«Киім конструкциялау және үлгілеу» пәнін оқытуда электронды оқу құралын пайдалану Мазмұны



бет11/19
Дата12.12.2021
өлшемі1,27 Mb.
#99625
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
киім конструкциясы

Киімді құрастыруда сызбаға берілетін қосымшалар

Киім негізі сызбасын құрастырукезінде дененің қажетті өлшемдерімен қатар қосымшаларды да пайдаланамыз. Қосымша шамасы екі бөліктен; киім мен дене арасындағы белгілі бір ара қашықтығына және техникалық, яғни киімнің адам денесіндегі еркін қозғалысына беріледі. Екінші қосымша сән ағымындағы қынамалық пішініне, моделдік сызбаларына байланысты болады.

Жалпы қосымшалардың құрамы бірнеше факторларға байланысты:

-киімнің денеге қынамалылығынан немесе дене мен киімнің бір-бірінен ара қашықтығына (өте қынамалы, қынамалы, орташа қынамалы)

- киімнің жіктелуіне (сырт киім, көйлек, жакет)

-сыртқы пішініне (қынамалы, жартылай қынамалы, тік, кеңейтілген)

-адам денесі мүшелерінің қозғалыс мүмкіндіктерінің сызбадағы бөліктеріне (иық, кеуде, бел, бөксе)

-матаның қалыңдығы мен созылмалы қасиетіне

Қынамалы силуэтті бұйымдардың кострукциясының кейбір бөліктеріне берілетін қосымшалар

Кесте 2


Өлшеу бөлімі

Қосымшаның шартты белгісі

Қосымша шамасы

Кеуде сызығы бойынша:

артқы бой

алдыңғы бой

жең ойындысы




Пш.с.


Пш.п.

Пш.пр.

1

1

2,5



Белдің жарты шеңбер өлшемі

Пт

2

Бөксенің жарты шеңбер өлшемі

Пб

1

Иықтың айналдыра өлшемі

По.п.

5

Жең ойындысының тереңдігі

Пг.пр.

1,5

Артқы бойдың бел деңгейіне дейінгі ұзындығы

Пд.т.с.

1

Алдыңғы бойдың бел деңгейіне дейінгі ұзындығы

Пд.т.п.

1,5

Кеуде биіктігі

Пв.г.

0,7

Кеуде бездері арлығы

Пц.г.

0,3

Мойын ойындысының ені

Пш.гор.

1




Құрастыру кезеңдері
Құрастыру –адам денесін жауып түратын киім бөлшектерін жазықтықта жазып көрсету

Сызба –бұл құрылым, бір бұйымның бөлшектерінің сызбасы. Киімнің сызбасын жасау әр түрлі тәсілмен орындалуы мүмкін, бірақ соның ішінде графикалық-есепті түрі көп қолданылады. Бұл тәсіл жалпыға бірдей киім дайындауда қолданыс табады. Бұл жағдайда орта есеппен алынған өлшемдер қолданылады.

Ал жеке тапсырыс бойынша дайындалатын киім бөлшектерін құрастыруда әрбір бөлігінде жеке адамның өлшемі қолданылады. Соңғы уақытта Европалық әдіс кеңінен қолданыс тапты, айта кетерлік жәйт бұл әдістің тиімділігі мен қарапайымдылығы және қажетті нүктелердің орнын өлшемнің бір бірімен байланысы арқылы формулалармен анықтау.

Кез келген киім бірнеше бөлшектен тұратынын және олардың формаларын жазықтықта жазып көрсету пәннің негізгі мақсаты екендігін, ал оны үйрету міндеті екендігін нақтылап түсіндіре білді. Адам денесіндегі антропометриялық нүктелерге тоқталып, сол нүктелер арқылы өлшемдердің өтетінін. олардың орналасу орындарын анықтау жолдарына да тоқталып өтті. Киім бөлшектерін құрастыру үшін қажетті өлшемдерді дұрыс алу және оларды өлшеу аралықтарын анықтау ең маңызды жұмыс ,өйткені сызбаның сапасы өлшемді дұрыс алуға байланысты екендігін дәлелмен түсіндіріп өтті.



Құрастыру негізгі 5 кезеңнен тұрады.

1.Құрастыру үшін қажетті өлшемдерді алу. Бұл кезеңде киім түріне байланысты адам денесінен қажетті өлшемдеді алып,,конструктивті қосымшалар шамасын анықтап аламыз.

2.Алынған өлшемдерді пайдалана отырып 0,1см дәлдікпен есептеу жұмыстарын жүргіземіз.Сызбаның әрбір бөлігін табу үшін формулалар арқылы есептеу жұмыстары атқарылады.

3. Сызбаның базалық торын құру.Бұнда адам денесінің негізгі деңгейлерін анықтайтын көлденең және тік сызықтардың системасынан құралған базалық торды саламыз.

4.Киімнің негізгі конструктивті сызықтарын аламыз.мысалы:жең ойындысының,мойын ойындысының,бүйір,бүкпе және төменгі сызбаларының.

5.Сапасын тексереміз.Сызбада алдыңғы бойдың бүйір сызығына артқы бойдың бүйір,иық сызықтарының дәл келуін,кеуде мен белдемшенің бел сызықтарының сәйкестігін тексереміз.

Киім сызбаларын құрастыруда тігіс пен әдіпке қосымша берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет