдықтың басымдықтары:
- Өніммен жанасатын барлық бөлшектер 12Х18Н10Т маркалы тат баспайтын болаттан жасалған;
- Автоматты түрде қолдау, реттеу және бақылау, сондай-ақ пастеризациялау температурасын қағазға тіркеу үшін ИПКС-013БУ(Р) электронды басқару блогымен жабдықталған;
- Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін жеткізе жинақтау мүмкіндігі.
Қажетті техникалар тізбесі:
- Сүт таситын машина (тат баспайтын болат) ГАЗ-3309;
- ГАЗ 3302 "Газель-Бизнес".
Достарыңызбен бөлісу: |