«Киім конструкциялау және үлгілеу» пәнін оқытуда электронды оқу құралын пайдалану Мазмұны



бет17/19
Дата12.12.2021
өлшемі1,27 Mb.
#99625
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
киім конструкциясы

Фалда алу.

Белгіленген сызықтар бойынша бүкпе орнын ала лекалоны кесіп, ұлкен қағаз үстіне шетінен 10-15см қашықтықта 1 бөлікті арнайы түйреуіш немесе жіңішке скоч арқылы бекітеміз. Бүкпені жаба отырып, қалған 2,3 бөліктерді лекалоны төменгі сызық бойынша жылжыта отырып бекітеміз.

Егер фалданы 6см шамасында алсақ, онда бүкпелер толығымен жабылмайды. Бүкпені толығымен жапқан жағдайда фалда шамасы ұлғайады.Фалда енін лекало бөлшектерінің арасында бірдей болуын қадағалау қажет.

Фалда мөлшері

Аз мөлшерде кеңейтілген: фалда 3-6см

Орта мөлшерде кеңейтілген: фалда 10-14см

Үлкен мөлшерде кеңейтілген: фалда 20см

Үлкен мөлшерде кеңейтілген фалда алу үшін бүкпелер жабылған соң, лекалдың бел сызығында түйісу нүктесін сақтай отырып төменгі жағын жылжыту қажет.



Сурет 28 Аз мөлшерде кеңейтілген фалда алу


Осы әдісті қолдана отырып әртүрлі кеңейтілген мөлшерде фалдамен белдемше алуға болады.

Алдыңғы бой



Алдыңғы бой үшін де артқы бойда жасалған операцияларды қайталап, бөлік саны мен фалда енін сол мөлшерде қалдыру қажет.

Егер сіз таңдаған мөлшердегі фалда енінде бүкпе толығымен жабылмай қалса, онда бүкпені бүйір сызыққа жақын жылжытуға болады.

Әрбір бөліктегі қалған бүкпелердің қосындысын бір бүкпеге айналдырып, бүйір қимадан 10-15см қашақтықта ұзындығын 8см етіп орналастыру қажет.

Сурет 29 Бүкпені бүйір сызыққа жақын жылжыту


Ескертпе:

Төменгі жағы кеңейтіліп, қиғаш пішілген белдемше денеге қонымды жатады.

Берілген жағдайда жіптің негізгі бағыты лекалдың орта сызығына 45 градус бұрышпен жатыр.


    1. «Цыганочка» белдемшесі

«Цыганочка» деп аталынатын белдемше түрі адам денесінде толқынды фалдамен қонымды жататын белдемшелердің бір түрі.Белдемшенің бұндай сызбасы сән-салтанатқа арналған көйлектер мен пеньюарларда қолданады.

Сурет 30 «Цыганочка» белдемшесі


Бұндай белдемшені моделдеу үшін фалда ені 10см ден аспайтын лекалоны пайдаланамыз.

Лекалосын жасау

Бұл белдемшеде артқы және алдыңғы бой үшін бір ғана лекало пайдалануға болады. Артқы бойдың орта сызығынан еніне ұзына бойы 1 см қосамыз. Бұл тәсілді қолдану артқы және алдыңғы бой арасындағы айырманы жоюға мүмкіндік береді.(базалық лекалода бөксе ені артқы және алдыңғы бойға бірдей бөлінбейді: алдыңғы бойдың ені артқы бойдан 2см-үлкен.Сурет 31).

Бөлшектің формасын өзгерту

Төменгі сызыққа параллель етіп көлденең сызықтарды жүргіземіз: бірінші сызық белдемше ұзындығының белінен 30% қашықтығында өтеді, екінші сызық белдемшенің қалған ұзындығын екіге бөледі. суретте бұл бөліктерді А,В және С деп көрсетілген.

А бөлшегін ешқандай өзгерістер енгізбей кесіп аламыз

В және С бөлшегін 6-10 конустық қиықтарға бөліп нөмірлеп алып, оларды белгіленген сызықтар бойынша кесеміз.(Сурет 32)

Алынған конустық қиықтарды таза қағаз үстіне жоғары жағындағы түйісу нүктелерін өзгертпей , қиық жолақтарды төменгі жағын жылжытамыз.Фалда ені жолақтың ~ 60% құрайды.

«Цыганочка» белдемшесін моделдеуді осымен аяқтаймыз


Сурет 31 «Цыганочка» белдемшесінің лекалосын салу
В және с бөліктерінде фалда жасау

Ортаңғы сызық пен бүйір сызыққа фалданың жарты енінен қосамыз. Суретте жолақ ені g әрпәмен белгіленген, соған сәйкес фалда ені 0,6g, ал фалданың жарты ені 0,3g. Бұл бөлікке жасалынатын өзгерістерді осымен аяқтап, В бөлігі мен С бөлігін кесуге болады. (Сурет 33)

С бөлінде фалда жасау

С бөлігінің кеңейтілген түрін тағы да конустық қиықтарға бөлеміз.Қиық саны 10-16 арасында болу керек. Аланған қиықтрмен В бөліміндегі жасаған жұмыстарды қайталаймыз.

Егер мата енді болса А, В және С бөліктерін 2 бөлшектен алуға ,егер мата енді болмаса лекалды бірнеше конустық бліктерге бөліп алуға болады.

Сіз, егер бұл моделдің жоғарғы бөлігін жұқа жібектен ,ал төменгі екі бөлігін шифоннан тіксеңіз өте қонымды және ерекше әдемі болар еді.



Сурет 32 «Цыганочка» белдемшесінің В,С бөліктерін конустық қиықтырға бөлу




Сурет 33 В, С, бөліктерінде фалда жасау


    1. Иініштегі квадрат белдемше




Сурет 34 Иініштегі квадрат белдемше


Беледмшенің етегі бір-біріне 45 градуспен айналып орналасқан екі қабаттан тұрады.Осының арқасында етегінде төрт емес сегіз ұшы болады. Сонымен бірге белдемше жұқа мөлдір матадан дайындауға болады.

Сызба жағынан бұл модел екі бөліктен; иініш және етектен тұрады. Иініш төтбұрыш ролін атқарады. Ол бел сызығында резинаға жиналуы немесе 15-20см аралығындағы тік белдемшенің жоғары бөлігін атқарады.( иініш төртбұрыш түрінде не бүкпелерді жабу арқылы сәл кеңейтілген түрінде беріледі.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет