Кеуде қуысының рентгендік тексеру әдістері, көрсеткіштері, жасау жолдары, тексеруді диагностикалық бағалауы.
Рентген сәулелерінің қасиеттерін атаңыз
Рентген сәулесінің зиянды әсерінен қорғайтын шараларды қандай?
Рентгенологиялық зерттеудің негізгі және арнайы әдістеріне не жатады?. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаңыз.
Контрасттық заттар қалай бөлінеді және қолданылу аясы, сақтық шаралары қандай?
Кеуде сарайы мүшелерін рентгенологиялық зерттеу әдістерін тізіп шығыңыз.
Жауаптары:
1 . Рентген сәулелерінің қасиеттерін атаңыз
сәулелердің мынадай негізгі касиеттері бар:
1) Рентген сәулелері кәдімгі жарық сәулелері өте алмайтын ағаш, шыны, тері, мата, кара қағаз сияқты денелерден өте алады; алтын, темір, барий сияқты заттардан нашар өтеді, дәлірек айтқанда рентген сәулелері ауыр атомдардан құралған тығыз заттардан гөрі жеңіл атомдардан түзілген тығыз емес заттардан жақсы өтеді.
2) Рентген сәулелері түскен фотопластинка кәдімгі жарық түскендегідей қараяды.
3) Рентген сәулелерінің әсерінен ауаға және басқа газдарға электр өткізетін қасиет пайда болады, өйткені олар рентген сәулелерінің әсерінен иондалады.
4) Рентген сәулелері түскен кейбір заттар жарық шығарады (флуоресценция құбылысы байкалады). Әсіресе платиносинородты барийдан жасалған экран жақсы флуоресценцияланады.
5) Рентген сәулелеріне электр өрісі мен магнит өрісі әсер етпейді, атап айтқанда электр мен магнит өрістерінің әсерінен рентген сәулелерінің таралу бағыты өзгермейді.
2. Рентген сәулесінің зиянды әсерінен қорғайтын шараларды қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |