Кəзіргі Қазақ халқы мен оның көне ата бабаларының тарихы əлемдік өркениет тарихының органикалық құрамды бөлігі



Дата18.12.2023
өлшемі19,29 Kb.
#197584
Байланысты:
НОМАД


НОМАДТАР (грек. nomas – ру, бөліну, nomadas – көшіп-қонушы) – шаруашылық қызметі мен оған байланысты тұрмыс салтының ерекше үлгісінде өмір сүретін әлеуметтік топтың өкілдері. “Номад” термині шөлейт, қуаң аудандарды мекендейтін малшыларға, кейде өте ежелгі шаруашылық – мәдени типке жататын кезбе аңшылар мен терімшілерге байланысты қолданылды. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың бас кезінде Еуразияның таулы-далалы өлкелерінде өндіргіш күштердің артуы және жаңа аймақтарды қоныстана бастауға байланысты далалы, шөлейт және шөлді жерлердегі тайпалардың бір бөлігі бақташылық мал ш-нан көшпелі мал ш-на ауысты.

  1. Кəзіргі Қазақ халқы мен оның көне ата – бабаларының тарихы əлемдік өркениет тарихының органикалық құрамды бөлігі.

2. Бүгінгі күні Қазақстан – дербес, егеменді, тəуелсіз мемлекет.Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, соның ішінде экономикалық өмірі мен ой – санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, елдің шаруашылық жүргізу тəсілі –номадтардың тұрмысына ұқсас құрылған
3. К. Маркстің “азаттық өндіріс əдісі” деген термині– бұл халықтардың тұрмыс-тіршілігінің сипатын, меншік иелеуінің объектісі мен субъектісін қамтиды
4. Сондықтан көшпелі халық – номадтардың қоныс аударуы, жаз жайлауда, қыс қыстауда, сол халықтың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын саяси - əлеуметтік артықшылығы, тіпті экология жағынан да өркениетті құбылыс
“Оразақ Смағұлдың айтуынша, соңғы үш ғасыр бойы қазақ халқы және оның ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі тек "номадтық" негізде ғана өрбіген деген жалпылама тұжырым бүгіндері халық санасына әбден сіңісті боп кеткен. Ал оның әу баста еуропацентристер ойлап тапқан жалған ұғым екендігін, өздеріне бағынуға тиіс халықтардың этномәдениетін мансұқтаған Орталық Азия елдерін отарлаушы империялардың жымысқы амалдарының бірі болғандығын ұмытқан сияқтымыз —Белгілі ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Смағұл.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ НОМАДИЗМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МҰНДА ҚАЛЫПТАСУЫ ЖƏНЕ ДАМУЫ бүкіл көп ғасырлық тарихы мал шаруашылығына, көшпелі өмір салтына негізделінгенінен тұрады. Мал шаруашылығы, басты тіршілік арқауына айналған, бүкіл Қазақ қоғамының даму шыңының тарихи тəжирбесі Қазақстанның экономикалық ойларының негізгі бастау көздерінің бірі болып саналатын, қазақ фольклорындағы деректер, осыны толық растайды. Ғасырлар бойы біздің ата - бабаларымыз бір – бірімен кездескен сəтте, алдымен “мал – жан аман ба?” деп саулық сұрасқан. Малды бірінші кезекке, содан кейін барып жанды, денсаулықты қойған. Бұл мысал – Қазақстан малшыларының көшпелі өмір-салты экономикасында номадизмінің басым болғандығының дəлелі
Осыған орай Оразақ Смағұл "номад" терминінің анықтамасына назар аударады. Әлемдік деңгейдегі сөздік ағылшын тіліндегі Вевстерден (Webster´s Dictionary) оқитын болсақ, онда "nomad" грек сөзі, мағынасы – "тұрақты мекенжайы жоқ, мал-жанымен қаңғып жүрген адамдар" деп жазылған.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігін жазған Владимир Дальдің тұжырымдауынша да, "номад" – "малымен, көшпелі баспанасымен қаңғып жүрген тұрақты мекені жоқ адамдар" (кочевники, бродячий со скотом своим и переносным жильем, без оседлости). Ғалым-антрополог тағы бір "Орыс тілінің түсіндірме сөздігін" жасаған Сергей Ожеговтың әйгілі еңбегінде "номад" атауының тіптен жоқ екенін айта келе, "кочевник" терминінің мағынасын "көшпелі өмір салтымен күн кешетін адам" деп түсіндіргенін алға тартады.
Қазақ мәдениетіне үлкен ықпал тигізген келесі діни наным-тип – шаманизм болды. Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке XVІІІ ғасырда енгенмен, ол туралы айқын түсінік әлі қалыптасқан жоқ. “Шаманизм” термині әр түрлі мағынада қолданылады. Кейбір зерттеушілер шаманизм дін емес, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ десе, басқалары оны діннің әмбебап формасы деп санайды. Бұл құбылысты ғылыми бағалауда да қарама-қарсы көзқарас бар. Шамандық қасиеттің психикалық науқаспен байланысына басты назар аударған зерттеушілер, оны ессіздікке табыну (культ безумия) деп қарастырса, ғалымдардың басқа бір тобы қазіргі психоанализдің түп бастауы деп бағалайды
Алтайы Иранбекқызының тұжырымынша, өзгелердің бізді "номад" деп атауын түсінуге болады. Әрі шетелге шыққанда да тарихшыларға осы терминді пайдалануға тура келеді.
Бірақ, профессордың пікірінше, қазақтардың өз-өзін "номад" деп атауы, шын мәнінде, сауатсыздық."Басқа елдердің адамдары номад деп атайды. Ал біздің өзімізді айтуымыз қателік. Айналып келгенде, мәселенің бір ұшы үштілділіктен келіп шығып жатыр.
Себебі сол сөзді үш тілде беретін болсаңыз, "номадқа" келіп тіреледі. Өзге өркениеттің, өзге мәдениеттің бір құндылықтарына еліктеушіліктен келіп шығып жатыр. Бұл шын мәнінде сауатсыздық. Өз-өзімізді "номад" деп атауға құқығымыз жоқ. Өзімізді көшпелі елдің ұрпағы, көшпелі қазақ қоғамының мұрагері деп қабылдауымыз керек", — дейді Алтайы Иранбекқызы.
Əрбір тарихи дəуір өзіне тиесілі болмысымен айырықша ерекшеленеді. Осы ерекшелік бүкіл əлемдік адамзат тарихын жаңа əлеуметтік жəне танымдық т əжірибелермен толықтырып отырады. Ежелгі номадтарға т ə н мифологиялық көріністің бүгінгі сипаты көшпенділерге т ə н кеңістік пен уақыт бірлігінің тұтастығынан көрінеді.
В . Б. Иорданский аталмыш философиялық категориялардың мифологиялық тұрғыда жақындығын түсіндіре келе төмендегідей қорытындыға келеді: архаикалық сана қоғамды қоршаған шынайы болмыстың уақыт ағымын емес, кеңістік өрісіне көп көңіл бөлді.
Табиғат , көршілес қауымдар мен ру -тайпалық топтарға үнемі ж əне күшті ықпал етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет