Кіріктірілген сабақ: 2 сынып
Математика және дүниетану пәні
Тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту тәсілдері, теңдеуді шығару. Пысықтау сабағы
Ел, Астана, Отан
Сабақтың мақсаты: Біліміділік: Құрама есептер , бір және екі амалмен шығарылатын есеп шығару, амалдарды орындау, салыстыру арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтау;
Оқушыларға сандарды « баған» түрінде жаза отырып, жазбаша қосу мен азайтудың тәсілдерін меңгерту, қайталату.
Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орынлаудың үлгісін көрсетіп
беру, амалдар алгоритмдерінің сәйкес кезеңдері және орындалатын іс-
әрекеттерге алгоритмге машықтандыру. Кестелік қосу және азайту
дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларлды білімділікке, сауаттылыққа, тапқырлыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту. Математикалық тілін, логикалық ойлауын, ауызша қосу және азайту дағдысын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тапқырлық қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру. Ұқыптылыққа, ерлікке, сұлулыққа адамгершілікке тәрбиелеу. Жылдам есептеуге, тапқырлыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, достық қарым-қатынасқа, тазалықты сақтауға, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, қайталау, салыстыру, практикалық, талдау.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ, бекіту.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, карточкалар
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану
Қолданылатын технологиялар:Ойын, ақпараттық-компьютерлік, ұжымдық..
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір-бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
. Бір, екі, үш,
Отырамыз тып – тыныш .
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
- Балалар, бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?
- Балалар, математика сабағында біз не істейміз, неге үйренеміз?
Сабақтағы ережелерін еске салу.
- Менің қолымда шақыру билеті.. Біз сендермен сапарға шығамыз:. Сендер дайынсындар ма? Онда жолға!
Слайд 1
- Біздің еліміздің аты?
- Еліміздің президенті?
2.Ауызша есеп:
І.Қызығушылығын ояту
Қайталау – білім анасы»
. ойыны:
10) Қосудың кандай қасиеттері бар? (ауыстырымдылық, терімділік)
20) 30 бен 50-дің арасындағы толық ондықты айт? (40)
30) 1 сағатта неше минут бар? (60)
40) Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
50) Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? (қарама-қарсы қабырғалары тең)
60) 1 метрде неше сантиметр бар? (100см)
ойын "үлгерейік - ұйықтамайық"!
- біздің қаламыз аты?
- Қазақстан Республикасының бас қаласы: онтүстікте? Солтүстік жақта?
- Қазақстанның ең үлкен өзені . (Ертіс)
- қандай қалалар артық: Мәскеу, Астана, Алматы, Өскемен?
- өзеннің екі жағасын біріктіретің? (Көпір)
- жүргіншілердің жүретін жолы? (жаяу жол)
- көкжиектің жақтарын анықтауға көмектеседі? ( Құбылнама)
- керемет!
тапқырлыққа берілген есептер:
- Жеті ағада бір-бір қарындасы бар. Сонда әр балада неше қарындастан бар? Слайд
Бір аяқта тұрған қаздың салмағы 4 кг, екі аяқта ше? Слайд
Не жеңіл: 1 кг мақта әлде 1 кг қола?
ауызша есептерді шешу:
35 - 15 = 60 - 40=
85 - 65 = 90 - 70 =
13 + 7 = 38 - 18 =
- бұл өрнектерден нені байқадық?
- ал 20 санды "ел, отан, Қазақстан" деген тақырыбына қалай кіріктіруге болады?
Бекіту жаттығулары:
- Ал біз сапарымызды әрі қарай жалғастырайық. Ал жиһангездер өздерінің көргендері туралы күнделіктерін жүргізеді.. Міне біз қазір дәптерлерімізді ашамыз және бүгінгі күнді жазамыз..(слайд)
- ойын: екі таңбалы сандаы ойла және оны оқып беруге дайындал:
- ойлап тапқан сандардың ішінен тек қана ондықтарды атап өтіңдер.
- дәптерлерде осы цифрды бір жол жазу.
Көркем жазу минутасы.
Еске түсірейік: соңғы сабақтарда біз қандай есептер шығардық?
(жазбаша қосу және азайтуға байланысты есептерді, теңдеулерді, сөз есептерді шығардық)
Оқулықпен жұмыс
/тақтада түсіндіріледі/
27 63 44 72
+36 -27 +28 -44
63 36 72 28
Өз бетімен жұмыс
1 тобы 2 тобы
+29 42 +34 +61
13 - 13 27 34
Төлеген – х = Төле
Х + 35 = 60 - 12
Х - 15 = 80 – 69
- Математикалық диктант
(слайд) тексереміз
- өздеріңізді бағалайсыңдар. жолға аттанамыз..
- сіздерге мен бір тосымсый дайындадым:
Достарыңызбен бөлісу: |