Науқас 58 жаста. Анамнезінде артериалды гипертензия (5 жыл), соңғы 2 жылда нитроглицеринмен басылатын стенокардия приступтары жиіледі. Науқас β-блокаторлар мен ұзартылған нитраттар қабылдайды. АҚ 130/70 мм.сн.бғ. Госпитализацияланған күні ұзаққа созылған кеудедегі ауру сезімі жиіледі. Науқасты ИМ диагнозымен жедел жәрдем аурухана жеткізді. 3 апталық емнен кейін науқастың жағдайы тұрақталды, ауруханадан шығуға дайындалуда.
Емдеуші дәрігерде сұрақ туындады: егер шығарарда АҚ 125/85 мм.сн.бғ. , β-блокаторларды жақсы көтереді, сол жүрекше дисфункциясы болмаса қосымша АПФ ингибиротларын қолдануды ұсынуға бола ма?
МӘСЕЛЕ
ЖЕДЕЛ МИОКАРД ИНФАРКТІСІМЕН АУЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?
Салыстыру тобы және осы араласуды бағалау критерилері жоқ.
Араласудың мақсаты, ақыры анықталмаған.
СҰРАҚТЫ ЖАСАУ МЫСАЛЫНЫҢ 2 ВАРИАНТЫ
Ерте миокард инфрктінен кейін стандартты терапияға қосымша АПФ ингибиторларын қолдану қайталама миокард инфарктісінің даму жиілігін және өлім қаупін қаншалықты төмендетеді.
PICO
Patient – жедел миокард инфарктісімен ауырған науқастар
Intervention(араласу) – ерте инфарктіден кейінгі кезеңде АПФ ингибиторларын тағайындау
Comparison (салыстыру) – бақылау тобы – стандартты ем қабылдайды, ИМ бірінші тәулігінде АПФ ингибиторларын қабылдамайды.
Outcome (ақыры) – қайталама ИМ даму қаупі және өлім көрсеткіштерінің