40- қасиет. Тәулесіз екі кездейсоқ шама көбейтіндісінің математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің көбейтіндісіне тең, яғни
Дәлелдеуі. 30- қасиетті дәлелдеудегі талқылауларды пайдаланамыз. Сонда
Дисперсия Қандай да тәжірибе болмасын көптеген қайталаудан шыққан нәтиже туралы мәлімет қажет болғанда, математикалық күтім мәнінің ролі зор екенін көрдік. Бірақ бірінші тәжірибе мен екінші рет жасалған тәжірибе нәтижелерінің арасында алшақтық болып отырады. Бұл алшақтық кездейсоқ шама мәндерінің математикалық күтім төңірегінде қаншалықты шашырап (ауытқып) жатуына байланысты. Мұны бағалау ұшін түрлі өлшеуіштер алады. Біз дисперсия және орташа квадраттық ауытқу өлшеуіштерін алып қарастырайық.