Кілт сөздер: түркітанушы, фольклор, ауыз әдебиеті, шамандық, жаназа, беташар, төтем, салт-дәстүр



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі66,25 Kb.
#82966
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әуелбек 3

Қорытынды. Сонымен фольклорист-ғалымдардың ауыз әдебиеті жөніндегі еңбектеріне шолу жасай келе, оның фольклор тарихын танып білуге жол ашатынын, халықтық мұраның жас ұрпаққа үйретері мен үлгі етері мол асыл қазына екендігін айқын көреміз. Ауыз әдебиетінің адам өміріндегі орны жөнінде айтқан маңызды ой пікірлері оқушыларға туған елін, өскен жерін сүйетін, тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеп сақтай алатын азамат болып өсуіне негіз болатыны сөзсіз. Халықтың шығармалардың терең ойымен көркем тілі баланы айнала қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасай алуына, өмірге өзін бейімдей білуіне, мінез-құлқын, өзіндік танымын орнықтыруға әсерін тигізетін ұлттық құндылық екенін фольклорист-ғалымдардың еңбектері айқындай түседі.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұнын түбегейлі жаңарту жұмысы басталды. Соның алғашқысы – жалпы білім жүйесінің іргетасы, негізгі болып есептелетін мектептердегі жаңартылған білім мазмұнына сай бағдарламалар жасау. Мысалы: М. Балтабаев «Елім-ай» музыка бағдарламасы, жас ғалым педагог Мұхамедрақым Қыдырбайұлы орта мектепке ұлттық тәрбиеге арнап жазған «Атамекен» бағдарламасы кеңінен қолданылуда.
Қорыта айтқанда, әдебиетті оқыту әдістемесін оқытудағы басты ұстанымдарды, қағидаларды, айқындауда Ә. Қоңыратбаевтың әдістемелік мұраларының алатын орны зор. Бүкіл саналы ғұмырын өз халқының болашағы үшін ғылым жолына арнаған ғұлама ғалымның әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша сіңірген еңбектерінің әрқайсысын бір мақалаға сиғызып жазу мүмкін емес, әрқайсысы туралы жүздеген тақырыпта ғылыми мақалалар жазуға болатын қомақты да мазмұнды дүниелер.
Ғалымның қалам тартқан әдіснамалық еңбектері осы пәнді оқытудың басты талаптары мен мазмұнының, сондай-ақ мектепте оқылатын әдебиет пәнінің тиімділігі мен маңыздылығын арттыру жолдарын, жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы әдістер мен технологияларды тиімді пайдалану бағыттарын толықтыра түседі. Бүгінгі әдебиет ғылымы мен тарихи әдебиет арасында тығыз байланыстың болуы бір жағынан алғанда мықты да белсенді қоғам болашағын өмірге дайындаудың бір нышаны болып танылса, екінші жағынан алғанда өткен ғасырдағы әдіскер-ғалымдардың еңбектерінің бүгінгі күні өзектілігін жоймағандығының белгісі. Ә. Қоңыратбаевтың әдістемелік мұрасы терең де жан-жақты зерттеуді қажет ететін, әлі толық ашылып болмаған ғылыми еңбектер екені даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет