Кереге — киіз үйдің қабырғасы. Оның бір қанатында 14 ерісі, 9 сағанақ, 9 балашық болады. Алты қанат үйдің сағанақтары мен балашықтарының саны 108. Бұл сан Шығыс елдерінде ежелден аспан саны болып есептеледі. Ал, үй сырытынан айналдыра
тартатын белдеу, аспан белдеуі – көккөген (зодиакшеңбері) . Сонда белдеу бойында 12 шоқжұлдыз, 12 мүшелдікжануарлар, 12 сағаткүн, 12 сағаттүн бәрі де өз орын-орнымен сәйкестендірілген. Сол сияқты тәулік саны, тәуліктегі сағат сандары киіз үй құрылымда сәйкестендіріп, есептеулер жүргізген. Бір сөзбен айтқанда, киіз үй обсерватория қызметін атқарады. Өлшемдер жүргізуге өте қолайлы, мысалы, тіліміздегі сөз тіркестері: «сиыр сәске» , «тал түс» , «құланиек , «ұлу іңір» уақыттың мөлшерлі бейнесі, мүшелдік жануарлардың уақыт есебіне қолданылғандығын көрсетеді. Тәулік қосарланған 12 сағатқа бөлінеді де, мүшелдік жануарлар арқылы таңбаланады.