Кілт сөздер: түркітанушы, фольклор, ауыз әдебиеті, шамандық, жаназа, беташар, төтем, салт-дәстүр



бет6/9
Дата07.02.2022
өлшемі66,25 Kb.
#82966
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әуелбек 3

Нәтижелер. Ә. Қоңыратбаевтың осы саладағы еңбектері сол кездердегі әдістеме ғылымындағы, оның ішінде әдебиетті оқыту әдістемесіндегі дәл осы мәселені шешудегі маңызы зор еңбектердің бірден бірі болды.
Әдебиеттанушы Ә. Қоңыратбаев мектепте әдеби білім негізі орта буын сыныптарында қаланып, оқушылар алғаш көркем шығарма әлемін тани бастайтын болғандықтан, әдебиет пәні көркем мәтіндерді негізгі құрал ретінде пайдаланатынына мән береді.
Ә. Қоңыратбаев әдебиет теориялық білімнің де бастапқы негізі екенін ескерте отырып, оқушы бойында әдеби негіздердің осы орта буында қаланатынын айтады. Кез келген көркем шығарманы мақамына келтіріп оқу дағдылары да дәл осы кезеңде жүзеге асырылуға тиіс екенін баса айтады. Сонымен қатар, шығарма композициясын таныту мақсатында жасалатын жоспар түрлері, оқушының жазба тілі мен сөйлеу тілін дамытудағы қолданатын әдіс-тәсілдердің маңызы зор екендігіне кеңінен тоқталды.
Ғалым-зерттеуші Ə. Қоңыратбаев әдістемелік еңбегінде әңгіме əдісі бойынша «оқушылар көркем сөздің мазмұны (айту, оқу, жазу), тақырыбы, идеясы, образдары, тілі, композициясы жөнінде де өз түсініктерін айта білерліктей бағытта жұмыс істеуі тиіс» деген болса [4., 13], баяндау əдісі жөнінде «бұл əдіс ІV-VІІ кластарда мұғалім сөзі (кіріспе сабақ), VІІІ–Х кластарда лекция түрінде қолданылады. Кіріспе сөз бен лекция (өмірбаян, творчестволық жолы т.б.) сабақтың негізгі буыны емес, соған кірер есік қана. Алайда шығарманы оқып-талдауда лекцияның көмегі бар» - деп, әдістерге нақты тоқталады [4., 12].
Әдебиетті оқытуда көрнекілік әдісінің де маңызды орын алатынын Ә.Қоңыратбаев былайша атап көрсетті: «көрнекілік əдісі материалды жүйелеп өтуге, білімді дағдыға айналдыруға көмектеседі. Оның негізінде бүтін-бөлшек-бүтін ғана емес, мұғалім-текст-бала дейтін біртұтас үш тезис тұрады. Көрнекілік əдісінің негізі – көркем текст. Көрнекілік əдісінің түпкі мақсаты – қысқа да оңай жолмен, тиянақты білім беру» [4., 18].
Жалпы алғанда көркем кейіпкерлер бейнесін талдау, шығарманың тілдік және жанрлық ерекшеліктерін ажырату, оның көтерген басты мәселесі мен идеясын таныту секілді жұмыстар бірте бірте күрделене түсетіні, ал әдебиетке бейімдейтін арнайы сыныптарда оқушыларға тақырыптық бағдарламаға сай әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымынан түсініктер берілетіні белгілі.
Ə. Қоңыратбаев әдебиеттiң тектерi мен жанрлары, авторлық стиль, туындының композициясы, тiлдік ерекшелігі, әдеби ағым туралы ұғымдар да біртіндеп тереңдетіле оқытылатынын атап көрсетті. Осы орайда оқытудың түсіндірмелі оқу əдісі, баяндау, əңгіме, эксперимент, көрнекілік əдістерінің оқытудағы орнын анықтай отырып, мұғалімнің осы әдістерді орынды пайдалануы сабақ сапасына оң әсерін тигізетінін айтады [4., 18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет