Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй



бет1/19
Дата17.05.2020
өлшемі0,82 Mb.
#69118
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Киіз үй


Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады.  Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үй атаулары Абылайша. Керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй. Ақ шаңқан үй. Сүттей ақ, аппақ киіз үй. Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй. Жаппа. Керегесіз, киізбен жабылған баспана. Жолым үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй. Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй. Төңқайма. Бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй. Ұраңқай. Уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй. Киіз үй жабдықтары Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан. Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан. Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. Жел арқан. Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан. Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау. Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. Уыққап. Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз. Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз. Отағасы міндетті түрде шаңырақты көтереді, отанасы мен абысын-ажындар, сіңілілер уықтарды қадайды, ал кішкентай балалар уықтың көзіне бау өткізеді. Әже-апалар мосы құрып, ошақ қойып, қазан асып, киіз үй жиһаздарын орналастырады. Киіз үй – отбасының берекесі. Киіз үй жиһаздары 1. Абажа. Ас, та,ғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі. 2. Абдыра. Киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық. 3. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы. 4. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ішуге арналған жиһаз. 5. Асадал. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы. 6. Бөгіре. Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін). 7. Жағылан. Былғарыдан істелген сандық. 8. Жозы. Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел. 9. Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. 10. Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық. 11. Сандық. Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.

Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/43493/


Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет