Кестелі грамматика



бет16/30
Дата16.01.2022
өлшемі1,58 Mb.
#129360
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
КЕСТЕЛІ ГРАММАТИКА
Каз тили Аныктамалыктар
Мекен пысықтауыш

Cұрақтары

Жасалу жолдары

қайда?

қайдан?


қалай қарай?

қай жақтан?

қай жерге шейін?

қай жерге дейін?



1. Мекен үстеуінен болады. Ол күлімдеп төмен қарады.
2. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септікті мекенді білдіретін есімдер мекен пысықтауыш болады.

Мен өзенге келдім. Клубта кеше концерт болды.
3. Сілтеу есімдіктерімен жақ, шақ, жер сияқты көлемдік мағынадағы есім сөздері тіркесіп, екінші сыңары барыс, жатыс, шығыс көмектес септік жалғауларының бірінде келіп мекен пысықтауыш болады.

Мына жақта Жанас мен Арыстан ғана сөздерінің күйлерін шертуде (Ғ.Сланов)
4. Септік шылаулар тіркесінен сөздер мекен, бет алыс, бағыт мағыналарында айтылса, мекен пысытауыш болады.

Құрылыс басында бір әйел жүр.



Мезгіл пысықтауыш

Cұрақтары

Жасалу жолдары

қашан?

қашаннан?

қашаннан бері?

қашанға шейін?

қай кезде?

қашанға дейін?

т.б.


1. Мезгіл үстеулерінен болады. Қазір бұл кішкене бөлменің қабырғасы осы шахтаның айнасы секілді. (Ә.Ә.)

2. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде немесе түбір күйінде келген мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (күн, түн, түс, кеш, жаз, көктем, күз, т.б.) Мезгіл пысықтауыш болады. Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла. (Мақал.)

3. Бұрын, кейін, соң, шейін, таман, былай, сайын, әрі, бері, деген шылаулармен тіркесіп, қанша? деген сұрауға жауап берген сөздер мезгіл пысықтауыш болады. Сол күні кешке шейін он шақты жылқыны ұстады. (М.Әуезов.)

4. Сілтеу есімдіктеріне және бір, әуелі, соңғы сияқты сөздерге тіркесе айтылған мезгілдік, шақтық мағыналы есім сөздерде мезгіл пысықтауыш болады. Ол соңғы кезде жаттығуды бастады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет