неліктен?
неге?
не себепті?
не үшін?
|
1.-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы жалғанған есімшелер тәуелді жалғауы жалғанып та, жалғанбай да шығыс септік жалғауы тұлғасында келіп себеп пысықтауыш болады. Қатты ұйықтағандықтан Ботакөздің басы ауырып қалған екен. (С.Мұқ.)
2. Есімшеге шығыс жалғауы тікелей жалғану арқылы да себеп пыстауыш болады. Рақым ұялғаннан қызарып, шұқыланып қалды. (М.Әуез.)
3. Есімшеге себепті, соң, шылаулары тіркесе айтылып себеп пысықтауыш жасалады. Ашыққан соң өз ішегімді өзім суырып жеп отырмын, - депті түлкі.
4. Есім сөздер мен есімшеге үшін шылауы тіркесуі арқылы да себеп пысықтауыш болады. Осы мінезің үшін дос болғым келіп тұр. (Ә.Нүр.)
|